Жаңалықтар

Оқушыларға арналған мәдени-танымдық кездесу

Тарихи мұралар – сарқылмас рухани қазына, біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Осы мақсатта Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т. ғ.к. Арман Бисембаев Ақтөбе қаласындағы № 13 орта мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Тасқопа қорғанының қазба жұмыстарында табылған «Алтын адам» туралы сұрақтар қойылды.
Ғалым еліміздің тарихи мәдени мұралары туралы мағлұмат берді және археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи артефактілерді көрсетті. Оқушылар өздерінің туған жерінен табылған ежелгі заттар мен сақ және түркі кезеңдеріндегі жеке ескерткіштерге қызығушылық танытты.
Атап өтсек, археолог Арман Бисембаевтың жетекшілігімен жүргізілген қазба жұмыстары кезінде біздің дәуірге дейін V ғасырда өмір сүрген адамның сүйектері табылған. Қабірден табылған адамның киімі алтынмен жалатылған. Ол өз сөзінде сол заманда қазақ жерін мекендеген ата-бабаларымыз өркениеттің жоғары деңгейінде өмір сүргенін айтты.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.