Жаңа сабақтар

Қазақстанда сот шешімдерін болжауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйе іске қосылады

Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, ҚР Жоғарғы Соты және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырған «COVID-19 пандемиясы кезінде сот төрелігіне қол жеткізу» атты дөңгелек үстел отырысында мәлімдеді.

«Қазір азаматтарға ыңғайлы болу үшін «цифрлық аналитика» және «істің нәтижесін болжау» сервистерін әзірлеп жатырмыз. Жұмыс аяқталуға жақын, 2022 жылы бұл өнімдерді пайдалана аламыз», – деді Аслан Түкиев. Оның айтуынша, пандемия жағдайында Қазақстанның сот жүйесі істерді қабылдау мен қарауды бір күнге де тоқтатпаған.

«Сот процесін онлайн өткізудің «сүйкімділігін» сынап көрдік. Көптеген артықшылықтары бар. Мысалы, заңгерлер мен адвокаттар басқа қалада, тіпті демалыста жүрсе де бір күнде 2-3 сот отырысына қатыса алады. Пандемия біздің ғана емес, бүкіл қоғамның әдеттегі өмір салтын өзгертті. Сот жүйесіне де әсерін тигізбей қоймады. Алайда, шетелдік әріптестерімізге қарағанда, карантин жағдайына және туындаған шектеулерге қарамастан, Қазақстанда сот төрелігіне қол жеткізу құқығы көп жағдайда қамтамасыз етілді. Біз істерді қабылдау мен қарауды бір күнге де тоқтатқан жоқпыз», — деп түйіндеді судья Аслан Түкиев.

«De Factо» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі Сергей Сизинцевтің айтуынша, Жоғарғы соттың сайты индекстеу, іздеу жүйесі, тақырыптық бөлімдер, тегтеу жүйесі және жарияланымдарының бірыңғай базасы бар әмбебап ақпараттық орталық болуы тиіс.

«Жалпы, біз өзгерістерге дайын болдық. Жаңа жағдайда жұмыс тәжірибеміз бар. Бұл қашықтан сот төрелігін жүргізуді одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Сергей Сизинцев.

Жоғарғы сот ұсынған статистикаға сүйенсек, 2018 жылы күн сайын 40, 2019 жылы – 110, 2020 жылғы наурызға дейін – 150 онлайн отырыс өтті. Ал 2020 жылғы төтенше жағдай жарияланған алғашқы аптада соттарда күн сайын бір мың іс онлайн форматта қаралған. Өткен жылдың сәуір айында күн сайын қаралған онлайн-отырыстың саны 4,5 мыңға жетіп, барлық сот отырыстарының 95%-ы бейнебайланыс режимінде, WhatsApp, Skype, Zoom сияқты платформаларды пайдалана отырып өткізілген.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы

Байланыс: 8-776-995-26-41

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.