Жаңа сабақтар

«Ертегілер елінде»

БҚО, Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК

тәрбиеші Т.С. Жуматова «Ғарыш» ортаңғы топ

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Ертегілер елінде»

Білім беру салалары: «Коммуникация»

Бөлімдері : «Көркем әдебиет», «Сөйлеуді дамыту».

Мақсаты:

тәрбиелік: Ертегілердің айырмашылықтары ажырата білуге, балалаларды ертегілер арқылы мейірімділіке балаларды баулу.

білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез — құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл — қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.

дамытушылық: есте сақтау қабілетін дамыту.

Қажетті көрнекі құралдар: Қоян, түлкі, атаның бет перделері, үйшік, орман көрінісі.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап.

Сәлемдесу. Балалар ертеңгілік шеңберге жиналады. (Балалар бір-біріне жылы лебізін білдіреді)

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық!

Әлемді нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң бақшамыз,

Қайырлы күн достарым!

Қуанамын мен де

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым.

Арайлап атқан күнге.

Осы мезетте топқа Сауысқан ұшып келеді тұмсығында тістеген хаты бар. Хатты оқу. «Амансыңдар ма қымбатты балалар! Бізге көмек қажет. Аюға бал жинап беру керек. Ал, қоянға үй салып беріңдерші» Хатты жазған орманшы.

Тәрбиеші: Балалар орманға барамыз ба? Ендеше орманға жиналайық. Орманға бармас бұрын орман ережелерін еске түсірейік. (Балалар:орманда шулауға, қоқыс тастауға болмайды т.с.с)

Дұрыс. Орманда кедергілер көп болады. Абай болыңдар. Орманға немен барамыз?(Балалардың жауаптары тыңдалады).

Тәрбиеші: Орманға жеңіл машинамен барайық, орманға жетпей жолдың шетінде түсіп қалып ары қарай жаяу барамыз. Келістік пе? Балаларды «машинаға»- тізбектелген орындықтарға жайғасуларын сұрайды. Қуана келісіп, «машинаға» отырады. Балалар көтеріңкі көңіл күймен

әндетіп барады.

Балалар музыка әуенімен жүріп келе жатып, орман көрінісі бейнеленген алаңқайға тап болады.

Тәрбиеші: Балалар орманға келдік, қараңдаршы ауасы қандай керемет барлығымыз тыныс алайық. Балалар, мұрындарыңмен терең дем алып, ауыз арқылы демімізді шығарып жәймен үрлейік. ( тыныс алу жаттығуларын жасайды).

Алдарынан орманшы атай шығады. Ол балаларға бұл жай орман емес, ертегілер орманы екен айтып түсіндіреді.

Ал, аңдарға көмектесу үшін жолдағы кедіргелерден өту керек екенін ол үшін жұмбақтағы қай ертегі кейіпкері екенін, табуларын сұрайды.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырам:

Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға баттады: (аю)

Далада жүр шапқылап

Керемет бір саққұлақ. (қоян)

Тәрбиеші: Ендеше балалар ертегілер еліне саяхаттау үшін мына тұрған кедіргілерден өту керек, (Балалар көпірден өтіп кеттеді)

«Қоңыр аю қорбаңбай» әуені орындалып, үйшіктен көңілсіз аю шығады.
Аю: Мен аюмын қорбаңбай,

Қимылдаймын қорбаңдай.

Омартаны көргенде,

Бас қоямын ойланбай.

Тәрбиеші: Аю сен неге көңілсіз отырсың?

Аю: Балалар сендер маған жидектер теріп беруге көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар кәне аюға жидектер теріп берейік. Дидактикалық ойын: «Себет»

Балалар жидектерді түсіне, көлеміне қарай таңдап алып, себеттерге бөліп салады.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Себетке біз салайық.

Тәрбиеші: Балалар аю бізге риза, қараңдаршы оның көңіл күйі қандай?

Балалар: Көңілді.
Аю: Сау болыңдар!

Тәрбиеші:саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық (Осы мезетте көңілсіз қоянды көреді)

Тәрбиеші: Қоян саған не болды неге көңілсізсің.

Қоян: Менің үйім жоқ, соны салуға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Қоян сен жылама біздің балалар саған көмектеседі.

Балалар қоянға көмектесеміз ба ? (Ия, көмектесеміз)

Қоянға сипатттама беру.

Қоян жалғыз,біреу. Түсі сұр. Жүні үлпілдек, жұмсақ. Құлақтары ұзын. Құйрығы қысқа.

Тәрбиеші: Ендеше қоянға үй жасап берейік. Балалар қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады)Ендеше осыпішіндерді қолдана отырып, үй жасаймыз. (Балалар жұмыстанады) Жұмыс барысында сұрақтар қою: Қандай пішін қолдандың? Шатырын неден құрастырдың? т.с.с.

Қоян, міне балалар саған үй құрастырып берді.

Қоян: Алақай, қандай тамаша балалар! Рахмет, менің үйім болатын болды.

Тәрбиеші:Балалар, ақ қоянмен бірге секіріп, көңіл көтерейік. (Би, қоянмен бірге)

Тәрбиеші. Қоян сау бол. Біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді.

Балалар қоянмен қоштасып, топқа қайтып келді.

Қорытындылау. Балалардан қайдан барғандарын, не көргендерін сұрау, мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.