Жаңа сабақтар

КОНКУРС

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны дене шынықтыру маманы 1 бос уақытша орынға орналасуға КОНКУРС жариялайды:

Дене шынықтыру маманы – 1 орынуақытша

ЛАУАЗЫМҒАОРНАЛАСУҮШІНҚОЙЫЛАТЫНБІЛІКТІЛІКТАЛАПТАР:

  • жоғары немесе арнаулы орта;

ЛАУАЗЫМДЫҚМІНДЕТТЕРІ: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау функциясы қызметін атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, дене шынықтыру бойынша оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады.
Дене тәрбиесінен инновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерді жақсы біледі және ақпараттық коммуникацияны меңгерген.
Дене шынықтыру-салауатты ортаны дамытуға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірге, сондай-ақ, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен түрлі спорттық және сауықтыру іс-шараларын жүзеге асырады. Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды. Арнайы медициналық топқа жатқызылған балалармен қосымша сабақтар өткізеді.
Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «ҚР бала құқықтары», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, дефектология негіздерін және тиісті әдістемелерді (кемтар балалармен жұмыс істеу барысында), санитария және гигиена негіздерін, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогикасын, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін, санитариялық ережелерді.

КОНКУРСҚАҚАТЫСУШЫЛАРКОНКУРСТЫҚКОМИССИЯҒАМЫНАДАЙҚҰЖАТТАРҰСЫНУЫТИІС:

  • Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету.
  • Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Білім туралы құжат көшірмесі.
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі.
  • Фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ.
  • Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, мінездеме.
  • Медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбеліккүнішіндетапсыраалады.

КОНКУРСҚАҚАТЫСУҮШІНМЫНАМЕКЕН-ЖАЙҒАХАБАРЛАСУҒАБОЛАДЫ:
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БЕЙНЕУ СЕЛОСЫ, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Ж.Аймауытов көшесі — 39 Б Тел/факс: 8(72932) 2-63-88

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.