Жаңа сабақтар

Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Қарауылкелді орта мектебі

Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы

физика пәнінің мұғалімі

Физика 9 класс

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік:оқушыларға дыбыс ұғымы және оның негізгі сипаттамалары туралы түсіндіре отырып,жаңа білімді меңгерту.

2)Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дыбыс толқынның негізгі сипаттамалары туралы білімдерін одан әрі дамыту.

3)Тәрбиелік: оқушыларды дыбыстың қасиеттерін техника мен тұрмыста қолдана алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, музыка, биология.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, темір сызғыш, домбыра, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. Үй жұмысын сұрау.
  3. Жаңа білімді қалыптастыру.
  4. Жаңа білімді бекіту.
  5. Сабақты қорытындылау.
  6. Үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Сынып бөлмесінің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй жұмысын сұрау:

  1. Толқын дегеніміз не?
  2. Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?
  3. Бойлық толқын ше?
  4. Толқын ұзындығы деген не?
  5. Толқын жылдамдығы деген не?
  6. Сейсмикалық толқындар туралы не білесіңдер?

Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай орындап келгенін тексеру.

3. Жаңа білімді қалыптастыру.

Демонстрация:

  1. Темір сызғышты тербеліске түсіріп,дыбыс шығарғанын бақылау
  2. Домбыраны шерту арқылы не байқадыңдар (дыбыс шығару)

Ой қозғау

  1. Біз дыбыстарды көре аламыз ба?
  • Барлық дыбыстарды ести аламыз ба?

  • Дыбыс қандай жылдамдықпен қозғалады?

  • Дыбыс жарық сияқты шағылыса ма?

  • Тербеліс жиілігі 16 Гц-20000 Гц- ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады.Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды. Грек тілінен akustikos –дыбыс деген сөзінен шыққан.

    Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.

    Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды.Кейбір тіршілік иелері 20-30 мың Гц –ке (мыс жарқанаттар 21 мың Гц-ке, дельфиндер-28 гц-ке дейінгі тербелістерді), ал, инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.

    Дыбыс барлық ортада тарай алады. Қатты ортада жылдам тарала алады, одан кейін сұйықта. Ал, ауада дыбыс баяу тарайды.

    Мысалы:күн күркіреп,найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарқырауын көреміз де,біраздан кейін ғана күннің күркіреген дыбысын естиміз.

    Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.

    Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.

    Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.

    Камертон – доға тәрізді қысқы сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Мектеп камертондары бірінші октаваның “ля” нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.

    Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.

    Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

    Өлшем бірлігі – Децибел (дБ)

    1847 -1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш Генри Белдің құрметіне бел деп аталған. 1 бел = 10 дБ –ге тең.

    Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

    Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.Интербелсенді тақтадан жануарлар мен құстардың дауысын қосу

    Шу — әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

    Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.

    Ультрадыбыстар техникада және медицинада кеңінен қолданылады.

    Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.

    Медицинада (УЗИ) адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу)үшін пайдаланылады.

    Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтақталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асады.

    • Есептер шығару(оқулықпен жұмыс)

    26- жаттығу

    №1.Кез келген тербелетін дене ауада механикалық толқын тудырады.Неліктен онда олардың барлығы да дыбыс толқындарын таратпайды?

    Жауабы:Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болуы тиіс.

    №2.

    Бер: Шешуі:

    ν=510Гц υ=λν

    υ=340м/с λ= = =0,7м

    т/к λ-?

    №3

    Бер: Шешуі:

    t=10с υ=

    υ=343 м/с s=υt=343м/с·10с=3430м

    т/к s-?

    №5

    Бер: Шешуі:

    ν=740Гц υ=λν

    υ=1480м/с λ= = =2 м

    т/к λ-?

    • Физикалық диктант. (Иә, жоқ деп жауап беру)

    1.Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.
    2. Жиілігі 20Гц — тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
    3. Найзағай – табиғи дыбыс көзі.
    4. Акустика – дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
    5. Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.
    6. Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
    7. Дыбыстың аудағы жылдамдығы 230 м/с.
    8. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.
    Жауаптары: 1. иә, 2. жоқ. 3. иә, 4. иә, 5. жоқ, 6. иә, 7. жоқ, 8. иә.

    • Тесттік тапсырма:
      1. Жиілігі 16 Гц — тен төмен дыбыстар қалай аталады?
      А) инфрадыбыстар
      Б) акустикалық дыбыстар
      С) ультрадыбыстар
      Д) толқындық дыбыстар
      2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
      А) 20 000Гц
      Б) 200 000Гц
      С) 200Гц
      Д) 2Гц
      3. Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралса, толқын ұзындығы қандай болғаны?
      А) 4, 55м
      Б) 4, 5м
      С) 5м
      Д) 4, 35
      4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
      А) тонның биіктігіне
      Б) тербеліс амплитудасына
      С) тербеліс жиілігіне
      Д) таралу жылдамдығына
      5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
      А) метр
      Б) герц
      С) метр/секунд
      Д) децибел
      6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы қанша?
      А) 340м/с
      Б) 50м/с
      С) 1480м/с
      Д) 5600м/с
      7. Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы..
      А) тон Б) шу С) тембр Д) музыкалық дыбыс
      Жауаптары: А, А, Д, Б, Д, А, С.

    Сабақты қорытындылау.

    Үйге тапсырма: §31,32.

    Бағалау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.