Жаңа сабақтар

«Жемістер» (Фрукты)

Тажаякова Жадыра Табыловна

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылы

«Әсем» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Білім саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Орыс тілі

Тақырыбы: «Жемістер» (Фрукты)

Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру,жемістердің дәмін,түсін,пішіндерін ажырата білуге үйрету. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат беру. Есте сақтау қабілеті мен зейінін дамыту.

Тәрбиелігі: тазалыққа ,денсаулығын да күте білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, көрсету,ойындар,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: жемістердің суреті, мульяждар, қалта және жемістер салынған себет, видео ролик.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Тәрбиеші балалармен амандасып,шаттық шеңберіне тұрғызады.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Шаттық шеңбері:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

«Күз-жомарт» дейміз біз.

Жемісін жейміз біз.

Балалар тәрбиешімен амандасып,шаттық шеңберін бірге қайталайды.
Іздло Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы,не жайлы айтылған?

-Кәне,балалар,айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс айтасыңдар күз мезгілі екен.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Кәне,бәріміз бірге айтайық.

-Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

-Қандай жемістердің түрлерін білесіңдер?

-Жемістер қайда өседі?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар,жарайсыңдар.

-Балалар,жемістерді көбірек жеп тұру керек.

Жемістердің құрамында көптеген дәрумендер болады,ол адамның денсаулығына өте пайдалы.

Тәрбиеші балаларға жемістердің суретін көрсетіп,оларды атап беруін сұрайды және орыс тілінде аудармасын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Енді,балалар,түстерін атайық:

Қызыл-красный

Сары-желтый

Жасыл-зеленый

Өте тамаша,балалар жарайсыңдар!

-Осы кезде есік қағылып,қонақ келеді.

-Тыңдаңдаршы,бізге біреу келіп тұр.

-Бізге қонаққа күз ханшайымы келіпті.

(қолында себетке салынған жемістері бар)

-Сәлеметсізбе! Здраствуйте!

-Төрлетіңіз.

Күз ханшайымы балаларға арнап жемістер әкелгенін айтады.

Балалар жемістер туралы тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар,балалар жемістер туралы тамаша тақпақтар айттыңдар,кәне енді ойын ойнап көрейік.

Ойын: «Дәмін татып,не екенін тауып көр»

  • Күз мезгілі

-үш ай,қыркүйек,қазан,қараша

-алма,алмұрт,шие,т.б

-ағашта

Балалар мұқият тыңдайды.

-тәрбиешімен бірге қайталайды.

-алма-яблока

-алмұрт-груша

-жүзім-виноград

-шие-вишня

-лимон

Балалар Күз ханшайымы мен амандасады.

Бекзат: Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Санжар: Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Балалар бәрі қосылып алма туралы тақпақ айтады.

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін жақсысын

Досымызға сыйлайық

Балалар бірге қайталайды.

Шарты: тәрбиеші,жемістерді жуып бөліктерге бөліп,балаларға көздерін жұмуды ұсынып,кезекпен жемістердің бөліктерін ауыздарына салады.

-Сенің аузыңдағы не? Алма ма, әлде алмұрт па? Тауып көр.

Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек. Кір қолмен ұстауға болмайды.

Қимылды ойын: «Жемістер мен көкөністер»

Шарты: жемістер мен көкөністерді ажыратып себетке салу.

Сергіту сәті:

Мы сначала будем хлопать,

А потом мы будем топать.

А сейчас мы повернемся

И друг другу улыбнемся.

Дидактикалық ойын: «Жемістердің сыңарын тауып құрастыру »

Күз ханшайымы: Балалар,мен сендерге мына себеттегі жемістерді арнайы бау-бақшадан жинап әкелдім.

Ал,балалар,мен енді қайтайын. Тамаша жемістер туралы тақпақ айттыңдар,қызықты ойын ойнадыңдар. Сендерге көп-көп рахмет.

Сау болыңдар,балалар!

Балалар,Күз ханшайымы мен қоштасады.

Балалар дәмін татып,ажыратып айтады.

Балалар екі себетке жемістер мен көкөністерді ажыратып жинайды.

Балалар қимылын келтіре орындайды.

Балалар қызыға құрастырады.

Сау болыңыз.

Рефлексивтік

коррекциялаушы

Тәрбиеші балаларға бейне ролик көрсету арқылы бүгінгі оқу қызметін аяқтайды. Балалар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп,бейне роликті тамашалайды.

Күтілетін нәтижелері:

Біледі: жемістердің өзіне тән сипаттарын және орыс тіліне аудармалауды;

Игереді : жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар екенін;

Меңгереді: жемістердің түстерін ажыратуды;.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.