NIS

Үздік фильммейкер қатарында – NIS оқушысы

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-ші сынып оқушысы Төлеген Акимеев Халықаралық сайыста үздіктер қатарынан көрінді.

Әлемнің серіктес мектептерін біріктіретін http://www.pasch-net.de — сайты «Zeig dein Engagement!» — «Өз адалдығыңды көрсет!» байқауында неміс тілінде әлеуметтік бейнебаян шығарған үздік оқушылардың есімдерін жариялады.

Алматылық оқушы байқауға бала кезінен мүгедектерді оңалтуға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба туралы өзінің бейнебаянын ұсынып, дүниежүзінің 130 елінен қатысқан 4400 оқушылардың арасында топ жарып, 5-ші орынға ие болды.

  • Дағдарыс кезінде адамдардың бір-біріне көмектесуі одан да маңызды. Бұл бейнебайқауда бірнеше мың оқушылар жаһандық пандемияның шектеулеріне қарамастан, басқа адамдарға көмектесу үшін қолданған тың идеяларын көрсетті», — деп атап өтті http://www.pasch-net.de сайты.
  • Мен неміс тілін 1-ші сыныптан бастап оқимын. Сондықтан байқаудың шарттары мен үшін түсінікті әрі қызықты болды. Ал бейнебаянды мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнауға ата-анамның қоғамға жасап жүрген қызметтері түрткі болды. Олар бала кезінен мүгедек болған жандарға көмек көрсететін «Syberfound» қайырымдылық қорын ұйымдастырып, балаларға протез алуға жәрдемдеседі. Ауруға шалдыққан әр бала үшін бұл толыққанды өмірдің бастауы. Балалардың жарқын жүздерін көргенде, адамның маңызды миссиясы – бір — біріне көмектесу екенін терең түсіне бастайсың, — деді зияткер.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.