Жаңа сабақтар

Дуюсова Райхан Жуматаевна

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы.

№9 «Наурыз» бөбекжайы

Тәрбиеші: Дуюсова Райхан Жуматаевна

Тақырыбы: «Ойын арқылы таным үрдістерін, қол машықтарын дамыту»

«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» Халық даналығы XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ойөрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні — мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор.

Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының ісәрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісітіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарымқатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: — балалардың сөздік қорларын дамыту; — жаңа сөздерді меңгерту; — үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің артуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлеміз және бұл біздің ең негізгі алдымызға қойған мәселеміз. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге,асады. Ойынның маңызы: 1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы, артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады. 2. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, балалардың білімінің сапасын арттыруда, оқу іс-әрекетін қызықты өткізуге, тәрбиеші үшін тиімді. 3. Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді. Тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын ,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде төмендегі ойындар топтамасын ұсынып отырмын. 1) Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар Төрт құбылыс Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» — десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады. Көңілді шеңбер Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? — деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. Орныңды тап Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады. Ойыншықты сипатта Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Сөзді есіңде сақта Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек. көктем — жаңбыр жаз — күн шықты аспан — бұлт жер — шөп 2) Қиялды дамытуға арналған ойындар Менің көңіл-күйім қандай Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді — көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, …т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Ойын-балалардың өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын, төзімділікті,алғырттықты, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, көп білуді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ойын тек баланың, дене күшін, қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа , дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, есейуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.Ойын- бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды, бала отбасымен және қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарас қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдарымен ойын барысында бірлесе шешім қабылдау, басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде сезінеді. Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, саусақ ойыны ма, сюжеттіме, драмалық болсын баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.