Жаңа сабақтар

«Үй жануарлары»

БҚО, Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК

тәрбиеші А. Б. Утешова «Балапан» ортаңғы топ

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Үй жануарлары»

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Жаратылыстану.

Мақсаты:

тәрбиелік: Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

білімділік: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Олардың күту жолдарын түсіндіру. Үй жануарларының сыртқы келбеті және олардың мінез-құлқы туралы түсініктерін бекіту. Адамдардың жануарларға қамқорлық жасауын түсіндіру.

дамытушылық: Адамдарға беретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.

Қостілдік компонент: сиыр-корова, жылқы-лошадь, түйе-верблюд, ешкі-коза, қой-овец.

Сөздік жұмыс: Үй жануарлары, дала жануарлары.

Қажетті көрнекті құралдар: үй жануарларының суреттері, муляждар, үнтаспа.

Әдіс –тәсілдері: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар жасыру, сергіту сәті, тақпақтар айтқызу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

Көңілді шеңбер. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барлық жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Балалар, адамдар күнделікті тіршілік етіп, өмір сүретін баспанамызды қалай атаймыз?

-Үй қандай бөліктерден тұрады?

-Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

-Балалар дұрыс айтасыңдар, енді алдымызда тұрған үйдің терезелерін санайықшы? (Төбесі,есік, терезе, қабырға.Төбесі ұшбырышқа, терезе қабырғасы төртбұрышқа, есігі тіктөртбұрышқа ұқсайды)

-Балалар, әр терезеде бізге дайындап қойған жұмбақтар бар екен, мен сендерге оқып берейін.

Жұмбақтар жасыру.

1терезе: Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар «түйе»

Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар «қой»

2терезе: Секең секең етеді

Таумен тасқа жетеді «ешкі»

Өріске ерте өреді

Бізге сүт береді «сиыр»

3терезе: Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсен ат, сүті дәрі, еті тамақ «жылқы»

Жұмбақ шешілген терезе ашылып, ішіндегі уй жануарлары суреттері тақтаға ілінеді. (Балалар суреттегі үй жануарларын атайды)

Д/О. «Бұл не?» Мақсаты: Балалар берілген суреттерге мұқият қарап, атауларын айту керек.

-Жарайсыңдар, балалар! Бір сөзбен біз оларда « төрт түлік мал» деп атаймыз.

Д/О. « Адаспай тап» Игровизормен жұмыс жасау.

Мақсаты : Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру.

-Балалар мен сіздерге үй жануарларының аталары туралы айтып берейін.

Жылқы атасы- Қамбар ата

Сиыр атасы-Зеңгі баба

Түйе атасы-Ойсыл қара

Қой атасы-Шопан ата

Ешкі атасы-Сексек ата.

Д/О. « Мекеніне апар»

Мақсаты : Үй жануарларын, дала жануарларынан ажырата білуге үйрету.Олардың қайда мекен етіп тіршілік ететінің білуге үйрету. Баланың ойлау қабілетін дамыту.

Қалтада әртүрлі уй жануары мен дала жануарларының ойыншықтары салынған. Аты аталған бала ортаға шығып қалтаның ішінен бір ойыншықты алады, және атын, төлін атайды да үй жануарыма, дала жануарыма ажыратып мекеніне қарай орналастырады.

Сергіту сәті.

Жазда атамның ауылына,

Барып едік қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шауып шықты жүгіріп.

Ақ маңдайлы айма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен? —Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қимылмен қайталайды.

-Балалар, үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?

Сиыр «мө,мө, мө» деп мөңірейді. Қой «мә, мә,мә» деп маңырайды.Түйе «бө, бө, бө» деп боздайды. Жылқы «ихо,ихо» деп кісінейді. Ешкі «ме, ме» деп дыбыстайды деп дыбыстарын салады.

-Балалар үй жануарлар төлдерің атайықшы, білесіңдерме? Төлдерін атайды: құлыншақ,ботақан, бұзау, қошақан,лақ

-Балалар, енді мен сендерге үй жануарларының қандай пайдасы бар екенің айтып беремін, мұқият тыңдайық.

Сиыр – сүт, май,қаймақ, ірімшік береді.

Жылқы – жүк тасиды,қымыз, ет береді, терісінен киім тігеміз.

Қой,ешкі –жүнінен киім тоқиды, қолғап,шұлық.

Түйе де- жүк тасиды, шұбат береді, жүнінен көрпе жасайды екен.

(Балалар үй жануарларының адамға беретін пайдасы туралы мұқият тыңдайды)

Сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.

Балаларды мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.