Жаңа сабақтар

Есимбекова Шолпан Насипбековна

Есимбекова Шолпан Насипбековна

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы,

«Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Эссе

«Баланың періште әлемі – тәрбиешінің бақыты»

Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі: — Мұғалім-тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Өйткені мен де бала бағбаны-тәрбиешімін.

Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірім дәндерін қондыру-менің жұмысымның мәні.

Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала еш нәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым – қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажеттігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ, сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемі теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала- тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Бұлақтың көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет-баланы құрметтеу сезімі болу керек.

Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссоның «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі. Бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген нақыл сөзі осы мектепалды даярлық тобының балаларына арналғандай.

Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта-жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала рөлде өзі ойнаса, сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет, дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды, ақылмен ойланады. Тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет етеді. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей, айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал, тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі- жауапкершілікте.

Балалар-өмірдің гүлі. Ал, гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру және бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілеті мен дарынын ашу-әр тәрбиешінің ең басты мақсаты мен міндеті.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.