Жаңа сабақтар

Баян аспабында белгілі бір ойнау тәсілдерін мең геру

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, ӨНЕР мектебінің баян сыныбы мұғалімі ЖӘЛІМБЕТОВА Мәдина Құлахметқызы

Қазақ халқының ғасырлар бойы сұрыпталып, жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық өнер мұрасы шексіз.

Оқушылар тәрбиесiнде қазақтың ұлттық музыка өнерінің алатын орны зор. Оқушылардың ұлттық музыка өнерiмен айналысуы, жеке тұлғаның эстетикалық талғамын және эмоционалдық мүмкiндiгiн көтередi. Сондықтан бүгінгі таңда ұлттық музыка өнерінің түрлерін (ән, күй, терме, жыр, айтыс, толғау, т.б.) олардың әрқайсысының жалпы ерекшеліктерін жаңаша технологияға салу – бүгінгі күн талабы. Осы қойылған талаптарға сай, музыкалық білімді жүйелі түрде дамыту барысында ұлттық сана иірімдерін айқындай түсу және оны тереңірек меңгеру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.

Музыка — жасөспірімге дүниені жан-жақты танып-білуге көмектеседі, баланың ойына азық беріп, кеңінен және әдеттен тыс ойлауға үйретеді, халықтың рухани мәдениетіне жақындастыра отырып, патриотизм сезімін тәрбиелеп, адамгершілік және азаматтық белсенділігін оятады. Сөйтіп, осының нәтижесінде қоғам үшін қажетті жеке адамның үйлесімді дамуына жәрдемдеседі.

Өнерді, оның ішінде, атап айтқанда музыканы мектепке “ендіру” процесі бірнеше бағыттар бойынша жүреді. Қоғамның барған сайын өсе түскен мәдени сұранысы мен талаптары, мектептің жаңа реформасының қабылдануы мектепте ұлттық өнерді, соның ішінде ұлттық музыка мұрасын меңгерту туралы мәселені қоюдың және сол арқылы тәрбиеге нәтижелі ықпал етуге мүмкіндігін тудырады.

Музыка тілі — өнердің басқа салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыка айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы береді, осыған байланысты музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалыптастыру елеулі қиындықтар тудырып, жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Музыка өнерінің ерекшелігі – адамның жан дүниесіндегі сөз бен тіл жеткізіп алмайтын құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында.

Қазақстанда ұлттық музыка өнерінің дәстүрін зерттеп жалғастырушы композиторлар А.Жұбанов, М.Төлебаев, А.Затаевич, Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, т.б.

Композиторлардың шығармаларындағы ұлттық музыка өнері адамның қиялына қанат бітіріп, ойлау қабілетін дамытады, туған елін, жерін сүюге, мәдениетін, әдебиетін, өнерін эстетикалық тұрғыда қабылдап сезіне білуге үйретеді, имандылық, ізеттілік, парасаттылық тәрізді қасиеттерге тәрбиелеп, рухани азығын молайтады.

Бүгінгі қоғам құрылысының аса маңызды мәселелерін шешуде мектептің оқу — тәрбие үдерісін адамзаттың бүкіл тарих бойы жинақтаған білімі, тәжірибесі мен өнерін меңгерту арқылы жетілдіру, халық педагогикасының тәрбиелік мазмұнымен таныстыру қажеттігі туындап отыр.

Музыка құндылығын сақтау және оны ұрпаққа жеткізу, балаларды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау -жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты болып отыр.

Музыка аспаптарына үйрету сабағы музыка сауаты мен ән үйрену сабағы методикасы сабақтары мен тығыз байланысты жүргізіледі. Білімгер музыка аспаптарын ойнауды меңгере жүріп, бірте-бірте музыканың нәзік мәнерлігі мен тілін терең ұғып, түсінетін болады. Өтілетін репертуар қазақ композиторларының шығармалары қазақтың халық әндері мен күйлері және ішінара батыс класиктері композиторларының шығармаларынан құралады. Музыка мұғалімі сабақтан ән немесе музыка аспаптарына, арналған музыка шығармаларын орындалғанда оны мазмұнына байланысты мәнерлі, түсініп, ал әннің сөздерін дәл анық айтқызу, оның жоғары сатыда орындалу жағын бақылау керек.

Оқушылар берілген ән немесе музыка шығармаларын жаттап алып, оны техникалық жағынан дұрыс орындап берумен қатар, шығарманың идеялық мазмұнын, оның авторларын және олардың тұрған дәуірін білулері керек. Оқушыларға әнді музыка аспабына қосылып айтуға және хорға немесе жеке әншіге әнді бастату кезеңін көрсете білетін етіп үйрету керек.

Сонымен оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың мәселесін қарастыра отырып, біріншіден жалпы аспаптық музыкаға деген қызығушылығын арттыру тәсіліне көңіл бөлінеді.

Музыкалық аспаптардың шығу тарихы, оның өзіне тән ерекшеліктері туралы профессор Б.Ш.Сарыбаевтың еңбектерінде кеңінен баяндалған.

Үрмелі аспаптар — сыбызғы, қамыс сырнай, саз сырнай, үскірік тастауық, керней;

Ішекті аспаптар — жетіген, шертер, домбыра, қылқобыз;

Тілішікті аспап — шаңқобыз;

Ұрып ойналатын музыкалық аспаптар — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау т.б.

Енді осы аспаптардың кейбіреулеріне сипаттама бере отырып, оқушыларды осы аспаптар туралы жазылған аңыз-әңгімелерді мысал ету арқылы, қызықтыра тәрбиелеуімізге болады.

Оқушылар арасында тағы да бір белгілі аспаптардың топтары бар. Олар ішекті, үрлемелі, тілшікті болып бөлінеді. Ішектіге жататындар: домбыра, балалайка, гитара, мандолин. Үрлемеліліге: ауыз гармоникасы, флейта, кларнет, саксафон және т.б. жатады. Тілшіктіге: баян, аккардион, гармоникалар жатады. Сонымен қатар өзге халықтардың ұрмалы аспаптарын да қолданып келеміз. Бұл аспаптарға: бубен, кастаньета, ұшбұрыш, тарелка, барабан, металлофон, ксилофон жатады. Дыбысы қолмен болмаса таяқшалармен ұрғанда ғана шығады.

Баян аспабы бойынша 1-2 курста негізгі теориялық білім қалыптасады. Одан кейінгі курстарда қиынырақ шығармалар алынып, баян техникасымен жұмыс істелінеді,сонымен қатар гаммалар, аккордтар, арпеджиолар ойналады.

Барлық гаммалар, арпеджио, аккордтар баян сабағында күнделікті тез екпінде орындалып отыру керектігін естен шығармауымыз керек. Гамма мен арпеджиоларды барлық клавиатурада әр түрлі штрихтармен (легато, стаккато) ойнау керек. Клавиатураны жақсы меңгеру дыбыс мәдениетімен жұмысты жақарту, бұлшық етті буынмен саусақтарды машықтандыру, әр түрлі штрихтарды орындауға дыбыстану техникасын жақсарту үшін, триольдар, пунктирлық ырғағы толы жаттығуларды ойнаған абзал. Осы жаттығуларды әрі қарай қолдану үшін керекті тональдікке транспорт жасау керек. Бұл бір жағынан студенттің транспорт қабілетін қалыптастырады. Әр түрлі тональдікте гамманы үйрену үшін арнайы жаттығулар беріледі. Мысалы: 1. Кейбір жаттығулар әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың суреттерін дамытуға, клавиатурадағы оң қол мен сол қолды дұрыс қолдануға арналады. Осы жаттығуларды қолданғанда бастапқы екпінді сақтап қалу керек. Басқа жаттығулар екі ноталарды дамытуға арналады. Жаттығуларды көрсетілген барлық өлшемдерде ойнап, саусақтардың синхрондық жұмысына қол жеткізу керек.

Гамма, арпеджио жаттығуларымен жұмыс болашақ музыка маманының техникалық орындау шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Орындау шеберлігін жетілдіре түсу үстінде күнделікті жаттығулардың маңызы ерекше. Мұның өзі көркем шығарманың мазмұны мен мұның толық ашуға мүмкіндік туғызады. Бұл мәселенің төңірегінде белгілі орындаушы – виртуоз Г. Нейгауз: «Орындау шеберлігін кез келген түрде дамыту дегеніміз-өнердің өзін дамыту, олай болса оның мазмұнын ашуға жәрдемдеседі» – деп жазады. Биік деңгейдегі орындау шеберлігі ең алдымен гамма, арпеджио жаттығуларымен жүйелі түрде жұмыс жасаған кезде қалыптасады.

Этюдтармен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі болады. Орындау шеберлігін жетілдіру үстінде гамма, арпеджио және арнайы жаттығулардан басқа этюдтердің де маңызы ерекше зор. Педагогикалық тәжірибеде әр түрлі орындау ерекшеліктеріне лайықтап жазылған этюдтер кездесе береді. Кейде олардың қайсы біреулерінг музыкалық шығармалар қатарына да қоюға болады. (мысалы, Р.Шуманның этюдтері.)

Этюдтермен жұмыс үстінде оқытушы бір ғана техника, орындау шеберлігін жетілдіру мақсатын көздемесе керек. Техникалық шеберлік студенттің орындаушылық мәдениетімен аспапта дыбыс шығару, музыкалық ой-фразаларды дұрыс бөлу, реттеу сияқты процестермен де тығыз қабысып жатады.

Этюдтермен жұмыс мына бағытта жүргізілуге тиіс: ең алдымен, орындағалы отырған этюдтың құрылысына тоқталып, техникалық ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Одан әрі нота текстімен жұмыс жүргізіп, аппликатурасын басқа да орындау ерекшеліктерін жетілдіре түскен абзал.

Екіншіден, этюдты бөлшектеп талдаған кезде ғана оның ішкі ерекшеліктеріне еркін енуге болады. Орындауға қиын соғатын тұстарын бірнеше рет қайта орындап, талдап, содан соң барып шығарманың басқа тұстарымен жалғап отырудың да өзіндік мәні зор. Нота тексті айқындала бастаған кезде барып түрлі динамикалық- агогикалық белгілермен орындау тәсілдері, мехты уақытылы ауыстырып отыру сияқты процестерге мән берген жөн.

Үшіншіден, этюдты әр түрлі жылдамдықпен орындағанның да методикалық негізі бар. Нота текстін жаттап алу процесі этюдтың техникалық және көркемдік мазмұнының, орындау ерекшеліктерімен қатар жүргізілуі тиіс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.