Жаңа сабақтар

ФИЗИКА ПӘНІНІҢ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Қарауылкелді орта мектебі

Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы

физика пәнінің мұғалімі

ФИЗИКА ПӘНІНІҢ БАСҚА ПӘНДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

  1. ОҚУ ПӘНДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ МӘНІ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ

Оқу пәндері арасындағы байланыс тиісті ғылымдар арасындағы байланыстың көрінісі болып табылады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өз саласында объективті өмір сүретін бірыңғай материалдық дүниені зерттейді.

«Физиканы – молекулалар механикасы, химияны – атомдар физикасы және одан әрі биологияны – белоктар химиясы атағанда, мен бұл арқылы осы ғылымдардың бірінің екіншісініе өтуін, — демек, олардың арасындағы орын алып отырған байланысты, үздіксіздікті де, сондай – ақ екеуінің айырмасын, дискреттікті де айтқым келеді», — деп жазды Ф. Энгельс.

Ғылым дамуының қазіргі кезеңі ғылымдар арасындағы барған сайын ұлғайып отырған байланыспен және ғылымдардың өзара сабақтасуымен және әсіресе математика мен физиканың білімнің басқа салаларымен байланысымен сипатталады. Мәселен, соңғы жылдары физиканың, биологияның, психологияның, математиканың, радиоэлектрониканың және басқа ғылымдардың деректерін инженерлік – техникалық міндеттерді шешу мақсатында тірі организмдерді зерттеу үшін пайдаланатын бионика ғылымы пайда болды.

Оқу пәндері арасында байланыс болудың қажеттілігі сондай – ақ оқытудың дидактикалық принциптерінен, оқушылардың диалектикалық – материалистік көзқарасын қалыптастыру мен жан-жақты тәрбие беру міндеттерінен туындайды.

Пән аралық байланыстар оқушылардың табиғат құбылыстары туралы тұтастық түсінігін қалыптастыруға себін тигізеді. Оқушылардың өздерінің білімдерін әртүрлі оқу пәндерін оқып үйрену кезінде және қоғамдық пайдалы еңбекте пайдалануларына көмектеседі.

Физика пәні үшін уақыттық байланыстардан табиғат тану және математика пәндерімен болып өткен байланыстары ерекше маңызды. VII класс курсында атомның құрылысын оқып үйренумен байланысты физиканың химиямен ілеспелі байланыстары зор маңызға ие болады.

Информациялық байланыстардан ұғымдық және теориялық байланыстардың маңызы анағұрлым зор.

Физика сабақтарында көптеген пәндер үшін, әсіресе химия мен биология үшін, үлкен мәні бар материал оқып үйреніледі, бұл пәндер физикалық теорияларды, заңдарды және табиғат құбылыстарын зерттеудің физикалық методтарын пайдаланады. Физика сабақтарында оқушылар еңбек жолында және басқа пәндерді оқып үйрену кезінде қажет болатын бірқыдыру практикалық дағдылар мен шеберліктерге ие болады. Пән аралық байланыстар физиканы ойдағыдай оқып үйрену үшін де дәл сондай дәрежеде қажет.

  1. ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МАТЕМАТИКАМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Математикалық методтарды тәжірибелік материалды өңдеу үшін де, сонымен бірге теорияларды талдап жасау үшін де физикада кеңінен қолданады, олар табиғат құпияларына тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Өз тарапынан физика – математиканың дамуына елеулі әсер етіп отыр.

Мектептік оқытуда да физика мен химия пәндерінің өзара тығыз байланыста болуы заңды. Математиканың мектептік курсына қойылатын талаптарды тұжырымдай келіп, академик А. Н. Колмогоров былай деп жазды: «Мектептік оқытуда жеткілікті түрде физикалық есептерді жиі шығару арқылы, математика курсының жаңа бөлімдерін ашып, математикалық зерттеулердің бағытының дәлелі қызметін атқаруына тырысу керек».

Бұл ретте физика мен математикада қолданылатын бір ғана ғылыми ұғымдар үйлесімді, өзара толықтыратын түсінік берілетіндей болуы үшін ұмтылу маңызды, мысалы, жол, қашықтық және т.б. ұғымдар.

7 класс оқушылары үшін алғашқы кезде сандарды 10 саны дәпежесінің көмегімен жазу үйреншікті емес, сондықтан математика сабақтарында мына типтегі есептерді шығаруды міндетті түрде ұсынып отыру керек: «Жарықтың жылдамдығы 300 000 км/с – қа тең. Жерден Күнге дейінгі қашықтық 150 000 000 км. 10 саны дәрежесін пайдаланып, осы шамалардың сандық мәнін жазыңдар».

Оқушылардың өлшеу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру кезінде 5 класта – ақ математика сабақтарында мектеп оқушыларының ұзындықты, уақытты, температураны, массаны өлшеу туралы бастапқы мәліметтер, өлшеу приборы шкаласы бөлігінің құны туралы, қозғалыс жылдамдығы туралы түсінік алғанын және өлшемдердің метрикалық системасын оқып үйренгенін физика мұғалімінің ескеруі қажет. Математика программасында кейбір шамалардың қасиеттері мен оларды өлшеу теориясын оқып үйрену мәселелеріне физика программасына қарағанда едәуір көп көңіл бөлінеді. Қащықтықты, ауданды, көлемді, бұрыштың шамасын дәстүрде математикалық шамалар деп есептейді, математикада олардың негізгі қасиеттерін оқып үйренетін болғандықтан, оларды өлшеу теориясы да соның өзінде жасалған.

Физика мен математика байланысының маңызды формасы физикалық мазмұнды математикалық есептерді шығару болып табылады. Математика сабақтарында да, физика сабақтарында да шығаратын есептер пайдалы (мысалы, денелер көлемдерінің, фигуралар, аудандарының анықтамасы, қозғалыс графиктерін салу т.б.).

Физикалық мазмұнды есептерді шығаруға осы күні 6-7 кластардағы алгебра сабақтарында елеулі көңіл бөлінеді. Мұнда жылдамдық формуласын құруға және қолдануға, денелердің көлемі мен массасын есептеуге, рычагтардың тепе – теңдік шартына, отын жанған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшеріне, жылу балансы теңдеуінен шығатын қоспа температурасын анықтауға арналған есептер шығарады, биіктікке байланысты атмосфералық қысым өзгеру графигін сызады және т.б.

Геометрия курсының физика курсымен байланысы. Мектептегі математикалық білім берудің мазмұнындағы неғұрлым елеуді өзгерістер геометрия курсында, оның ішінде планиметрияда болды. Мұның өзі ең алдымен геометрияны оқып үйренудегі теориялық – жиындық тұрғыдан, гометриялық фигураны нүктелер жиыны ретінде түсіндіруден көрінеді.Геометрия сабағында да,физиканың соған сәйкес сабағында

  1. ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ ХИМИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Физика мен химия бір – бірін өзара жиі толықтырып отырады, өйткені осы пәндер сабақтарында бір ғана құбылыстар мен процестер әр түрлі жағынан қарастырылады. Осы жерде факті жүзінде де ұғымдық та, теориялық та пән аралық байланыстар толық түрде көрінеді. Физика мен химия үшін өте маңызды, ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай – ақ энергияның, электр зарядтарының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы және т.б. жатады.

Физика мен химияның пән аралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде де бірдей теорияларды: молекулалық – кинеткалық және электрондық теорияны, атом құрылысы теориясын т.б. оқып үйренумен байланысты.

Физика мен химияны оқытудың өзара байланыстылығы заттардың атомдық – молекулалық құрылысын оқып үйренген кезде ерекше қажет. Атомдық – молекулалық теорияның элементтерін 7 кластағы физика сабақтарында оқып үйренеді, мұның өзі химияны оқытуға елеулі көмек көрсетеді. Молекула ұғымы кейін атомдар, химиялық элементтер мен валенттілік туралы ұғымдардың негізінді 8 кластағы химия сабақтарында дамытылады. Атом мен молекула туралы ұғымдарды дамыту үшін химиялық формулаларды енгізудің, заттар мен химиялық реакциялардың химиялық қасиеттерін оқып үйренудің зор маңызы бар.

Физика сабақтарында токтың химиялық көздерін оқып үйренумен бір уақытта дерлік, химия сабақтарында мырыштың және басқа металдардың қышқылдармен өзара әсерін оқып үйренеді, металдар кернеулерінің электрохимиялық қатарын қарастырады. Сондықтан Вольта элементі туралы әңгімелегенде электролит күкірт қышқылы болып табылады. Физика мен химияны оқыту байланысының маңызды формалары – физикалық – химиялық немесе химиялық – физикалық есептер шығару, бірлескен, мәселен дінге қарсы, комплекстік экскурсиялар, кештер және қызықты физика және химия кештерін өткізу, физика – химия үйірмелерін ұйымдастыру, физиканы да, химияны да оқып үйренуге қажетті көрнекі қүралдар жасап шығу (электролиз бен гальванизация, ерітіндідегі заттардың массасын процентпен меншікті кедергісі бойынша анықтайтын приборлар және т.б.).

Оқушылардың химия сабақтарында алатын практикалық дағдылары: лабораториялық жабдықпен жұмыс істеу, өлшеу, есептеулерді орындау, формулаларды жазу және басқа дағдыларды ескеріп, пайдаланып отырған жөн.

  1. ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ БИОЛОГИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Физика мен биологияның өзара байланысы – бұрыннан келе жатқан және жемісті байланыс. Биологияны дамытуға өз үлесін қосқан көптеген аса көрнекті физиктер мен іргелі физикалық заңдарды ашқан жаратылыс зерттеушілерді атауға болады. Бұлар дүние жүзіне белгілі физиктер – Гельмгольц, дәрігер Майер, ботаник К. А. Тимирязев және басқалар.

Биологиялық пәндерді (ботаниканы және зоологияны) оқып үйренгенде оқушылар жылу, температура, жарық, ылғалдық және басқа осы сияқты физикалық ұғымдарды пайдаланады, газдардың сұйықтардың және қатты денелердің қасиеттерінің көрінісімен танысады, таразыны, лупаны, микроскопты және басқа кейбір приборлар мен құрал – саймандарды пайдаланудың алғашқы шеберліктеріне ие болады.

Электрді оқып үйренген кезде оқушыларға электр зарядтары мен электр өрісі клеткаардың тіршілік қызметінде үлкен роль атқаратынын айтыпберуге болады. Қозусыз күйде клеткалардың әрқашан сырт жағы – «+», ал іш жағы — «-» зарядталған болады. Клетканың сыртқы қыбығы мен ішкі бөліктері арасындағы кедергі 0,05-0,1 В. Потенуиалдардың айырмасы клетка қабығының әр түрлі иондарды әр келкі жұтып және өткізетіндіктен пайда болады. Потенциалдардың айырмасын жасауға зат алмасу процесінде босаған энергия жұмсалады.

Тірі организмдерде ұдайы биотоктар болады. Рас өсімдіктер мен жануарлардағы биотоктың шмасы азғана. Мысалы, өсімдіктердің ұсақ тамырларындағы ток күші небары 0,01 мк А/мм2 – қа тең.

Биологиялық объектілердің физикадық қасиеттерімен, олардың ерекшеліктерімен немесе оларда болып жататын процестермен оқушыларды демонстрациялардың көмегімен таныстыруға болады.

  1. ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ТАНУМЕН ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ

6 класта географияны оқып үйрену кезінде оқушылар Жердің қозғалысы, формасы мен өлшемдері туралы, атмосфераның құрылысы және сынап пен металл барометрлердің көмегімен атмосфералық қысымды өлшеу тәсіллері туралы, табиғаттағы судың айналысы, адамның өзендер мен желдің энергиясын пайдалануы туралы және т. б. білімдері нығайып, тереңдей түседі.

  1. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ОҚУ ШЕБЕРХАНАЛАРЫНДАҒЫ САБАҚТАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Физиканы оқып үйренудың еңбекпен байланысы – политехникалық оқудың қажетті шарты. Оқушылардың оқу шеберханаларындағы жұмыс тәжірибесіне сүйену проблемалық мәселе қоюдың негізгі қызметін атқаруы мүмкін. Мысалы, қыздырған кездегі денелердің ұлғаю құбылысын оқып үйренуді мынадай сұрақ қоюдан бастауға болады. «Металл жонатын станоктарда өңдеу уақытында қызған детальдарды неліктен олар суынғанша өлшемейді?»

  1. ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Кейде гуманитарлық пәндердің физикаға тікелей қытысы жоқ деп жаңсақ түсінеді де, сондықтан ол пәндермен байланысына тиісті көңіл бөлмейді. Ал шынында тарих, әдебиет сияқты пәндер оқушыларды физикаға да ортақ мәселелермен таныстырады, бірақ оларды басқа жағынан алып қарастырады.

Г. Галилейдің өмірі мен жан аямай жасаған ерлік күресі мәліметтеріне зор көңіл аударған жөн. Бұл тарих мұғаліміне оқушылармен XV ғ. соңы — XVIIғ. бірінші жартысындағы Еуропаның мәдениеті туралы бөлімді неғұрлым тереңірек қарастыруға көмектеседі., мектеп оқушылары одан бұл дәуірде географиялық білімдердің, әлем туралы білімдердің кеңейгені және Дж. Бруно, Коперник пен Галилейдің шіркеумен күресі жайлы біледі.
8 класта физиканы оқып үйрену кезінде оқушылар үшін жылу машиналарын жасап шығудың тарихи жөніндегі материалдың маңызы ерекше, соны мысалға алу арқылы өндірістің ғылымға және ғылым мен техника жетістіктерінің өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына өзара әсері мәселелерін көрнекі түрде көрсетуге болады.

7 класта оқушылар бу ғысырын электр ғасырымен алмастыруға себеп болған орыс және шетелдік ғалымдар мен өнертапқыштар, олардың ашқан жаңалықтары мен өнер табыстары туралы білуі тиіс. Оларға атмосфералық электрді зерттеу жөніндегі В. Франклиннің, Г. Рихманның және М. В. Ломоносовтың, токтың химиялық көзін зерттеу жөніндегі А. Вольт пен В. В. Петровтың жұмыстары, М. Фарадей ашқан электромагниттік индукция және ақырында электротехниканың негізін салған аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардың – П. Н. Яблочковтың, А. Н. Лодыгиннның, П. Л. Шиллингтің, Б. С. Якобидің, Э. Х. Ленцтің, М. О. Доливо-Добровольскийдің, И. Ф. Усагиннің, Т. Эдисонның – жұмыстары жатады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.