Жаңа сабақтар

Қыс қызығы

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Аскербеков Ерик Талгатулы

Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Өткізілген күні: 28.12.2021 ж
Спорттық ойынға қатысушы тәрбиеленушілер: Байбулатов Д,Товпинец Р, Зятов Н, Сүйеркулова А, Деева А, Аубакир А.

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің дене шынықтыру сабағына деген ынта ықыласын, қызығушылығын қыс ойындары арқылы арттыру. Ойын барысында жаттығуларды күнделікті орындай алатындай деңгейде үйрету.

Методикалық әдіс: Көрсету, түсіндіру, үйрету.

Көрнекіліктер: Шана, хоккей таяқшасы, кішкене доптар.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бір қатарға сапқа тұрып, спорт алаңын айналып төрт-бес рет жүгіріп өтеді. Бойларын қыздыру үшін нұсқаушының көрсетуі бойынша дене мүшелерінің ширығып дамуына көмектесетін жаттығулар жиынтығын қайталап орындайды. Осы ретпен ойынды бастамас бұрын балаларды екі топқа бөліп, әр топ өз командасының капитанын сайлайды. Ойын барысы эстафеталық жарыс түрінде өтетіндіктен екі команда өз кезегінде «Ұлпа қар» және «Мұздақ» болып екі қатарға тұрды.

«Ұлпа қар» командасының ойыншылары: Байбулатов Д,Товпинец Р, Зятов Н.

«Мұздақ» командасының ойыншылары: Сүйеркулова А, Деева А, Аубакир А.

Эстафеталық ойын:

  1. «Кедергіні жеңу»

Әр команда мүшелеріне бір-бір шанадан беріледі. Осы шанаға өз командасының ойыншысын отырғызып кедергілердің арасымен жүгіріп өтіп мәреге жетіп кейін осы ретпен қайтып келесі ойыншыға шананы өткізеді. Қай команда ойынды бірінші аяқтасы сол команда жеңіске жетеді.

  1. «Хоккей ойыны»

Екі команда ойыншыларына бір-бірден хоккей таяқшасы беріледі, осы таяқшаның көмегімен кішкене допты кедергілердің арасымен домалатып мәреге жетіп, кейін осы ретпен кері қайтып келесі ойыншыға хоккей таяқшасымен допты өткізеді. Ойын қай команда бірінші болып аяқтағанша жалғасады.

  1. «Қазына іздеу»

Әр командаға бір шана және кішкене күрек беріледі, осы күректің көмегімен мәреде жатқан үйінді қардың астынан кішкене допты күрекпен қазып табу керек. Әр ойыншы бір бір доптан тауып, қай команда бірінші болып ойынды аяқтаса сол команда жеңімпаз болып есептеледі.

  1. «Мергендер сайысы»

Берілген уақыт аралығында команда мүшелері қарды колмен нығыздап кішкене ядро жасайды. Осы қардың көмегімен мәреде тұрған нысананы

дәлдеп ұпай жинау керек. Әр ойыншы тек үш реттен ғана ата алады. Қай команда ойыншылары нысанаға көбірек тигізсе сол команда жеңіске жеткен болып есептеледі.

  1. «Кім жылдам?»

Әр команда мүшелеріне бір-бір үрмелі баллоннан беріледі. Осы баллонға өз командасының ойыншысын отырғызып кедергілердің арасымен жүгіріп өтіп мәреге жетіп кейін осы ретпен қайтып келесі ойыншыға баллонды өткізеді. Қай команда ойынды бірінші аяқтасы сол команда жеңіске жетеді.

Ойын соңында жеңіске жеткен команданы анықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттау. Осы ойын арқылы балалардың қысқы ойын түріне деген қызығушылығын арттыру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.