Жаңалықтар

KODEKS.KZ — НОРМАТИВТИІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ

Қазнетте қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен заң жобаларын талқылайтын жаңа платформа ашылды. Идея авторы KAZGUU Университетінің айтуынша, www.kodeks.kz сайты ғылыми пікірталас үшін құрылған. Заңгерлер ғана емес, кез-келген азамат, БАҚ өкілі мен мүдделі тұлғалар да НҚА жобасының нақты ережелері мен нормаларын талқылауға қатысуға мүмкіндік алып отыр.

	«Ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін тегін болып табылатын платформа біздің өз қаражатымыздың есебінен құрылды. Контенті профессор-оқытушылар құрамының зерттеу нәтижесімен үнемі қазақ және орыс тілдерінде толығып отырады»,- деді Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM жобалық кеңсесінің тікелей эфирінде KAZGUU Университетінің Провосты Сергей Пен.
	Қазіргі уақытта кез келген ұйымға өзіне бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді басқаруға және редакциялауға мүмкіндік бердік. Нәтижесінде ҚР Конституциясын ғана емес, Кодекстері мен заңдарын  талқылауға мүмкіндік туды.  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобаларын талқылау жоспарлануда. 
	«Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жанында Ғылыми-консультативтік кеңес жұмыс істейді. Бұл платформа ғылыми кеңестің мүшелігіне кірмейтін  басқа да ғалымдардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Сот қызметінде заңгер ғалымдардың ғана емес, қарапайым халықтың пікірі де маңызды. Егер Қазақстанның кез келген азаматы өз пікірін дәлелді түрде баяндайтын болса, онда оның ұсынысын өз жұмысымызда қолдана аламыз. Қазір судьяларға қатысты сын көп. Kodeks.kz осы сын-ескертпелерді  кәсіби диалог аясында қарастыра аламыз», - деді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының бөлім меңгерушісі Дәурен Еңсебаев. 

«Басқа қоғамдық-саяси платформаларда ғылыми көзқарас жоқ. Платформаны құрушылар үлкен жұмыс атқарды. Тәжірибені зерттеу үшін әріптесім екеуіміз Ереванға бардық. Арменияда қоғам заңға қатты қызығушылық танытады, шамамен 30-40 мың адам осындай алаңдарда заңды талқылауға белсенді қатысады», — деді «ADAL BILIM» тікелей эфирінде Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры  Марат Бәшімов «ADAL BILIM» тікелей эфирінде.

«Биыл біз азаматтық заңнаманы тұжырымдама түрінде жетілдіру бойынша ғылыми жобаны қолға алдық. Мақсаты – қалыптасқан институттар мен постулаттарға қарамастан халықаралық тәжірибеге сүйене отыра ашықтықты, әділеттілікті қалыптастыру. Біз тек пікірталас алаңын ғана емес, сонымен қатар тарихты, ақпарат көзін сақтауға мүмкіндік беретін платформа құрдық. Платформа халыққа қандай да бір ұсынысқа қатысты пікірталастың кезеңдерін түсінуге, нәтижелер мен қолданылған аргументтерді қорытындылауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін бірде бір формат тиісті талаптарға сай келмеген. Неге? Себебі ашық нормативтік құқықтық актілер порталында тек тізімі мен пікірлер ғана бар. Ал академиялық қауымдастық өкілдері үшін ол жеткіліксіз. Оларға заң жобасын қолдайтын немесе оған қарсы бос пікірлер керек емес, пікірталастың кезеңдері, процестің дамуы туралы ақпарат қажет», — деді Сергей Пен.

Жобаға заңға бей-жай қарамайтын кез келген адам мен заң қоғамдастығының қызығушылық танытқан өкілдері қатыса алады. Платформаны жеке де, ұжымдық түрде де қолдануға болады. Бұл әр түрлі юрисдикциялардағы құқықтық нормалардың мәтіндерін, сондай-ақ олардың академиялық сипаттамаларын тікелей салыстырудың функционалдығын пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар платформада барлық ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылған.

ADAL BILIM жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.