Жаңа сабақтар

Денсаулық сақтау технологиясын дене шынықтыру с абағында қолдану

Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінің

дене шынықтыру мұғалімі

Тасимов Галым Гайниевич

Болашақтың бүгінгі де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркенуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Осыған орай Қазақстан мектептерінің ұлттық моделін жасауға ұлт болашағы – дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсаты алдымызда тұр.

Білім берудің жаңа мазмұнын енгізу мақсатында мектепте сын тұрғысынан ойлау мен жазу, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, дамыта оқыту; денсаулықты сақтау технологияларын қолданылуда. Соның ішінде дене шынықтыру пәнінің ажырамас бір бөлігі ретінде денсаулық сақтау технологиясын ерекше атауға болады.

Денсаулық сақтаудың үш құрамдас бөлігі: психологиялық, медициналық, педагогикалық қызметтер.

Дәрігер, психолог, педагог қызметтерінің өзара біріккен әрекеттері мұғалім мен оқушы арасындағы оқытудың ұтымды әдісін таңдап алуға баланың психологиялық және физиологиялық дамуына сәйкес әсерін тигізеді.

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың психологиялық жығдайының қалыптасуына, дамуына қолдау жасау психологиялық қызметтің міндеті болып табылады.

Дене шынықтыру сабағында оқу процесін ұтымды ұйымдастыру үшін дәргерлік-психологиялық зерттуе нәтижесін есепке ала отырып жүргізіледі.

Мектептегі дене тәрбиесі бүкіл оқу-тәрбие жұмысының бөлінбес бөлігі, өйткені ол оқушылардың өмірге дайындауда маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын сақтап нығайтады, жан-жақты үйлесімді дамытып жетілдіреді.

Балалардың денсаулығын сақтау мақсатына жету үшін сабақ және оның әдістемелері оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дәрігерлік-психологиялық зерттеу нәтижесіне қарай жоспарланады. Мұнда денсаулығы күшті, дене дайындығы орташа және іріктелген дәрігерлік топтарға саралап оқыту, үзбей үйрену ұстанымдарын қатаң сақтау қажет.

Сабақ барысында: фронталды – жалпыға бірдей, тасқынды, топтық, ауысымды, жекеше, ойын әдістері, сабақтың тығыздығы оқушы тұлғасының дене дайындық деңгейінің жалпы дамуына әсерін тигізеді.

Дәрігерлік-психологиялық диогностика – коррекция негізінде анықталған іріктелген дәрігерлік топқа жекелеме қарым-қатынас жасап жаттығулар ұсынылады.

Барлық сыныптан тыс спорттық – көпшілік жұмыстар оқу үрдісімен байланысты құрылып, мектепте әр түрлі бағытта үйірмелер жұмыс жасағанда ғана нәтижеге жетуге болады.

Үйірме жұмыстарын үздіксіз, жүйелі және денсаулықтарына зиян келтірмей, яғни сауықтыру технологиясын негіздеп алу барысында, мектеп оқушылардың нәтижелері жоғарлайтыны анық.

Оқу-тәрбие процесіне үзбей оқушылардың денсаулығын дәрі-дәрмексіз түзету денсаулық сақтау технологиясын бірден бір әдісі болып табылады. Бұл әдістемені мектеп қолға алып, жұмыс жүргізуде. Сауықтыруда көп оқушылардың қамту үшін жеңіл де әсерлі әдістерді қолдану жөн. Осы мәселені шешуге келесі әдістер қолданылады.

  1. Эфир майларының төменгі концентраттармен иммунитетке дем беру (аромотерапия)
  2. Витаминотерапия: қараша айынан бастап витаминдер мен сироптар берілуә қажет.

  3. Көз жаттығуларын жүргізу (көрмеушіліктің алдын алу)

  4. Көрсеткіштер бойынша саралап, ұтымды қозғалыс тапсырмаларын беру.

  5. Ата-аналарға үй жағдайында баланы сауықтыруға ұсыныс-нұсқаулық беру.

Мектептегі сауықтыру, ауруларды алдын алу шараларын ұйымдастырып, жүргізуде дене тәрбиесі пәні мұғалімнің атқаратын жұмысы артып отыр.

Денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндет – аурудың алдын алу, жаппай диспансерлік тексеруден өткізу, халықтың өмірін ұзарту, оқушылардың жалпы хал-жағдайын жақсарту. Осындай күрделі міндетті орындауға емдік бағыттағы гимнастиканың қосар үлесі зор. Ол тек аурудың алдын алып қана қоймай, оны емдеуге де ықпал жасайды.

Денсаулықты сақтау технолгияларын мына төменгі жаттығулар септігін сақтауға тигізеді.

  1. Белсенді қимыл;
  • Емдік – сауықтыру жаттығулар кешені. (жүру түрлері, қолдар қозғалысы, жауырынды қосу, аяқтар қимылы, демді ішке тарту – шығару және т.б.);

  • Жүйке жүйесіне жаттығулар;

  • Тыныс алу мүшелеріне арналған жаттығулар;

  • Бүйрекке арналған жаттығулар және бүйрек гигиенасы;

  • Көздерге арналған гигиеналық жаттығулар;

  • Тірек-қимыл жүйесіне арналған жаттығулар;

  • Жалпақтабандылықтан сақтау жаттығулар.

  • Денсаулықты сақтау технолгияларын дене шынықтыру сабағында қолдану, оқушылардың денсаулығының зор болып, дұрыс дамып жетілуіне әсерін тигізіп ұзақ уақыт ауырмай өмір сүруіне себеп болады.

    «Тәннің ләззәті – саулығында, жанның ләззәті – білімінде», демекші, денсаулықпен білімнен артық ешнарсе жоқ.

    Мектептегі барлық пән мұғалімдердің сонымен қоса дене тәрбиесі мұғалімнің орны ерекше, ендеше мұғалім білікті, білімді ізденгіш, бала жүрегін түсінетін, ой бөлісетін, ойын ашық еркін айтуға, рухани құндылықтарды меңгеруге тәрбиелейтін тұлға – қазіргі заманның талабы.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.