Жаңалықтар

Әл-Фарабиден Низамиге дейін

2 қарашада Шығыс әдебиетінен «Ләйлі-Мәжнүн», «Хұсрау-Шырын», «Сырлар қазынасы», «Хамса», «Жеті ару» сынды айшықты әсемдікпен өрнектерген туындыларымен орын алған, ортағасырлық шығыс руханиятының шоқтығы биік ойшылы, әзербайжан халқының классик ақыны Низами-Гәнжауидің 880 жылдығына арналған «Руханият сабақтастығы: әл-Фарабиден Низамиге дейін» тақырыбындағы халықаралық конференция өтті. Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті ұйымдастырды.

Айтулы ғылыми шараға ИЫҰ Жастар форумының Еуразиялық аймақтық орталығының басқарма төрағасы Әскеров Елчин, Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Атамогланов Ағалар, Әзірбайжан Республикасы Ғылым академиясының Қолжазбалар институтының директоры Теймур Капемли, АР Ғылым академиясының Қолжазбалар институтының хатшысы, филология ғылымдарының докторы Азизаға Наджафзаде, Әзірбайжан жазушылар одағының хатшысы, жазушы-драматург Ильгар Фахми, әл-Фараби орталығының ғылыми кеңесшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтаев Жақыпбек Алтайұлы, ҚР БжҒМ ғылым комитетінің Философия және саясаттану институты, философия бөлімінің меңгерушісі Сағиқызы Аяжан және конференция модераторлары – Философия және саясаттану факультетінің деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнур Дүрбелеңқызы және т.б университет оқытушылары мен ғалымдары қатысты.

Конференцияда әл-Фараби мен Низами шығармаларындағы рухани сабақтастық мәселелері жайлы баяндамалар жасалды. Әл-Фараби кітапханасы әл-Фараби және Низами шығармаларына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мәрия Майлықұтова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.