NIS

Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Сондай-ақ, Бабсон колледжі және Боккони оқу орнынан шақырту күтуде.

Айта кету керек, Мұхаммед-Әли Британдық Колумбия университетінің Karen McKellin International Leaders of Tomorrow (KMILOT) Award толық стипендиясының 33 иегерінің бірі болды. Профессорлардың мықты құрамы, жұмысқа орналасудың жоғары деңгейі, жеке жобаларды дамыту әлеуеті – осының барлығы Британ Колумбия университеті туралы. Сондықтан зияткер дәл осы университетте оқуға шешім қабылдады. Оқу қыркүйек айында офлайн форматта басталады.

«Оканагандағы кампуста оқимын деп шештім, себебі «Бизнес және менеджмент» мамандығы өте жақсы сәйкес келді. Сонымен қатар профессорлармен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алдым. Оқуға түсуде кәсіби бағдар беруші Бағжан Азаматқызы үлкен рөл атқарды, сол үшін мен оған өте ризамын. Егер сіз оқуға түсуге дайындықты алдын-ала бастамасаңыз (2-3 жыл бұрын), ода тұрған ештеңе жоқ. Бастысы ниет пен ұмтылыс. Сондай — ақ, егер сіз оқу озаты болмасаңыз, жетекші университетке түсу мүмкін емес деп ойламаңыз»,- деді Мұхаммед-Әли.

Мұхаммед-Әлидің бұдан өзге де жетістіктері аз емес: ол 2019 жылы Гарвард математикалық олимпиадасында (HMMT) қазақстандықтар арасында бірінші орынды жеңіп алды, Oracle Kazakhstan-да тағылымдамадан өтті, 2000+ адамға арналған өзінің Халықаралық бизнес инкубаторы, бірқатар мектептен тыс тағылымдамалар мен бизнес саласындағы жобалары бар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.