
КЕНЖЕБАЕВА Мая Кыпшаковна,
«Алматы қаласы № 178 мамандандырылған лицей» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаңа заман талабына сай білім беруді реформалаудың міндеті — оқу үрдісінің нақты практикалық мақсаттарға бағыттауына қол жеткізу. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту мақсатына жетудің бірден — бір жолы.
Шығармашылық тұлға қалыптастыру- қазіргі оқу процесінің басты талаптарының бірі болып саналады. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ.
Бірнеше жылдағы оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыруына жағдай туғызу.
Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет жасау. Ал сол мақсатқа жету оқушының өз ісәрекеті арқылы жүзеге асады.
Көркем шығармармаларды тек қана оқып қоюмен қатар жүйелі түрде талдау дағдыларын меңгерту тиянақты және терең білім берудің, оқушылардың танымдық ынтасын қалыптастырудың негізгі жолдарының бірі болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамитын кезеңі орта және жоғары буында екені белгілі.
Жоғары буында оқушылардың көркем шығарманы оқуы- қазіргі таңдағы оқу үрдісінде қиыншылық тудыратын жағдайлардың бірі. Осы орайда жоғары сыныптарда берілген көлемді көркем шығармаларды жаңаша оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушы бойындағы танымдық қабілеттерін арттыруға болады.
Көрем шығарамаларды оқытудағы басты мақсат- тіл байлығын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту, көркем әдебиет оқуға тарту, көркем мәтінге түрліше талдай жасай білуге, сөзді ажарлап сөйлей білуге үйрету. Оқу үрдісінде оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануда біршама жетістікке жетуге болады.
Әдебиет сабағында оқушының танымдық және шығармашылық ізденістерінің сапалық нәтижесі.
- Берілген ақпаратты қолдану арқылы шығарамда көрсетілмеген жақтарды анықтау,
- Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өмірмен байланысын күшейтеді,
- Үйреншікті ақпаратқа жаңаша көзқараспен қарап, әр түрлі шешімдер қабылдай алады.
Сабақ құрылымының тиімді жақтары оқушылар үшін маңызы зор:
- Алдын-ала тапсырма алу арқылы оқушы жауапкершілікті сезінеді.
- Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаларды әдеби талдау дағдылары дамиды.
- Оқушының әдеби шығармаға қызығушылығы артады.
- Өз бетінше іздену арқылы ғылыми жұмысқа беймделеді.
Көрнекті ақын, романшы, драматург, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы — көлемді туынды.
Көркем шығарманы оқымас бұрын тақтаға сызба ілінеді.
Сызба «Ақбілектің өмір баспалдақтары» деп аталады. Сызба арқылы шығармаға деген қызығушылықты тудыру басты мақсат болып табылады. Романды оқымай жан-жақты талдау жасау қиыншылық тудырады.
Қойылатын сұрақтар:
- Ару қыз Ақбілектің өмірі не себепті ойран болып, басынан қандай қиыншылық кешкен екен?
- Неге баспалдақтың басында жүрек белгісі тұр?
Мұғалім көмегі арқылы романдағы керекті бөлімдері оқылып, оқушылар толық роман мазмұнымен танысады. Өздіктерімен романға мазмұндық жоспар жасалынған соң, сызба толтырылады. Сызба соңында эссе жазу тапсырылады.
Тегінде оқушыны өздігінен жұмыс істеуге , өздігінен ізденіп білім алуға үйрету ең тиімді жол. Бұндай әдістердің тиімді жағы сыныптағы барлық оқушылар толығымен қатысып, бағаланады.
Тәжірибеде кенінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың бірі – проблемадық оқыту. Мысалы: С.Мұқановтың «Ботагөз» романын оқытуда қалай қолданғанымды кестемен дәлелдейін.
Автор романының «Жұмбақ жалау» деген атын «Ботагөз» деп неге өзгертті, романды жазуға не себеп болды деп ойлайсың?
Түсіну Ботагөз бейнесі неге романда басты- аяқ айтылатын кейіпкер?
Қолдану Автор тарихи оқиғаларды романның идеясын ашуға қалай қолданған?
Анализ «Ботагөз» романын қазіргі көзбен қарағанда қалай түсінуге болады?
Үй тапсырмасын беруде , соның ішінде көркем шығарманы жай ғана оқып кел демей, қызығушылықты оятатындай тапсырма беру арқылы жүргізудің тиімді жақтары мол. Сөзімді дәлелдеу үшін Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасын оқуға бергенде таразы белгісіндегі суретті пайдаланып, проблемалық сұрақтар қойылды.
Қойылатын сұрақтар:
-Таразының басын неге «Қайғы, мұң, зар» жеңіп, «Махаббат, қуаныш, бақыт» жағы неге жеңе алмады?
-Махаббат соңын қайғыға жеткізген кімдер, құрбаны болған кім екен?
Осы типтес сұрақтар қойылды, келесі сабақта оқушылардың басым көпшілігі шығарманы оқып келіпті.
Повесть бойынша шығарма құрылысына талдау «Сатылай кешенді талдау» әдісі негізінде жүргізілді. Сынып оқушылары бірнеше топқа бөлінді. Әр топ басшысы берілген прозалық шығарманы талдау түрі арқылы әрбір сатысына талдау жасалды.
«Шұғаның белгісі» повесі
1.Авторы. шығарма авторы бойынша қысқаша мәлімет айту 2.Тақырып- бұл өнер туындысының іргетасы. Бұл-шығарма.
Әдеби шығарма дегеніміз- белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі.
3.Идеясы- жазушы тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде, оны көзқарасы, көқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.
4.Жанр түрі- проза (повесть) повесть – бұл орта көлемді түр.
- Шығарманың композициялық құрылысы- оқиға желісі.
5.1.Экспозиция. Жолаушы екі жігіттің әңгімесі
5.2.Оқиғаның байланысы. Әбдрахманның Есімбек ауылына келуі. Шұғаны тұңғыш көрген кезі.
5.3.Оқиғаның дамуы. Әбдрахман мен Шұғаның бір-біріне ғашық болуы. Айнабайдың қызы Күлпияға Әбдрахманды үйлендірмек болуы. Әбдрахманды қамауға алғызуы.
5.4.Оқиғаның шарықтау шегі. Шұғаның құса болып ауруға шалдығуы. Есімбектің Әбдрахманды тұтқынан босатуы.
- 5.Оқиғаның шешімі. Шұғаның құсадан қайтуы.
- Шығармадағы кейіпкерлер: жағымды бейне, жағымсыз Бей-не, негізі бейне, қосалқы бейне.
- Әдеби-теориялық ұғымдар. Эпитет, теңеу, тұрақты тіркес
8.Түсіндірме сөздік.
9.Тәрбиелік мәні.
Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытымда сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейде мүмкіндігінше көрсетуге тырысамын. Сабақтағы негізгі іс-әрекет мәтін, көркем шығарма арқылы жүзеге асады. Білімнің ең негізгісін ала білу, салыстыру, қорытынды жасау, өз бетімен белгілі бір нәтижеге жету оқушының өздік жұмыстарын ұйымдастыруда жететін басты мақсат болу керек. Оқу бағдарламасында берілген туындыларды тек оқып, мазмұнын айту оқушыларды жалықтырады. Мысалы: Ғ.Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесін оқытуда сыныптағы барлық оқушы бірден алтыға дейін саналады. Әр сан бойынша жеке бағыттарға тапсырма беріледі. Нәтижесінде барлық оқушы сабаққа толығымен қатысады. Оқушыларды толық бағалауға мүмкіндік туады.
- оқушы- «Баяндаушы» әңгіме мазмұнын қара сөзбен жазады.
- оқушы -«Зерттеуші» балалар достығы туралы тағы қандай шығармаларды білесің?
- оқушы- «Сұрақ қоюшы» әңгіме мазмұнын сай сұрақтар құрастырады.
- оқушы -«Сілтемелер табушы» әңгіме мәтініндегі астарлы мағыналы, ауысыпалы сөздерді табу, мағынасын жазу.
- оқушы- «Бейнелеуші» әңгіме мазмұнына сай сурет салу.
- оқушы- «Дәнекер» қазіргі заманмен салыстыру. Қазіргі кездегі балалар үйі туралы не білесің?
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі- оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білуі. Яғни, мұғалім осы мақсатпен іздену керек. Қай әдіспен оқыту тиімді- оны әр оқытушы өз тәжірибесі мен ыңғайына, оқу материалының сипатына, оқушының дайындық деңгейіне қарай өзі белгілейді. Сабақ нәтижесінде оқушы өзінің білім қорын, рухани әлемін байытып, адамгершілік негізін нығайтатын болса, ізденіп, еңбектеніп тапқан білімін өзінің не өзгелердің игілігі үшін тиімді пайдалана алса, онда ол сабақ, қандай әдіспен өтсе де, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап бере алады. Сөз соңында әдебиетті сүю, қызығып оқу- жай сауаттылық емес, өзінше шабыт, үлкен даналық дер едім.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы, «Рауан» 1997 ж.
- К.Ә.Әбдірейімова «Қазақ әдебеиеті» (Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша жалпы білім беретін мектептердің таңдау курсына арналған) оқу құралы. Алматы, 2012 ж
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журнал. 20011, 2014, 2016, 2017 жж
Алматы қаласы