Жаңа сабақтар

ҚазМУ қалашығына 50 жыл

Көптеген адамдардың өмір жолының бағдарындай болып, сағынышына айналған Кеңес және заманауи сәулет өнерінің бай өрнектерімен үндескен ҚазМУ қалашығы еліміздегі жоғары оқу орындарына арналған кешенді құрылыстардың озық әрі бірегей үлгілерінің бірі.

Құрылыстың басында қазақтың біртуар ұлдары Д.А.Қонаев, А.Закарин, Ө.А. Жолдасбековтер тұрғаны мәлім. Сонымен қатар осы құрылыстың ауыртпалығын көтеріп еңбек еткен кәсіби құрылысшылар үшін де ҚазМУ қалашығының мәні зор.

ҚазМУ қалашығындағы алғашқы құрылыс нысаны биология факультеті ғимаратының негізіне бетон қоспасы 19 сәуір 1972 жылы құйылған.

Осыған байланысты ҚазМУ қалашығы құрылысының 50 жылдық тарихын қалыптастырып, бұрын жарияланбаған деректер мен фотосуреттер, естеліктермен толықтырылған жаңа деректі жинақ оқырман назарына ұсынылып отыр.

Ұлт дамуы мен білімді ел болашағын ойлаған азаматтардың еңбектері еленбей қалуы университет тарихына жасалған үлкен қиянат болар еді. Қазір әлемдік білім кеңістігінде өз орнын айшықтап ойып алған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін ҚазҰУ қалашығынан бөле жарып айту мүмкін емес.

«КАЗГУГРАД» Алматы қаласында ресми географиялық терминге айналды.

Әлемде Қаз НУ-мәртебесі білім мен ғылым сапасы арқылы әйгіленсе, оның негізі ҚазМУ қалашығы екені күмәнсіз. Ендеше, бастауында Д.А.Қонаев, А.Закарин, Ө.А.Жолдасбеков сынды ұлт тұлғалары тұрған ҚазМУ қалашығының 50 жылдық тарихын жаңғыртып, студенттер мен болашақ ұрпақтың санасына сіңіру, олардың бойына отаншылдық сезімін орнатып, өткен тарихымызға құрметпен қарауға септігін тигізетін сауапты шара екенінде дау жоқ. Тарих тағылымы соған меңзейді.

Осыған орай ҚазМУ қалашығы құрылысы ардагерлерінің қатысуымен Қаз ҰУ-нің кітапханасында 18 мамыр сағат 10-да өтетін салтанатты жиын мен «ҚазМУ қалашығына 50 жыл» естелік кітабының тұсаукесері өтетінін хабарлаймыз.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, ҚазҰУ-нің басшылығы мен студенттері қатысады.

Байланыс үшін: Қонысбаев Әбиірбек Мамытұлы
Тел: +7 778 919 0957

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.