Жаңа сабақтар

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті Ұстаздар! «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» тақырыбында өткізілетін ұстаздарға арналған Республикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Ұйымдастырушы: «BILIMNUR» баспа редакциясы
Өтетін күні: 11.12.2021 жыл. Алматы қаласы
Өткізілу форматы: Тікелей қатысу және Онлайн қатысу

Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/PAyBcLdALRUD7WjY6

Ақпараттық қолдау: «Матрица» қоғамдық, ақпараттық порталы, Республикалық 45minut.kz газеті, Республикалық «Білім жолы Нұрлы жол» журналы редакциясы

Мақсаты: Білім беру үрдісінде жаңартылған мазмұнды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу үшін ашық алаң құру.

Міндетi: Мұғалімдерге жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру.

Қатысушылар: Білім беру мекемелері, орта білім беру мекемелері, бастауыш, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері, мектепке дейінгі және балабақша тәрбиешілері мен тәлімгерлері қатысуына болады.

Қорытынды:

* Қатысушы сертификаты, Алғыс хат;

* Ең үздік баяндама — Арнайы диплом;

* Ең үздік мақала — Арнайы диплом;

* Белсенді және Үздік қатысушылар — «Төсбелгі» 

* Конференция топтама жинағы

Форум тақырыбы аясында баяндама, презентация, ашық сабақ, мастер класс өткізуге ұсыныс білдірген ұстаздар бағдарламаға енгізіледі.

Конференция аясында Пәндер бойынша —  36 (Отыз алты), 80 (Сексен) сағаттық біліктілікті арттыру курстары, тәлімгерлік сыныптар, баяндамалар, тренингтер ұйымдастырылады.

Конференциясы топтамасы баспадан шығады, Республика көлемінде таратылады.

Конференция топтамасын әзірлеу төлемі: 5000 (Бес мың) теңге

Тіркелу формасын толтырған қатысушылар үшін материал қабылдау және қатысу жарнасы туралы ақпараттар Редакция тілшілері тарапынан хабарланады.

Тіркелген қатысушылар топтарға жинақталады, әрбір топ жұмысына жауапты редакция тілшісі болады. Материалдар 01.12.2021 жыл дейін қабылданады.

Материалдар үшін баспа талаптары:

Материалдар мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса A4 форматында (книжная) 5 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын, т.б. тілдеріндегі материалдар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі-12, жоларалық қашықтық-1,0 сол жағы – 2,0 мм, қалған жақтары — 2,0 мм, жаңа жол бойынша шегініс-1,5 см) қолданылады.

Материал төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мекеме, қала және ел атауы, оқу (жұмыс) орны, бір жол төмен – автордың (және ғылыми жетекшісінің т.б) толық аты-жөні және тегі, бір жол төмен — бас әріптермен материал тақырыбы (қою әріппен) беріледі.

Жаңа жолдан материалдың негізгі мәтіні басылады. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі.  Жинақтама жұмысының мәтіні түзетілмейді және түп нұсқа болып саналады. Жинақтама жұмысының материалдары тікелей көшіру әдісімен теріледі, мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды және қаралмайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.