Жаңа сабақтар

Құттықтау

ЛИ ХАЛБИКЕ ЕСЕНГАЛИЕВНА
Атырау қалалық № 24 орта мектебінің директоры
Педагог-зерттеуші. Орыс тілі пәнінің мұғалімі

Құрметті, ХАЛБИКЕ ЕСЕНГАЛИЕВНА
Туған күн — ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы
өмірдің жаңа бастамасы. Туған күніңізбен құттықтаймыз!

Сіздегі көшбасшылық қасиет, қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесімділікпен жарасымдылық символы іспетті. Біздің қамқоршымыз және шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, біліміңізді оқушылар санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, оқушылардың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз.
Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалуда.
Біз соған шын жүректен қуанамыз.
Ұжымда сіздей басшымыз барда алдымызда кездескен қиындықтарды еңсеруге, өткеруге үнемі дайын тұрамыз. Мұның барлығы да сіздің ақыл-парасатыңыз бен білікті, білімді басшы екеніңіздің нышаны.
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінез, салиқалы ақылыңызбен тәрбиелеп келесіз, әрқайсымызға жетістікке жету үшін берген ақыл-кеңестеріңізге әріптестік ықыласымызды білдіргіміз келеді.
Тек қана туған күніңізде емес, әр күн сайын шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілейміз.
Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын!
Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын құрметті Ұстаз!

Игі тілекпен, ыстық көңілмен:
Атырау қалалық № 24 орта мектебінің ұжымы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.