NIS

Мерекелік апталық Алматы ХББ NIS-те

1 Мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS-те бір аптаға созылған мерекелік бағдарламаны 7-8 сынып оқушыларының елімізде мекендейтін түрлі халықтар тілінде айтылған құттықтау челленджі бастап, мейрам қарсаңында онлайн- концерт аяқтады. Бір апта бойы зияткерлер өнерлерін, білімдерін ортаға салды, Қазақстанда тамырын жайған жүзден астам халықтарының салт-дәстүрлерін насихаттады, түрлі байқауларға қатысты.

Ұлттық тағамдар күні зияткерлер корей, грузин, неміс, итальян, қазақ, орыс, өзбек, татар ас үйлеріне саяхат жасап, тағамдарын даярлау үлгілерімен бөлісті. Дәмді күнге оқушылармен қатар ата-аналарда қатысып, шеберліктерін көрсете білді.

«Өзге тілдің бәрін біл» мәнерлеп оқу сайысына 9 сынып оқушылары 1-ші Мамыр мерекесіне арналған өлеңдерді оқыды. Үш тілде поэзия әлеміне жасаған саяхатта зияткерлер белгілі ақындардың туындыларымен бірге өз қаламдарынан шыққан өлең жолдарында тарту етті.

Мерекелік күндерде өткен «Сен білесің бе?» ойын викторинасы,кураторлық сағаттар оқушылардың бойына түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату — тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңыздылығын сіңірді.

  • Біз 1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясына кіретін ұлттардың тарихын, жер аударып келген халықтар үшін қиын қыстау кезеңде аталарымыз бауырына басып, ортақ шаңырақ бола білгенін, нәтижесінде қазақ даласын паналаған жұрт осында мәңгілікке тұрақтап қалғанына тағы көз жүгірттік. Сол себептен ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері бірінші мамырды ерекше атап өтеді, — деп 7-ші сынып оқушысы Олжас Амангельдин өз ойларымен бөлісті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.