NIS

NIS оқушысы шахматтан ҚР Чемпионаты ЖЕҢІМПАЗЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Бексұлтан Молдағали Шымкент қаласында өткен шахматтан ҚР Чемпионатында классикалық бөлімі бойынша қатысып, жеңімпаз атанды. Бексұлтан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бақ сынаған болатын.

  • Шахматпен 10 жасымнан бері айналысып келемін. Бұл спорт түрін таңдауымның басты себебі ойын барысында қызықты стратегиялар мен жоспарлардың болуы. Шахмат арқылы адам өз ісін жоспарлап, болжам жасауды үйренеді. Уақытын тиімді пайдалануға, алға қойған мақсаттарына жетуге икемделе түседі. Бұл ақыл-ой күресі бойынша қазіргі әлем чемпионы, норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсенді кумирім деп санаймын, — дейді жас зияткер.

Көптен күткен жарысқа республиканың барлық өңірлерінен жүзден жүйрік шыққан шахматшылар қатысты. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Турнир регламентіне сәйкес, классикалық шахматтан «8», «10», «12», «14», «16» және «18» жасқа дейінгі жас санаттары бойынша Қазақстан Республикасының чемпиондары 2021 жылғы классикалық шахматтан Әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.

Мектеп қауымдастығы атынан Бексұлтанды жеңісімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық пен толағай табыс тілейміз.

Ученик NIS завоевал золотую медаль на чемпионате РК по шахматам

Ученик 7 класса Назарбаев Интеллектуальной школы города Нур-Султан Бексултан Молдагали стал победителем чемпионата РК по классическим шахматам, который прошел в городе Шымкент. Бексултан соревновался среди юношей до 14 лет.

— Шахматами я занимаюсь с 10 лет. Основная причина, по которой я выбрал этот вид спорта — это наличие интересных стратегий и планов во время игры. С помощью шахмата человек учится планировать свое дело и делать прогнозы. Адаптируется к эффективному использованию своего времени, достижению поставленных целей. Я считаю своим кумиром в сфере интеллектуальной борьбы нынешнего чемпиона мира, норвежского гроссмейстера Магнуса Карлсена, — говорит юный интеллектуал.

На самое долгожданное событие приехали сильнейшие шахматисты со всех регионов республики. Победители и призеры соревнований были награждены медалями, дипломами и денежными призами.

Согласно регламенту турнира, Чемпионы Республики Казахстан в возрастных категориях до «8», «10», «12», «14», «16» и «18» лет по классическим шахматам получают право на участие в Чемпионате мира среди юношей и девушек по классическим шахматам 2021 года.

От имени школьного сообщества поздравляем Бексултана с победой и желаем ему крепкого здоровья и ярких достижений.

NIS student wins gold medal at the RK Chess Championship

Beksultan Moldagali, a 7th grade student of Nazarbayev Intellectual School in Nur-Sultan, won the RK Championship in classical chess, which was held in Shymkent city. Beksultan competed among boys under 14 years old.

— I’ve been playing chess since I was 10 years old. The main reason why I chose this sport is the presence of interesting strategies and plans during the game. With the help of chess a person learns to plan his business and make predictions, adapts to the effective use of his time, to achieve the set goals. I consider my idol in the sphere of intellectual struggle the current world champion, the Norwegian grandmaster Magnus Carlsen, — says the young intellectual.

The strongest chess players from all regions of the republic came to the most long-awaited event. Winners and prize-winners of competitions were awarded by medals, diplomas and money prizes.

According to the rules of the tournament the Champions of the Republic of Kazakhstan in age categories «8», «10», «12», «14», «16» and «18» in classical chess get the right to participate in the World Championship among juniors in classical chess in 2021.

On behalf of the school community, we congratulate Beksultan on his victory and wish him good health and bright achievements.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.