Жаңа сабақтар

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

16 ҰОҚ.

Тақырыбы:Менің достарым. Артық. Кем.

Мектеп: №103 жалпы орта білім беретін мектеп
Күні: Педагогтің аты-жөні: Мынбаева Гулжан Садиллаевна
Мектепалды « 0А » сыныбы Қатысушылардың саны: Қатыспағандардыңсаны:
Оқыту мақсаттары 0.2.1.3.Топтардағы заттарды алып тастап немесе қоса отырып, санын салыстыру /теңдік пен теңсіздікті анықтау, топтарды салыстыру жəне санау негізінде сандық мəнін жалпылау.
Күтілетіннəтижелер Барлық тəрбиеленушілер:

-сандарды салыстырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-заттарды арттыра отырып немесе кемітіп, топтардағы заттардың теңдігі мен теңсіздігін анықтайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-санау жəне топтарды салыстыру негізінде сандық мəнді жалпылайды.

Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады. Пəндік лексика жəне терминология: -артық, кем, сонша. Пікір алмасуға арналған сұрақтар:– Саны бойынша заттарды қалай салыстыру керек екенін түсіндір. – Заттарды салыстыру не үшін керек деп ойлайсың? – Салыстырудың қандай тəсілдерін білесің? Жазу: -түрлі түсті қарындаштармен бояу, біріктіру сызықтарын жүргізу.
Алдыңғы білім Заттардың сандық ұғымы туралы түсінік, геометриялық фигуралар

мен денелердің атауы

Жоспар
Жоспарланғануақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
Басталуы Ынталандыру. Педагог өткен ҰОҚ-де балаларға санау ұнағаны туралы, «Нешінші?» деген сұраққа топта жауап беріп, қайта санай алатындары туралы айтады. Өзектендіру. Педагог балалардан сұрайды: – Біздің топта қанша ұл бала оқиды? – Қанша қыз бала бар? – Қайсысы көп екенін қалай білуге болады?
Ортасы Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(К) Балаларға №6 электрондық жиынтық полотномен жұмыс ұсынылады немесе қималы үлестірмелі материалдарды (№49-50 кестелер) пайдалануға болады. Педагог кімнің–ұл балалардың немесе қыздардың көбірек

екенін білуді ұсынады. — Суретте кімнің көбірек (азырақ) екенін қалай білуге болады? Балалар өз нұсқаларын ұсынады. Педагог осы сабақта олар салыстыруды үйренетінін хабарлайды. (Ұ) Педагог суреттегі ұл балалардын саны мен қыз балалардың санын есептеуді ұсынады. Балаларсанап, əліппе-дəптердегі №1 тапсырмадағы тиісті орынға тиісті цифрлары бар жапсырмаларды жапсырады. Педагог балалардан сұрайды: – Суретте қайсысы көбірек бейнеленген? – Қыздар ма, əлде ұлдар ма?

Жаңалық ашу. (Ұ) Педагог балаларға суреттегі ұл балалар мен қыздарды санауды ұсынады. Балалар санайды жəне тиісті цифрлар бейнеленген жапсырманы əліпби-дəптердегі №1 тапсырмадағы тиісті жерге жапсырады. Педагог сұрақтар қояды: – Суретте кімдер көбірек бейнеленген? – Қыздар ма немесе ұл балалар ма?

(Ұ) Проблемалық жағдайды шешу үшін педагог балаларға ұлдар мен қыздарды санаған кезде шыққан сандарды қалай салыстыру керек екенін ойлануды ұсынады. Егер бұл сұрақ балаларда қиындық тудырса, мұғалім былай деп сұрайды: – Суретте қанша ұл бала бейнеленген? – Суретте қанша қыз бала бейнеленген? – Қандай қорытынды жасауға болады? Балалар бірдей сандық мəнге санау объектілерінің тең саны сəйкес келеді деген қорытындыға келеді. – «Артық», «кем» деген ұғымдар нені білдіреді? (Бірінші жағдайда санау объектілерінің бірінің саны көп санмен, екінші жағдайда – аз санмен анықталады). – «Сонша» деген ұғым нені білдіреді? Педагог топта оқитын ұл балалардың саны мен қыз балалардың санын салыстыруды ұсынады. Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)

Электрондық жиынтық полотно (№6).

Əліппе-дəптер.

III. Тақырып бойынша жұмыс Жаңаны қолдану.Тəрбиеленушілерге 2-тапсырмадағы цифрларды саусақтарымен жүргізіп, көрсетілген сандар қанша болса, шаршыға сонша нүкте салу ұсынылады. (Ж) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада балаларға текшелердің санын санап, текшелерден олардың санына сəйкес келетін цифр жазылған карточкаларға дейін сызық жүргізу ұсынылады. Балалар суретте саны бірдей текшелер тобы бар ма деген сұраққа жауап береді. Балаларға карточкадағы текшелерді бояп, оларды осы санға сəйкес келетін цифр жазылған карточкамен сызық арқылы біріктіру ұсынылады.
IV. ҰОҚның қорытындысы.

Рефлексия.

Рефлексия

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.

Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы

бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі

сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз

болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады.

Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе,

жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.