Жаңа сабақтар

Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

5.4C Диаграмма

Күні:

Сынып: 5

Мектеп: Ақтау қаласы, «IT мектеп-лицей» КММ

Мұғалімнің аты жөні: Ажибаева Шолпан Аманжоловна

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.3.1.2

шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру;

5.3.1.3

циркульдің көмегімен шеңберді салу;

5.3.1.6

дөңгелек сектор ұғымын меңгеру;

Сабақтың мақсаты
  • шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (центр, радиус, диаметр) ұғымдарын меңгеру
  • циркульдің көмегімен шеңберді және оның элементтерін салу;
  • дөңгелек сектор ұғымын меңгеру;
Бағалау критерийлері циркульдің көмегімен шеңберді және оның элементтерін салады;

элементтерін ажыратады, белгілейді;

дөңгелек сектордың бұрыштарын есептейді;

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

Элементтерімен берілген шеңбердің және дөңгелектің сызбаларын ауызша сипаттайды

Бөлім бойынша лексика және терминология

шеңбер;

дөңгелек;

шеңбердің центрі;

жартышеңбер, жартыдөңгелек;

радиус;

диаметр;

шеңбер доғасы;

дөңгелек сектор;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

берілген нүктеден (центрден) бірдей қашықтықта орналасқан жазықтықтағы нүктелер жиыны

шеңбердің центрін оның кез келген нүктесімен қосатын кесінді

шеңбердің центрі арқылы өтетін және екі нүктесін қосатын кесінді;

дөңгелектің екі радиуспен шектелген бөлігі;

Құндылықтарға баулу Топтық жұмыс, жұптық жұмыстар орындау арқылы командалық жұмысқа, өзгені тыңдай білуге, өзгенің пікіріне баға беруге, өз ойын еркін жеткізе алуға, уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиеленеді.
Пәнаралық байланыс Қарапайым геометриялық фигуралар шеңбер мен дөңгелекті салу, дөңгелектің ішін бояу тапсырмаларын орындау арқылы бейнелеу пәнімен байланыс орнатылады
Алдыңғы білім Үшбұрыш, төртбұрыш фигураларын, олардың элементтерін біледі, нүкте мен кесінді салады, кесіндінің ұзындығын өлшейді, бұрышты өлшейді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру.

а)Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығына назар аудару.

ә)сынып оқушыларын топқа бөлу немесе жанұя тобында қалдыру

б)оқушылардың назарын жаңа сабаққа шоғырландыру.

Ой қозғау сұрағы. Интербелсенді тақтадан немесе қағаздан қиып тақтаға жапсырылған бірнеше фигуралар көрсетіледі.

а)тақтадан не көріп тұрсыздар? (геометриялық фигуралар)

ә)олардың атауы қандай? (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, дөңгелек)

б)олардың қандай элементтерін білесіздер? (қабырғасы, бұрышы)

в)басқаларынан ерекшеленген фигураны көрсетіңіздер (дөңгелек)

Осы жауапты негіздей отырып, бүгінгі сабақ тақырыбы айтылады, оқу мақсаты тақтаға ілінеді, оқушылармен бағалау критерийі қорытып шығарылады.

Сабақтың ортасы

3 минут

3 минут

10 минут

3 минут

7 минут

3 минут

5 минут

Мәлімет беру. Интербелсенді тақтадан шеңбер мен дөңгелек ұғымдарын түсіндіретін бейнефильм көрсетіледі. Оқушылар бейнефильм мазмұнын қарап шығады. Оқушылар бейнефильмнен түсінгендері бойынша практикалық жұмыс орындайды.

Пазл. Әр топқа шеңбер мен дөңгелектің анықтамасының сөздері жазылған қағаз қиындылары таратылады, оқушылар осы сөздерден шеңбердің анықтамасын дұрыс құрастырулары керек.

Шеңбер-барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден (О нүктесінен) бірдей қашықта жататын фигура

Бізді қоршаған ортадан шеңбер мен дөңгелекке және дөңгелек секторға мысал келтіруді тапсырамын.

Топтық жұмыс. Топтық жұмысты топ мүшелері кезекпен орындайды.

І. Циркульдің көмегімен ақ параққа шеңбер сызыңыз, шеңбер центрін О әрпімен белгілеңіз.

ІІ. OA радиусын жүргізіңіз, OA радиусын өлшеп, ұзындығын жазыңыз.

ІІІ. CD диаметрін жүргізіңіз, өлшеңіз.

ІV. AOB секторын жүргізіңіз.

V.Дөңгелектің ішінен E, F нүктелерін, сыртынан G, H нүктелерін белгілеңіз.

Топтық жұмысты орындап болған соң шеңбер бойымен қозғалыс жасай отырып, келесі топқа жалғастырады, жұмыстарын өзара бағалайды, соңында жұмыстарын сынып бөлмесіне іледі.

Топтық жұмысты бағалау критерийі циркульдің көмегімен шеңберді және оның элементтерін салады;

Сергіту сәті. Топ оқушыларына жіптер таратылады. Олар бірігіп, осы жіптен барынша дәл шеңбер жасауға тырысады.

Барынша дұрыс шеңбер мүшелеріне қолпаштау көрсетіледі.

Дартс-Нысананы көзде ойыны. Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығарылады. Олар алдымен дартс жебесін нысанаға көздеп қадау арқылы мергендігін сынайды. Содан кейін деңгейге қарай сараланған тапсырмалар орындайды.

Сыртқы қызыл сақинаның А деңгей тапсырмасын жеке өзі орындайды.

Ортаңғы сары сақинаның В деңгей тапсырмасын топтың бір оқушысымен жұп болып орындайды.

Ішкі жасыл дөңгелектің С деңгей тапсырмасын тобымен орындайды.

А деңгей тапсырмасы. Дөңгелек екі секторға бөлінген. Бір сектордың бұрышы болса, екінші сектордың бұрышын табыңыз.

B деңгей тапсырмасы. Біреуінің бұрышы екіншісінің бұрышынан қа артық болатындай дөңгелек екі секторға бөлінген. Әр сектордың бұрышын табыңдар.

С деңгей тапсырмасы. Екі бұрышы құрайтын етіп шеңбер төрт секторға бөлінген. Әр сектордың бұрышын табыңдар.

Бағалау критерийі Дескрипторы
дөңгелек сектордың бұрыштарын есептейді; Екінші сектордың бұрышының белгісіздігі арқылы теңдеу құрастырады;

Теңдеуді шешеді;

Бейнефильм. TWIG-BILIM сайтынан шеңбердің қолданылуы туралы бейнефильм қаралады.

Фильмнің қысқаша мазмұны.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Черчильдің геометрияны қолдануы, өзінің жабдық сақтайтын жерлерін қорғау үшін олардың саяхатына ең тиімді жол – шеңберді пайдалануы.

Оқушылардан ой қорытуы сұралы сұралады.

Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. QUIZizz қосымшасы арқылы тест орындайды.

https://quizizz.com/admin/quiz/60e2e1232f7b59001b41658e

Бейнефильмге сілтеме

https://youtu.be/nBMgMFTz2eA

Қағаз қиындылары

A3 форматтағы ақ парақ, маркерлер, стикерлер, оқулық

QUIZIS қосымшасына сілтеме

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

Дартс сақинасының аймағы арқылы бүгінгі сабақтағы өзінің белсенділігін бағалайды.

Бүгін мен сақинаның қызыл аймағындамын, себебі……..

Бүгін мен сақинаның сары аймағындамын, себебі………….

Бүгін мен сақинаның жасыл аймағындамын, себебі………….

Стикерге сөйлемдерді жалғастырып жазып, тақтадағы дартс сақинасына іледі.

Үйге тапсырма. Шеңбер мен дөңгелектің қолданылуы туралы бес жолдан тұратын шағын эссе жазу және 1265-есепті шығарып келу.

Дартс сақинасы

Оқулық

Математика

2-бөлім

Алдамұратова Т.

5-сынып

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бүгінгі жаңа сабақ тақырыбын ашу үшін ой қозғау сұрағы қойылады. Сыныптағы ерекше қолдауды қажет ететін оқушылардың материалды игеруіне көмектесу үшін топтық жұмыс тапсырмасын орындатамын. Дартс ойынын сыныптағы сабаққа белсенділігі төмен оқушыларды шақырамын, олар өздерінің мергендігін сынай отырып, тапсырма орындауға көшеді. Жеке жұмыс тапсырмасы арқылы әрбір оқушының оқу мақсатына қол жеткізгендігін тексеремін, тапсырманы орындауда қиындық көріп отырған оқушыларға тақтадағы топтық жұмыс тапсырмаларының орындалысын тағы бір қарап шығуға мүмкіндік беремін

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Топтық, жеке жұмыс тапсырмалары критерийлерге сәйкес бағаланады, дескрипторларға сәйкес кері байланыс беріледі. Топтық жұмыс тапсырмаларын өзге топтар өзара бағалайды. Нысананы дәл көздеген мергенге қолпаштау көрсетіледі. Тапсырмаларды қатесіз, дұрыс орындаған оқушыларға, қалыптастырушы бағалау тапсырмасын жоғары деңгейде орындаған оқушыларға да қолпаштау көрсетіледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Санитарлық талаптарды сақтау, яғни қолды санитайзерлермен тазартып отыру, сынып бөлмесін қоңырау сайын желдету, арақашықтықты сақтау, циркуль, қайшымен жұмыс жасау техникасын сақтау, интербелсенді тақтаны қажет болмаған кезде сөндіріп қою, психологиялық жағымды орта қалыптастыру, үнемі позитивті ортаны қалыптастыру
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.