
Ұстаз – білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден – бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің біліктлігі мен жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол – шәкірт үшін айна сияқты. Балаға өнеге мен үлгі, ізгі қасиеттер – ата – анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы дариды.
Менің қызыма ізгі қасиеттерімен үлгі бола білген, білікті ұстаз Атырау қаласы № 24 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 9 в сынып жетекшісі Урбисинова Анар Тузгинбаевна, Сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін.
Ізгі тілекпен: оқушыңыз Аманкелді Сымбаттың ата – анасы
Акжигитова Айгуль Қайыржанқызы.