Жаңа сабақтар

Аман болсын ата-анам!

Менің әкем Төлеуов Бәйтен Төлеуұлы, 1934 жылы 1 тамыз айында Павлодар облысы, Лебяжі ауданында, Майқарағай совхозы, Жаңа -ауыл колхозында қарапайым отбасында дүниеге келген.


Cоғыс кезінде тылда жұмыс істеді. Егіннің арам шөбін жұлды, қозы бақты, шөмелей салды. 5 класс бітірді. 1947-1949 — жылдары Жаңа-ауыл колхозында 4 өгізбен шөп шапты, қыста оны тасыды. 1950 жылы Щербақты училищесінде электр – механик оқуын бітіріп, колхозда қой қырықты. 1951 жылы колхоз ТРАКТОРИСТ курсына жіберді. Оны жақсы бітіріп, 1952 жылы Жаңа-ауыл колхозында бірінші болып трактормен жер жыртты. Тың және тыңайған жерді жыртып, 2-3 пұт астыққа миллиардқа үлес қосты. Бірнеше конкурстарға қатысып, почётный граммота , жүлделі орындар алды. Бірнеше рет ударник коммунистический атағын жеңіп алды. Үкімет пен Партия еңбегімді бағалап, бірнеше Орден, Медальдармен марапатталды. 1993 жылы Құрметті демалысқа шығарып салды.
Әке-шешем, 1955 жылдың қаңтар айының 12-де отбасын құрғанда, әкеме 20 жас, анам 16 жаста еді. Анамның есімі Төлеуова Балшакар Ақтанқызы. Ата-анамның тұңғышы 1957 жылы 28 қыркүйек айында дүниеге келді. 5 қыз 5 ұлды болды. Ұлдың біреуі шетінеді. Қазіргі уақытта 9 бала: 5 қыз, 4 ұл бар, бірнеше немере-жиендер, шөберелері бар. Балалары барлығы оқу бітіріп, өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуде.
Отбасымызбен Павлодар облысы, Лебяжье ауданы, Қорт ауылында 1996 жылға дейін тұрдық.
Әкем тыл игеру кезеңімен бірге механизатор болып жұмыс істеді. Анам үй шаруашылығымен, бала күтумен болды. Анам жас кезінде тракторда сменшік болып жұмыс істеді. Екеуіз бірге отар-отар қой қырықты.
Ата-анам қарапайым отбасыннан шыққан адамдар. Әкемнің еңбегін үкімет бағалап отырды. Жыл сайын граммота, бағалы сыйлықтар алып отырды. 1957 жылдан бастап медальдармен марапатталды. Еңбек қызыл ту ардагерімен 1977 жылы марапатталып, еңбек ардагері, үкіметке адал қызмет етті.Бізді оқытып, тәрбиелеріне зор мән берді. Үлкен ағамыз Қанат Афган соғысына қатысып, қазіргі күнге дейін медальдармен марапатталды. Ұлдарды ұяға, қыздарды қияға аман — есен қондырды.
Әрқайсысына білім берді. Бүгін де олар бір-бір маман иесі. Осы балалардан 25 немере, 28 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр. Бүгін де әкемнің жасы 90-ға таянды.
Әкем 1992 жылдың қазан айында құрметті демалысқа шықты. Аққу ауданының 70 жылдығында «Ауданның құрметті азаматы» деген атақ беріліп, медальмен марапатталды. Еңбек демалысында болса да жұмыстан қалған емес. Құрметті демалыста жүрген кезде жұмысын ары қарай Мойылды ауылына көшіп келгеннен кейін де жалғастырды.Мая-мая шөп үйіп, қалады. Елге қол ұшын беріп отырдым. Ата-анам қай кезде шақырса да, әрқашанда көмекке дайын.Сондықтан да, барша ата-аналар аман болсын демекпін.
Қазіргі мекен-жайы: Павлодар қаласы, Мойылды ауылы.

ТУЛЕУОВА ҚҰРАЛАЙ БАЙТЕНҚЫЗЫ
Павлодар қаласы, Мойылды ауылы № 38 негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.