Жаңа сабақтар

«Қысқы орманға саяхат»

БҚО, Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК

тәрбиеші А.А. Батенова «Ғарыш» ортаңғы топ

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Қысқы орманға саяхат»

Мақсаты:

тәрбиелік: Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру және қорғауға тәрбиелеу.
білімділік: Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру;

дамытушылық: Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру, жануарлардың қысқы тіршілігі жайлы ой-өрістерін дамыту.

Әдіс -тәсілі: түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктері: аңдардың суреті, ағаштар, текшелер.

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз.

Табиғатқа баламыз

Достығымыз жарасқан

Біз әдепті баламыз

Жұмбақ жасыру:

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран,боран соғады,

Бұл қай мезгіл болады? (Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінде ауа- райы қандай?

Күн суытқанда біз қандай киімдер киеміз?

-Қыста қандай ойын ойнауға болады?.

Ұйымдастырушылық –ізденістік:

Балалар, ғажайып орманға саяхат жасағыларың келе ме? Ендеше балалар саяхатқа шығу үшін жылы киініп алайық. Балалар, біз орманға да келіп жеттік. Мына жер қандай тамаша. Осы кезде қоян бұтаның түбінде отырады. Балалар қарайық қоян тонып, қалыпты.

«Қоян, сен жалғыз өзің не істеп отырсың»

Қоян: Тоңып отырмын үйшігім бұзылып қалды. Балалар қоян тонып қалыпты, ендеше өленімізді айтып жылытайық.

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт-сұрт, сарт-сұрт,

Шапалақты соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топ-топ, топ-топ,

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз,

Тоңды киіп аламыз.

Зу-зу, зу-зу.

Шанаменен зулаймыз.

Балалар кім қоян туралы тақпақ біледі.

1.Ақ қоян –ау, ақ қоян,

Үркек қоян сақ қоян.

Қаша берсең орманға,

«Қорқағым»-деп ат қоям.

Ұзын құлақ сұр қоян

2.Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Балалар қоянның сіздерге тапсырмалары бар екен. Алдарында турған сүлгіні пайдалана отырып, қоянның бейнесін жасауларыныз керек. Ендеше алдарыныздағы ақ сүлгіні алып, екіге бүктейміз. Сонымен қатар шетінен бастап жаймен ораймыз. Орап болған кейін ақ резеңканы алып ортасынан байлаймыз. Қараңдаршы, балалар қандай қояндар пайда болды. Жарайсыңдар. Саяхатымызды жалғастырайық. Балалар, қарайықшы мына жерде не бар екен? –(Тиін)

Мен тиінмін, тиінмін

Қысқа жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің

Тиін: Мен сіздерді жібермеймін, маған жаңылтпаш айтып беріңіздер.

Қыс мезгілі туралы жаңылтпаштар айтып беріңіздер?

  1. Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

  1. Тұз — мұздай,

Мұз — тұздай.

  1. Пай-пай-пай,Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай

  1. Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

Тиін: Рахмет.

Балалар, саяхатымызды жалғастырайық. (Қасқыр кездеседі)

Қасқыр: Сәлеметсіңдерме балалар? Мен ақылды қасқырмын. Себебі мен орманда көп жылдан бері тұрамын, сондықтан бәрін білемін. Менің сендерге тапсырмаларым бар.— Жануарлар азығы ойыны. Алдарыныызда турған жануарлардың азығын табуымыз керек? Қоянның азығы не? – сәбіз. Аюдың азығы не ?- бал тағы басқа жануарлардың не жейтінін тауып қыстырғышпен сәйкестендіру керек.

Саусақ ойыны.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Міне, балалар өте тамаша қатыстыңдар. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды, тапқырлықтарыңды қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Балалар осымен орманға саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық. Қорытындылау: Балалар біздер қай жаққа серуенге бардық? Орманнан не көрдіңдер? Сендерге серуен ұнады ма? Міне балалар «Қысқы ормандағы» саяхатымыз аяқталды. Келесі серуенге жаз шыққасын, жаздың табиғатын тамашалауға шығамыз. Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.