
2022 жылы Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыруды аяқтауды ескере отырып, ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №945 (даму Тұжырымдамасы) қаулысымен, ҚазОжРҒЗИ-ға 2023 жылғы сәуірге дейін 2023-2025 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес, оған сәйкес ел халқына онкологиялық көмекті жетілдірудің одан әрі перспективалары қалыптастырылатын болады.
Анықтама: Еліміздің ересек тұрғындарына онкологиялық көмекті келесі республикалық ұйымдар жүзеге асырады:
• «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазОжРҒЗИ),
• «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» АҚ (ҰҒОО),
• 16 онкологиялық диспансерлер/орталықтар,
• 5 көпбейінді стационарлар жанындағы онкологиялық бөлімшелер (Ақтөбе қаласы, М. Оспанов атындағы БМҚМУ жанындағы онкология бөлімшесі, Жезқазған қаласының орталық ауруханасы жанындағы онкологиялық бөлімше, Ақмола облысы – МОБ құрамындағы бөлімше, Түркістан облысы – Түркістан облыстық көпбейінді ауруханасы құрамындағы онкология бөлімшесі, СҚО – көпбейінді ауруханасы жанындағы онкологиялық бөлімше).
Қазіргі уақытта радиациялық онкологияның жоғары технологиялық орталықтары Алматы, Астана (+»Үміт» Томотерапия орталығы), Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Өскемен, Шымкент және ҚазОжРҒЗИ (+Томотерапия орталығы) қалаларында жұмыс істейді. Көмектің бұл деңгейі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде де белсенді дамып, жетілдірілуде.
ПЭТ (Онкологиялық ауруларды диагностикалаудың тиімді және заманауи әдісі) орталық жұмыс істейді:
– 2018 жылдан бастап РДО (2) (Астана),
– 2019 жылдан бастап ПІБ (Астана),
– 2020 жылдан бастап ҚазОжРҒЗИ (Orhun Medical ПЭТ/КТ) (Алматы),
– 2021 жылдан бастап Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы (2),
– Алматы қаласындағы 2 жеке медициналық орталықтарда (Сұңқар және МИГ ядролық медицина орталығы) ПЭТ-центрлері;
– 2022 жылдың қазан айынан бастап Шымкент қаласында ПЭТ-орталық іске қосылды.
2023 жылы келесі ПЭТ-орталықтарын іске қосу жоспарлануда:
– ПІБ (Астана)
– ҰҒО (Астана)
– Ақтөбе қаласында.
Дереккөз: Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-дың баспасөз-қызметі.