Жаңа сабақтар

Түгелбаева Венера Қанатқызы

Жамбыл облысы,Шу ауданы, Төлеби ауылы.
«Өнер мектебі»
«Қолданбалы сәндік өнер» үйірме жетекшісі : Түгелбаева Венера Қанатқызы
Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу технологиясы
Сабақтың мақсаты: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясы
туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: сарамандық.
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Дайын бұйымдар.
2. Құрал — жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын бағалау.
Қайталау сұрақтары:
1. Қандай кесте түрлерін білесің?
2. Кестелеу барысында қандай құрал- жабдықтар қолданылады?
3. Кестелеу барысына қойылатын талаптар?
4. Мата таңдау туралы не білесің ?
5. Кесте өрнегін дайындау жолдарын ата?
ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІҮ Жаңа материалды меңгерту.
1.Қолөнер — ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады. Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтың бірі кергіш. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды.
Ү Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
1. Инені аузыңа салма
2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Нұсқау карта
Жұмыстың орындалу реті. Керекті заттар
1. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаны кергішке керу
4. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
1 — кезең. «Түкті кесте» тігу технологиясы. Кестені кергішке керу арқылы орындайды.Кергіш төртбұрыш немесе дөңгелек болуы мүмкін.Бұл кестенің бедері сүлгінің (орамалдың) түгі тәрізді болып келеді. Таңдалған кестенің сызбасын матаның теріс жағына сызады. Мата жұмсақ тез тесіліп қалмайтын болуы шарт. Кестелейтін жіпке келсек: кесте тігуге арналған түрлі түсті жіпті қалауынша пайдалануға болады.
Ал түкті кестеге арналған «кестенің бізін» мал егуге арналған жуантық шприцтің инесінен дайындайды. Инеге тігін машинасының инесі тәрізді тесік жасап, ұшынан 1см жер қалдырып, резина (өшіргіштің бөлшегі)өткізіп дайындайды. Жіпті иненің бойымен өткізіп келіп,тесіктен кері өткізу қажет. Кесте тартымды болу үшін тігістің ара қашықтығы 1-2мм, тігін машинасының тігісі тәрізді түсуі қажет. Бұл кестемен әркімнің өз қалауына қарай жастық, төсек жапқыш (плет), қабырғаға ілуге арналған бұйымдар т.б жасауға болады.
2 — кезең. Жастықша кестелеу
3 — кезең. Айқас тігісімен кестелеу.
4 — кезең. Бисермен кестелеу.
ҮІ. Сабақты бекіту.
Мақал мәтелдер
1. Алтын кемер белге сән

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.