Жаңа сабақтар

Мекебай Гүлнұр Серікқызы

Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Аралбай ауылы. Жангелдин орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Мекебай Гүлнұр Серікқызы

Білім беру саласы: Таным

ҰОҚ: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ғажайып математика»

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілдерін дамыту жұмыстарын жалғастыру. Геометриялық пішіндер жайында ұғымдарын тиянақтап, балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Кілемше, пішіндер, суреттер, смайликтер, жүрекшелер, шарлар, сандары бар ыдыстар.

Тілдің үштұғырлығы: Бір, екі, үш, төрт, бес-один, два, три, четыри, пять.One, two, three, four, five.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Қонақтармен амандасу

Жылулық шеңбері:

Бәріміз енді тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы-жақсы сөздерді

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз.

Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Кәне балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы

Сәлеметсіздер ме?

Балалар қимылмен көрсетеді.

Аспанымыз ашық болсын,

Ауырмайық.

Бейбітшілік болсын.

Ата-анамыз аман болсын!

Балабақша гүлдене берсін!

Балалар қолдарындағы жүрекшелерді қонақтарға береді.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс айларын атайықшы.

Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Ғажайып сәт:

Қолында шарлары бар Аю билеп кіреді.

Аю:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Осы жер «Ғажайып білім әлемі ме?»

Ия, Аю дұрыс таптың, бұл жерде тек білімді балалар ғана болады.

Аю: Мен Маша қыздың туған күніне кетіп бара жатырмын. Жолда түлкі кезігіп.

«Ғажайып білім әлеміне» барып, мына менің түрлі түсті шарларымның ішіндегі тапсырмаларын білімді балаларға, орындатсаң ғана туган кунге кіресің деді.

Еш уайымдама, Аю!

Қане балалар, Аюға көмектесеміз бе?

-Жарайды, Аю ендеше біз сіздің тапсырмаларыңызды орындауға көмектесейік.

Балалар, бір жылда неше мезгілі бар?

Кәне, атап шығайық көктем, жаз, күз,қыс. Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.

Жасыл шарды көрсету.

Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

Бұл жасыл түс, шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды.

Қызыл шарды көрсету.

Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?

Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.

Жер беті сары кілемге ұқсайды.

Ақ шарды көрсетеді.

Мына шардың түсі қандай?

Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

Қыста жер қандай болады?

Балалар, шарлардың түстерін білдік, енді сиқырлы шарлардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? Кәне шарды кім жарады? Бір бала шығып шарды жарады. Балалар бізге тапсырма берілген, егер осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар біз Аюдың туған күнге кіруіне көмектесеміз.

1-1-5 ке дейін тура және кері санау

(Екі тілде санау) Бір, екі, үш, төрт, бес-один, два, три, четыри, пять. One, two, three, four, five.

Бір бала шығып екінші шарды жарады.

2-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Адасқан сандар» Сандардың орынын табу.

3-тапсырма: Логикалық есептер.

— Дүкеннен анам екі доп алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды? (1)

— Қоянда неше құлақ бар? (екі)

— Мынау ненің суреті?

Қолда қанша саусақ бар?

— Ағашта 5 құс отыр, оның 2-і ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды? (3 құс)

— Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?

(5 алма)

4тапсырма: Жұмбақтар

Адамға серік, күзетке берік? (Ит)

Жүрегі бар, ізі жоқ,

Қанаты бар ұшпайды

Су астында қыстайды? (Балық)

Мен атамнан қаштым,

Мен әжемнен қаштым

Таба алмадым атамды, әжемді.

Үйімді сағындым? (Бауырсақ ертегісі)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар? (Қой)

Сергіту сәті

«Көңілді күн»

Тақтадан нені көріп тұрсыңдар?

Мынау шаршы

Ал мынау шеңбер

Мынау үшбұрыш.

Үшбұрыш –сөзін дұрыс айтайықшы.

Дидактикалық ойын: «Ғажайып кілемше»

Ақ түсті кілемшеге түрлі-түсті пішіндерді орналастырады.

Аю: Алақай, алақай енді мен туган кунге кіретін болдым. Рахмет сіздерге балалар.

-«Ғажайып білім әлемі» деген осы жер Аю. Сіз керісінше бізге жақсы көңіл-күй сыйладыңыз. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындалық.

Аю: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендерінді көрсеттіңдер. Мен осындай балабақшада тапқыр, ақылды, білімді, балалардың барына қуанып тұрмын. Ендеше мен сендерге өзімнің жақсы көретін күлдіргілерімді сыйлыққа тарту етемін. Сау болыңдар, балалар.

Қыс мезгілі.

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан

Күн суытады, қар жауады,

Мерекелер өтеді. Жануарлар қысқы ұйқыға кетеді.

Балалар таңырқай қарайды.

Сәлеметсіз бе, Аю

Ия, көмектесеміз.

Балалар қызыға қарайды.

Бір жылда төрт мезгіл бар.

Көктем, жаз, күз,қыс.

Көктем мезгілі

Жаз мезгілінде

Күз мезгілі

Ақ

Қыс мезгілінде

Қыста жер ақ болады.

Жарайды

Бір бала келіп бір шарды жарады

Балалар бірге санайды.

Сандардың көршісін табады

Балалар жауап береді

Балалар жауап береді:

Ит

Балық

Бауырсақ ертегісі

Қой

Сергіту сәті

Қимылмен көрсетеді

Пішіндер

Қайталап айтады.

Пішіндерді кілемшеге орналастырады.

Балалар Аюдың барлық тапсырмаларын орындап,өз білімдерін көрсетті.

Сау болыңыз, Аю

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі -Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Аю бізден қандай көмек сұрап келіпті?

-Аю бізге тапсырмаларды нені беру арқылы орындатты?

Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Ендеше өздеріңнің көңіл-күйлеріңді қолдарыңдағы күлдіргілермен көрсете қойыңдар.

Қонақтармен қоштасады.

Бүгін бізге қонаққа Аю келді.

Біз Аюға туған күнге кіруіне көмектестік.

Әдемі түрлі шарларды беріп тапсырмаларын орындатты.

Балалар күлдіргілерін көрсетеді.

Балалар қуанады.

Сау болыңыз.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Сандарды тура және кері санау, логикалық есептер, жұмбақтар шешуді.

Игереді: Шарларды жару арқылы тапсырмаларды дұрыс орындай білуді игереді.

Меңгереді: Зейінді, ұқыпты, мейірімді, ойлау қабілеттері дамиды.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.