Жаңа сабақтар

«Ертегі әлеміне саяхат»

БҚО, Орал қаласы, №27 «Жігер» бөбекжайы МКҚК

тәрбиеші М.Б.Бакаева

«Балпандар» ортаңғы тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Ертегі әлеміне саяхат»

Білім беру салаларының кіріктірілген түрі. (Таным, Коммуникация)

Мақсаты:

тәрбиелік: Достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез — құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл — қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.

дамытушылық: Сөздерді анық айтуға дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: үстел үсті театры, ертегі кейіпкерлері бетперделері, спорттық құралдар, құймақ пісіруге арналған азық- түліктер.
Әдіс — тәсілдер: ертегі айту, сахналау, сұрақ — жауап.

Қостілділік компоненті: ұн – мука, жұмыртқа- яйцо, май-масло.

Алдын-ала жұмыс: ертегілер оқу, әңгімелесу, түсіндіру.
Балаларды ынталандырып, сезімдерін ояту мақсатында ҰОҚ шаттық шеңберінен басталады.

Тәрбиеші: Балалар, сендер таңертең тұрғанда аналарың сендерге қандай тағам жасап береді? Не ішесіңдер?

Балалар: сүт-молоко, каша- ботқа, құймақ-оладья.

Тәрбиеші: Дұрыс. Ал сүтті не береді? Бүгін мен сендерге тауық ана және оның балапандары туралы ертегі айтып беремін. Тыңдағыларың келе ме? Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Онда мен ертегіні бастаймын. Мұқият зейін қойып тыңдаңдар. Ерте—ертеде тауық ана өмір сүріпті. Оның балапандары көп болыпты. Тауық ана шығады. Анасы ерте тұрып, үй жинайды. Балапандарын оятады.

«Шеп, шеп, шөжелерім»
Көк шалғында жайылым бар,
Тез келіңдер жайылыңдар,
Әлі — ақ, өсіп толарсыңдар,
Ақ тауықтай боларсыңдар.

Қыт- қыт –балапандарым тұрыңдар. (Балапандар шығады)

Тәрбиеші:Олар ұйқыдан тұрып, жаттығу жасапты.

Балапандар музыка әуенімен жаттығулар жасайды.

Тауық ана: Балапандарым, тамақ ішесіңдер ме?

Балапандар: Иә, қарнымыз ашты.

Тауық ана: Мен сендерге құймақ пісіріп беремін. Келіңдер маған көмектесіңдер. Менде ұн – мука, жұмыртқа- яйцо, май-масло бар. Енді бізге сүт керек. Сүт қайда? Сүтті мысық ішіп қойыпты. Енді сүтті қайдан аламыз.

Тәрбиеші: Балалар, ертегідегі тауық анаға көмектесеміз бе? Оған балапандарына құймақ жасауға сүт қажет екен.

Балалар: Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Сүтті не береді.

Балалар: Сиыр

Тәрбиеші: Ол қайда жайылады?

Балалар: Жайылымда

Тәрбиеші: Олай, болса сүт алып келуге сиырға барайық. Балапандарды да өзімізбен бірге ала кетейік. Балапандар дайынсыңдар ма? Тауық ана үйде қалады. Онда кеттік. Алдарынан қоян шығады.

Балалар:Сен несің?

Қоян:Мен қоянмын.

Балалар:Қоян,сен сиырды көрген жоқсың ба?

Қоян: Мен туралы ән салып берсеңдер жол көрсетемін.

Балаларқоянға ән айтып береді. (Ән «Ақ қоян»)

Қоян: Балалар, қазір сендердің алдарыңнан екі жол шығады.. Кең және тар жол. Кең жолмен жүрсеңдер сиырды табасыңдар.

Балалар қоянмен қоштасып, жолмен жүріп өтеді. Алдарынан кірпі шығады.

Балалар: Сен несің?

Кірпі: Мен кірпімін.

Балалар: Кірпі сиырды көрген жоқсың ба?

Кірпі: Иә, көрдім. Егер де менің арқамдағы алмалардың түсін айтып, жинап берсеңдер айтамын.

Балалар кірпінің арқасындағы алмаларды алып, түсін атап, санап (3 саны қызыл,сары, жасыл қазақша- орысша, ағылшынша айтқызу себетке жинап береді.

Кірпі: Рахмет, балалар, сендердің алдарыңнан көпір кездеседі. Содан өтсеңдер, сиырды табасыңдар.

Балалар кедергіден өтеді. Алдарынан сиыр шығады.

Балалар: Сәлеметсізбе, сиыр! Біз сүт алуға келдік.

Сиыр: Егер де менің жұмбақтарымды шешсеңдер, сендерге сүт беремін. Жұмбақ жасырады.

Сиыр рахмет, айтып сүт береді.

Тәрбиеші: Балалар, енді сүтті тауыққа апарып берейік. Тауыққа келеді. Тауық рахмет айтып, сүтті қосып құймақ дайындауға кетеді.

Тәрбиеші: Келіңдер, балалар құймақ піскенше мультфильм қарайық. (Мультфильм қарау. «Пейте, дети молоко»)

Тәрбиеші: Балалар, жүріңдер ортағак жиналайық. Біз бүгін қайда бардық, неге көмектестік? Сендерге ертегі еліндегі саяхат ұнады ма? Балалар қорытындылап, немен айналысқандарын айтады.

Тәрбиеші: Міне, құймақ та дайын болды. Тауық келеді құймақпен. Алдын- ала үстелдерде кеселерде сүт, тәрелкеде құймақ тұрады. Балалар тамақтанады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.