Жаңа сабақтар

Тұмарша

БҚО, Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК

тәрбиеші Г.С. Нугманова

«Зеректер» МАД тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тұмарша

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке,өнерге тәрбиелеу, уақытымен және орынды сыйлық жасап, қуаныш білдіруге тәрбиелеу.

Білімділік: Балаларға тұмарды қазақтың ою-өрнектерімен әшекейлеуді үйрету.

Дамытушылық: Ой-өрісін, дүниетанымын есте сақтау қабілетін, халық өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі: Сөздік, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, бізге көктем ханшайымы қонаққа келеді. Ол біздің мейірімді істерімізді көргісі келеді. Басқа топтың балалары болашақтың балабақшасын дайындауда. Біз бүгін тұмарша жасап, сол балабақшаға сыйға тартамыз. Сыйлық жасағыларың келе ме? (Балалар қуана келіседі)

Әлемде сыйлық алғанды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кез келген сыйлық адамды қуантады. Ал, сендер сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ме? Сыйлық түрлері қандай болады? Сыйлықты қай уақытта, қандай мерекелерде сыйлайды? Олай болса есімізге түсірейікші осы күні қандай тілектер айтамыз?

(Балалардың жауабы)

Сыйлықты тек мереке күндері емес, сонымен қатар жай күндері де сыйлауға болады. Шын пейілден жасалған сыйлық қанша тұратынына қарамай-ақ, адамның бойына мейірімділік туғызады. Бірақ сыйлықты таңдап тарта білу керек. Бұдан сый тартушының талғамы, тапқырлығы мен әдептілігі көрінеді.

Енді осы сыйлықтарды қалай беру керек? Сонымен қатар сыйлықты әдеппен қабылдау қажет. Кімге не сыйлар едің? Сыйлықты қалай қабылдар едің?

(Балалардың жауабы)

Балалар, сыйлықтарды қолмен жасауға болады. Қағаздан жасауға, қарындаштар, бояулармен жасауға болады. Қазір мен сендерге сыйлық туралы сұрақтар қоямын. Сендер дұрыс немесе дұрыс емес деп жауап берулерің керек.

Сөздік ойын. «Дұрыс, дұрыс емес»

1.Туған күнге бүкіл отбасы қолданатын сыйлық сыйла.

2.Сыйлық ретінде ақша сыйлаған дұрыс қой.

3.Сыйлықты туған күн өткеннен кейін сыйлауға болады

4.Өте қымбат сыйлық берген жөн.

  1. Сыйлықты безендіру міндет емес.
  2. Күшік, мысық,тотықұсты рұқсатсыз сыйлауға болады.

Барысы: Балаларды қазақтың тұмаршасымен таныстыру. «Қазақстан зергерлік әшекейлері» альбомынан тұмаршаның қалай әшекейлегенін көрсету. Балаларға үшбұрыш қатырма қағазды тартып беріп, мата қиындылары, ұсақ моншақтарды оюлап әшекейлеуді ұсыну. Асыл тастармен әшекейленген тұмарша, әр үйге қуаныш пен бақыт әкеледі деген ұғым бар екенін айту.

Балалар, алдарыңдағы мольберттегі тұмаршаға көңіл аударыңдаршы.

Балалардың алдарына тұмаршаның негізі болатын әр түрлі пішіндегі (2 үшбұрыш, 1 төртбұрыш) қатты материалдар тұрады.

1 бөлікте не бейнеленген: киіз үйге ұқсайды. Қандай ғимараттар көріп бейнеленген? (Ақ үй, Бәйтерке, Ханшатыры)

2 бөлікте: (жазық дала, жарқыраған күн, тау, ашық аспан, тұлпар, киіз үй)

Балалар, 1 бөлікте көрсетілген ғимараттар қай қалада орналасқан деп ойлайсыңдар? (Жауаптары тыңдалады)

Иә, дұрыс. Бұл еліміздің ең бас қаласы – Нұр- Сұлтан қаласында орналасқан. Сонымен қатар бас қаланы сұлуландырып көркейтіп тұрған Бәйтерек, үлкен ғимраттар, үкімет үйлері, хан шатыры бар.

Кім осы Байтерек туралы тақпақ біледі?

Айдана:

Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.

Балалар келіңдер сергіп алайық.

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Балалар олай болса, жұмысымызға кірісейік. Біз де қазір осындай тұмаршаны өз қолымызбен жасаймыз.

Шығармашылық жұмыс: Музыка ойнап тұрады. Тұмар жасау: үстел үстінде мата қиындылары, ұсақ моншақтар, былғары қиындылары, арнайы жіп, желім тұрады. Әр бала өз орнына тұрып жұмыс жасайды.

Балалар тұмарларын өте жақсы, жарайсыңдар.

-Тұмарша не үшін керек?

  • Тұмаршаның жасалу жолы қандай?

Қорытынды:- Бүгін біз не істедік? Қандай сыйлық жасадық?

Ал енді осы сыйлығымызды Көктем ханшайымына көрестейік.

Сыйлықты Көктем ханшайымына табыстау. «Көктем ханшайымы бұл біздің болашақ балабақшамызға арналған сыйымыз, қабыл алыңыз»

Жарайсыңдар, балалар, бүгін қайырымды іс жасадық. Сендер өздеріңнің ақылды, өнерлі бала екндеріңді көрсеттіңдер. Рахмет. Сау болыңдар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.