NIS

Дильназ Камалова Гарвард университетінде оқуға шақырту алды

Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Дильназ Камалова Гарвард Университетінде білім алуға ресми шақырту алды. Жоғары оқу орнында мамандықты 2-ші курста таңдау мүмкіндігі берілген. Дильназ mechanical engineering/computer science мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.
Қаржылық көмек, шәкіртақы жөніндегі толық ақпаратты Гарвард Университеті сәуір айында жолдайтынын айтты. Осыған дейін, 2019 жылы Алматы NIS ФМБ түлегі Ақназар Қажымұрат пен Селимжан Чалышкан, 2020 жылы Сұлтанәлі Нұрманұлы Гарвард университетіне оқуға түскен болатын.

Перизат Оралбайқызы 
Алматы ФМБ «Назарбаев Зияткерлік

мектебінің» баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.