Жаңа сабақтар

МЕКТЕБІМ ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ

«Мектебім құтты мекенім» — ақпараттық, танымдық кітабы Ақтөбе қаласы
№ 65 ЖББОМ туралы баяндайды, танытады. Бұл кітапта білім мекемесі ұстаздарының тақырып бойынша жазылған шығармалары жинақталған.
Кітап ішіндегі фотоальбом білім мекемесінің өмірінен сыр шертеді.

Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден-бір білім беруші құрал ретінде қала береді.
«Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» — деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев өсиет еткеніндей, бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.