NIS

Елордалық NIS түлектері ең жоғары көрсеткішке ие болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері мектепке қуаныш пен мақтаныш үшін себептер сыйлауды жалғастыруда!

Зияткерлік мектеп түлектері Халықаралық Бакалавриат емтихандарын сәтті тапсырып, мектеп тарихындағы ең жоғары көрсеткішті көрсетті: дипломның орташа балы 34 баллды құрады. Сондай-ақ, 1 оқушы 45-тен 44 балл жинады, оны әлемде барлық түлектердің тек 1%-ы алады. Мектептің 20 түлегі 40 балдан жоғары жинады: 44 балл — 1; 43 балл — 1; 42 балл — 2; 41 балл — 7; 40 балл – 9 оқушы.

Халықаралық білім сынағында топ жарған түлектеріміз Дипломдық бағдарлама емтихандары, мектеп туралы ойларымен бөлісті.

  • Нәтижелер жарияланған кезде мен ата-анаммен бірге мейрамханада болдым. Менің эмоционалды реакциям көптеген адамдардың назарын аударды. Емтихан нәтижесін көргенде көзіме жас келіп, қуанышымда шек болмады. Жалпы, мектептің әр оқушысы жоғары ұпай жинауға тырысады, өйткені бұл Дипломдық бағдарламада оқудың екі қиын жылында жасалған барлық жұмыстардың бағасы. Мен жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырыстым және алған ұпайыма өте ризамын. Менің барлық күмәндарым мен уайымдарым жойылып, дәл осы бір сәтте өзімді бақытты сезіндім, — деп қуанышын жасырмады 44 баллдың иесі Анель Жусубали.

Емтиханда 43 балл жинаған Эльдар Уркумбаев дайындықты Дипломдық бағдарламаның алғашқы жылынан-ақ бастау керектігін алға тартады.

  • Дипломдық бағдарламаның екі жылында мен сабақтарды себепсіз қалдырмай, жүйелі түрде дайындалдым. Ұстаздарымыз емтиханда қажет болатын орасан зор білім нәрімен сусындатты. Бар зейінім мен ынтамды салып оқу арқылы өзімнің, ата-анамның, ұстаздарымның маған артқан үмітін ақтай алдым деп ойлаймын. Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыған жылдар ішінде өзара қарым-қатынас құра білудің маңыздылығын түсіндім. Ортамен тез тіл табысу дағдысы өмірімде көп көмектесті, — дейді Эльдар.

Елордалық NIS директоры Сабыржан Садуақасовтың айтуынша, Халықаралық Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы біздің түлектерге халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға және әлемнің ең жақсы университеттерінде оқуға мүмкіндік береді.

  • Қазіргі карантиндік жағдайға және пандемия жағдайында оқытудың жаңа форматына қарамастан, NIS ІВ командасы жоғары нәтиже көрсетті. Мектеп аймақтағы ең жоғары балл жинаған түлектердің ең көп саны қатысқан алғашқы тегін оқу орны атанды. Біздің қоғамдастықтың барлық мұғалімдерінің, үйлестірушілерінің, емтихан алушыларының және ата-аналарының арқасында, олардың құштарлығы мен адалдығы білім беру арқылы жақсы әлем құру жөніндегі миссиямызды орындауға мүмкіндік береді.

Мен мектебіміздің түлектерін жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймын. Олар білімге деген құштарлығын, табысқа жетуге деген шешімін және жоғары сапалы дайындықпен қамтамасыз етілген келесі қадамды алатындықтарына сенімділіктерін көрсетті, — деп Сабыржан Садуақасов өз әсерімен бөлісті.

Халықаралық Бакалавриат емтиханының нәтижесі бойынша 42 балл жинаған Алия Самбаева мен Дильназ Утемисова өз ұпайларын білгенде қуаныштарында шек болмағанын айтады. Алияның пікірінше, NIS оқушысы үш негізгі қасиетке: зейінді, жауапкершіл, ойлампаз қасиеттеріне ие болуы керек. Ал Дильназ зияткерлік мектептен ең құнды сабақ ала білгенін айтады. Ол – уақыт, орын және жағдайға қарамастан, өзіңе деген сенімділіктің болуы.

Айта кету керек, 2021 жылдың 6 шілдесінде Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы (DP) бойынша 12-сынып оқушыларының емтихандарының нәтижелері жарияланды. Нәтижесінде 153 түлек Халықаралық Бакалавриат дипломын алды. ХБ Дипломдық бағдарламасының дипломы түлектерге міндетті дайындық жылын — Foundation-ды айналып өтіп, бірден 1 курсқа оқуға түсуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.