Жаңа сабақтар

Ұлы даладағы ежелгі мәдениет

Ахметкалиева Алмагул Набижанқызы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы № 16 жалпы орта білім

беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Бөлім Көшпенділер мәдениеті.Қазақтың халық күнтізбесі
Педагогтің аты-жөні Ахметкалиева Алмагүл Набижанқызы
Күні
Сынып: 9 Қатысушылар саны: 12
Сабақтың тақырыбы: Ұлы даладағы ежелгі мәдениет
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 9.1.3.1.Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну

9.1.5.1.Мәтіннің мақсатты аудиториясын,автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау

Сабақтың мақсаты: Тақырыпты түсінеді, айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын меңгереді;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушылармен амандасып, көңіл-күйін сұрайды Амандасады, көңіл-күйлерін айтады.
Сабақтың басы Тақырыппен таныстыру. Мақсатты айқындау.

Суреттерде не бейнеленген?

Бұл қай ғасырға тән суреттер?

Олардың бізге қатысы бар ма?

Жаңа сөздерді дәптерге жазып алыңдар.

Жаңа сөздер:

Байырғы (древний) — бұрынғы

Көшіп-қон (кочевать) – қоныс аудару

Көшпенді(кочевой) – көшіп-қонып тіршілік ету

Өжет (храбрый) — батыл

Жиһанкез (путешественник) — саяхатшы.

Күнтізбе (календарь) – уақыт мезгілін есептеу

көсем (вождь) — қолбасшы

Тақырыппен танысады.

Сұрақтарға жауап береді

Жаңа сөздерді жазып алады.

Сөзтіркес,сөйлем құрастырады

Ауызша бағалау презентация.
Сабақтың ортасы — Балалар, енді аудиомәтінді мұқият тыңдайық. Мәтін бойынша қажет деген мәліметті түртіп алыңдар. Мәтін бойынша тапсырмалар орындаймыз.

-Еуразия даласында кімдер қай жылдары мекендеген?

-Ол тайпаларды кімдер?

-Скифтер қандай болды?Сипатта

-Бүгінде олардың қандай мәдени ескерткіштері бар?

Мәтінмен жұмыс.6-тапсырма

— Балалар, мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс жасайық. Мәтінді қалай түсінгендеріңді байқайық.

1-тапсырма: Топтық жұмыс

Кластер жасау

2 топқа бөлінеміз.

1-топ: Еуропалықтардың ғүндардан үйренгендері

2-топ: Ұлы дала көшпенділерінің адамзатқа бергені

Критерийлер:

1) Ақпаратты дұрыс жазады

2) Қатесіз жазады

Жеке жұмыс

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына ортақ етістің жұрнағын жаз

Критерийлер:

а) ортақ етіс жұрнағын дұрыс жалғап,қатесіз жазады

Балалар, мәтіннің мазмұны бойынша тестті өтіп көрейік.

Тест жұмысы

1. Ұлы дала мәдениетін кімдер қалыптастырды?

А) көшпенділер

Б) еуропалықтар

С)крестұстаушылар

2. Олар бізге қалай жетті?

А) ғылыми жұмыстардан

Б) электронды кітаптардан

С) археологиялық деректер мен халық естелігінен

3. 5 ғ.кім тайпалардың басын біріктірді?

А) Еділ( Аттила)

Б) Юлий Цезарь

С) Томирис

4) Еуропалықтар ғұндардан нені үйренді?

А) тамақ пісіруды

Б) тоқыма тоқуды

С) соғыс өнері мен рыцарлықты

5) Көшпенділер нелерді алтыннан,күмістен әшекелеген?

А) сауыт-сайман мен тұрмыстық заттарды

Б) киімдерді

С) ыдыс-аяқты

Дұрыс жауаптарымен тексеру.

Мәтінді тыңдап, қажет мәліметті жазып алады.

Сұрақтарға ауызша жауап береді.

Өз жауаптарын айтады.

Топқа бөлініп, топтық жұмысты критерийлерге қарап орындайды.

Өз жауаптарын айтады.

5-тапсырмада сөйлемдегі сөздерге жұрнақ жалғап жазады. Өз жауаптарын оқиды.

тестті өтеді, әр дұрыс жауапқа 1 балл алады.

Критерий арқылы бағалау

Критерий арқылы бағалау

Дұрыс жауапқа 1 балл.

Аудиомәтін
Сабақтың соңы

Рефлексия

Балалар осымен сабақты қорытындылайық.

Бес сөйлем” әдісі арқылы тақырып туралы айт

1. Бүгін мен … білдім.

2. Маған … қызық болды.

3. Мен үшін … қиын болды.

4. Мен … екенін түсіндім.

5. Енді мен … жасай аламын.

Балалар, сонымен бүгінгі сабағымызда сендер тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсіндіңдер.

Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын меңгердіңдер.

Сау болыңдар!

Өз ойларын «Бес сөйлем» әдісі бойынша айтады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.