Жаңа сабақтар

Менің отбасым

Уразова Нургуль Аманжоловна

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылы
Жайсаң арнайы білім беру ұйымы
Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Менің отбасым.

Мақсаты:

Білімділік: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелілік: Оқушылардың бойына ата — анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтсін күніміз.

Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./

II. Жаңа сабақ:
— Балалар, жұмбағымыз қандай тақырыпта болды?

Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым» деп аталады.
— Отбасы дегеніміз не?
—- Отбасы – ең жақын адамдардың ошағы, бір шаңырақ астында жақын тату- тәтті, сыйластықпен, ынтымақпен тұратын адамдар тобы.

Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен — жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі — отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған — туыстармен қарым — қатынаста болады. Ата — ананың ақылымен қарым — қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым — қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқаттанғанда көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы — адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған — туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.

III. Сөзжұмбақ. Шешуіндегі басқы әріптерін қоса отырып сөз құрастырамыз

  1. Басшысын кім деп атаймыз? отағасы

2.Әкенің әкесі ата

3.Сең әкеңе кім боласың? бала

4.Үлкен бауырың аға

5.Бөпені басқаша қалай атаймыз? сәби

6.Ананың туыстары саған кім болып келеді?нағашы

IV. Сергіту сәті:(саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді)

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, ойнайық екеуміз:

Бас бармағым — папам,
Балаң үйрек — апам,
Ортан терек — ағам,
Шылдыр шүмек — мен,
Титтей бөбек — сен.

Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады)

V.Сабақты бекіту:

«Кім жоқ?» дидактикалық ойыны

Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады

Сиқырлы ағаш” ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды.

Сұрақтар:

  1. Сенің отбасың қандай?
  2. Отбасыңда неше адам бар?
  3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
  4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
  5. Сенің анаң неше жаста?
  6. Сенің әкең неше жаста?
  7. Сенің әжең кім?
  8. Сенің қарындасың бар ма?
  9. Отбасың тату ма?
  10. Сен анаңа қалай көмектестің?
  11. Сенің атаң бар ма?
  12. Сенің інің балабақшаға бара ма?
  13. Сенің әпкең студент пе?

VI.Сабақты қорытындылау:

Сұрақ-жауап

VII.Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.