Жаңа сабақтар

«Шығыс Қазақстандағы ауаның ластануы»

Abstract: In this article you will be able to get information about the environmental problem, which has become relevant today not only in Kazakhstan, but also around the world. In particular, in the East Kazakhstan region, within the framework of this topic, you will be widely familiar with the state of air pollution.

Keywords: Air. Ecology. Kazakhstan. Dirty. Question. Product.

***

Аңдатпа: Сіздер бұл мақалада бүгінгі күні Қазақстанда ғана емес күллі дүние жүзіндегі актуальды мәселеге айналған экологиялық проблема жайында ақпарат ала аласыздар. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы аталмыш тақырып аясындағы ауаның ластануы жайынан кеңінен таныс боласыздар.

Түйін сөздер: Ауа. Экология. Қазақстан. Лас. Мәселе. Өнім.

***

Аннотация: В данной статье вы сможете получить информацию об экологической проблеме, которая на сегодняшний день стала актуальной не только в Казахстане, но и во всем мире. В частности, в Восточно-Казахстанской области в рамках данной темы вы будете широко знакомы с состоянием загрязнения воздуха.

Ключевые слова: Воздух. Экология. Казахстан. Грязный. Вопрос. Продукт.

Қазақстан — өткені мен бүгіні теңдесіп, ел болғалы биыл міне, 30 жыл болып қалыпты. Қазақстандай — ғажапстанымыз шырайлы мекендер мен теңдесіз сұлу табиғатқа өте бай. Отанымызда біз баймыз деп айтарлықтай барлық ғажайып табылады. Сол ғажайыптар әр өңірлерде орналасқан. Әңгіменің тиегін Шығыс Қазақстан облысы жайлы бастамақпын. Ондағы жарқын жағдаяттан бөлек, бүгінгі күнгі өзекті мәселесіне айналған ауасының ластануы жайында мағлұмат жазуды жөн көріп отырмын. Шығыс Қазақстан, өңірлер арасындағы орны бөлек аймақтардың бірі. Қонақжай халқы мен пысық тұрғындары жайлы әңгіме қозғау бір төбе.

Ал, экологиялық мәселесі бүгінгі таңда аймақ тұрғындарын қатты алаңдатуда. Облыс жалпы Қазақстандағы шикізат өндіретін зауыттар мен инфроқұрылым жағынан алдыңғы шепте болғандықтан бір жағынан пайдасын, екінші жағынан зиянын да тигізіп отыр. Өңірде ауа ластану деңгейі бүгінгі таңда қолайсыз метеорологиялық жағдай туғызып, рұқсат етілген концентрация тұрақтылық межесінен 3-4 есеге асып отыр. Басты себеп: зауыттар мен фабрикалардан шығатын түтін мен ескірген ауа тазартқыш фильтрлердің ескіруі. Бүгінгі таңда өңірде: кен орындары, түрлі кәсіпорындар, жылу энергетикасы өндірісі, машина жасау зауыты, түсті металлургия, құрылыс индустрисы сынды кешендер күнделікті, үздіксіз жұмыс атқаруда. Аталмыш жоғарыдағы жұмыс көздерінің ауаны ластау деңгейі 19 725 -22 364 аралық төрт жылдықты көрсетіп отыр. Облыста ауаның ластану деңгейін бақылайтын тұрақты 14 бекет бар. Бұл бекеттер арқылы атмосфералық ауаның ластану деңгейін әр жылмен салыстыра отырып, ластанудың қаншалықты жоғарғы немесе төмен деңгейде екендігін анықтайды. Шығыс Қазақстан облысында көлік құралдарының санының артуына байланысты атмосфералық ауаның ластануы өзекті мәселе болып отыр. Бүгінгі кездегі ластану ахуалын келесі мәліметтерден көре аласыздар.

2020-2021 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы автокөлік құралдарының саны

Көлік түрі 2020 жыл 2021 жыл
Автобустар 6440 6774
Мотоциклдер 9190 9009
Тіркемелер 16716 18662
Жүк 33328 34010
Жеңіл 267639 305430

Бұл статистикалық мәліметті диаграмма арқылы суреттеп көрсек.

Облыстағы ең лас қалалар (Ауаға таралатын зиянды қалдықтардың 75 пайызы осы қалалардың үлесінде)
Өскемен
Риддер
Семей
Зырян

Облыста 600 – ден аса ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Нәтижесінде атмосфераға күніне қаншама лас түтін шығарылып, ауаның ластануына әкеліп соғуда. Қолайсыз жағдай тудырудың негізгі көздері: өндірістік және жылу электр кәсіпорындары, қазандықтармен автокөліктер. Ауаның ең көп ластануы Өскемен қаласына тиесілі.

Ал, мына суреттерден фильтрсіз ауаның аспанда қалай қалқып, түтейтінін аңғаруға болады.

Экология

Ауа
Табиғат
қоршаған орта
адам

Иә, сайып келгенде адам да, қоғамда ауамен етене байланысты. Шығыс Қазақстанда атмосфереалық ауаны «Қазгидромет» бақылау бекеті қадағалайды. Өңірдің әр аймағында саны жағынан әр түрлі орналасқан. Атап кетер болсам:

Өскеменде: 7

Риддер:3

Семей:4

Зырянов:1

Глубокое:2, бекеттер тұрақты түрде бақылауда. Аталмыш бекеттер ШҚО-ның жалпы атмосфералық ауа құрамын бақылау үшін құрылған. Қазіргі кезде экологтар осы мәселелер бойынша жұмыс атқарады. Олар толықтай Қазгидромет жүргізген статистикамен жұмыс жасайды. Егер аймақта ауаның ластануы жоғарғы нәтиже көрсетсе, онда мамандар мәселені экология департаментіне жолдайды. Келіп түскен ақпарттан кейін аталмыш департамент тез арада зерттеу жүргізуге кіріседі, шешімін анықтап, ауаны дұрыс қалыпқа келтірудің жолдарын қарастырады. Яғни аймаққа тексеріс жасап, акт толтырады. Тиісті шара қолданады.

Қоғам-шынайылықтан безгендей. ШҚО тұрғындары ауаның кесірінен денсаулықтарының құрдымға кетіп бара жатқанын айтып, жиі шағымданады. Зауыттар мен фабрикалардың шығарған зиян қалдықтарын дәлелмен көрсетіп беріп жатса да, мекеме басшылары еш зиянсыз екенін айтып ақталумен құтылады. Тексеріс анықтаған жағдайда күні ертең қалыпқа келтіретінін айтып, немесе айыппұлмен шектеліп жатады. Ал, халықтың жанайқайы сол күйі мардымсыз жауаппен қала береді. Осылайша өңір күн өте ауасын тазартудың орнына, проблемалды аймаққа айналып бара жатыр. Бұған кінәлі не жауаптылар кімдер? Беймәлім. Белгілісі сол, мәселені қолға алмаса, ауасы ең лас аймақтың көшін бастағалы тұр. Сын түзелмей мін түзілмес, көп түкірсе, көл демекші,-ШҚО облысының осы бір маңызды мәселесіне көз жұма қарамайық. Ауасыз-күніміз жоқ. Экология бізге керек. Біз-таза өмірді қолдаймыз.

Авторлары: Жамбыл Әсем,Баян Арнат

Оқу орны: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі Биология мұғалімдерін даярлау мамандығының 3- курс студенттері

Жетекші: Сулейменова Назерке Маратқызы

Электрондық почта:zambylasem

Тел:8 7760183383 87718815066

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.