Жаңа сабақтар

СПОРТ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ СЕРІГІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажетін атап көрсеткен болатын.

Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Балалар мемлекетіміздің болашағы емес пе?! Сол себепті де мектеп оқушылары арасында спортты жаппай дамыту- оқушылардың спорттық шеберліктерін арттырудың ең маңызды бағыттардың бірі.

Сондықтан, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу, осы дәстүрді баршаға дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім беру мекемелерінен бастау алуы шарт. Әсіресе, орта мектептің алдындағы жауапкершілік. Өтпелі кезеңде, өмірден өзіне не керек екенін білмейтін, саналары әлсіз жасөспірімдер үшін тым қауіпті. Осы жаста зиянды әдеттерге бой алдырып, оған тез бейімделеді.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарды тәрбиелеу қажет.

«Дені саудың – жаны сау» дейді халық даналығы. Ұлтымыздың кемелді келешегі біз үшін аса маңызды. Қоғам мүшелерінің сайдың тасындай бірігіп зиянкес қоғамның ауыр дертімен күресуі шарт.

Сол себепті де мектеп қабырғасындағы спорт түрлерін дамыту – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Денесі  жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыс пен ауыстырып отыратын жас адамды айтамыз. Бір   сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты, зор болмақ.

Денсаулықтың кепілі — тән мен ардың тазалығы. Тән тазалығының басты қағидасы адам баласының  ішкі жан дүниесінің тазалығы. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Күні бойы сергек сезініп жүрудің бір тәсілі — спортпен шұғылдану.

Спорт деген ұғым тек спортшылардың ғана емес, күллі адамзаттың, оның ішінде ел болашағының ертеңі болып табылатын өскелең ұрпақтың өмірінде орын алуы шарт. Бірінші байлық-денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі.

Спорт — мектеп оқушыларының бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спортың тəрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда жəне оны өткізудің дұрыс əдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ.

Осы орайда Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы № 57 жалпы білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан бастап мектеп оқушылары үшін спорттық үйірмелер ашылды.

Атап айтар болсақ, аталған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері сабақ кестесіндегі жүктемеден басқа спорттың футбол, үстел теннисі, баскетбол, волейбол, шахмат, асық ату, тоғызқұмалақ түрлері бойынша үйірме жұмысын бастады. Үйірмелерді Усеинов А.Б., Усеинова А.Н. сынды тәжірибелі ұстаздарымыз, сонымен қатар Аманжол Н.Қ., Дорошенко Н.В., Байсейіт А.Ж., Биғалиев Ә.Д., Нургазин Ж.Н сынды шығармашыл жас мамандар өткізеді.

Аталған мектептің директоры Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы: «Дәстүрлі оқыту бойынша мектеп ордасына оралған мектеп оқушыларының қуанышында шек жоқ. Осы орайда мектеп оқушыларына спорттық үйірме түрлерінен арнайы кесте әзірленіп, оқушыларымыз осы үйірмелерге қызығушылықпен жазылып, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Сонымен қатар, аталған спорттық үйірмелерді жүргізудің қуантарлық тұсы, оқушыларымыз салауатты өмір салтын қалыптастырып ғана қоймай, қашықтан оқыту кезінде ажырап кеткен достық қарым-қатынастарын қалыпқа келтіріп, жағымды атмосфералық ортаға қалыптасуда», -деп пікірін білдірді.

Қазіргі уақыттың талабы бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ — оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Əр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.

Дені сау, санасы түзу азаматтар кемелденген еліміздің болашағын көркейтеді. Денсаулықтың қадірін білу өте маңызды. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті, салауаттылықты орнықтыру – заман талабы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.