Жаңа сабақтар

Ойын жаттығуларының бала көңіл күйіне әсері

Тараз қаласы, №2 «Айсұлу» бөбекжай-бақша психологы

Кебеева Акмарал Апбасбековна

Ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы педагогикалық тәсіл.

«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, ойынның қай түрі болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап, өрбитінін байқаймыз. Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз.

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады, оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі.

Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: ойын сабақтар және диадактикалық тапсырмалар.

Ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды үйрету керек. Бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға талпындырып, балаларды ойнатуға үйреніп, сондай-ақ ойын өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде қалыптасады. Өзіндік әрекеті балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын ойнағанды және өз ынталарымен беріліп ойнайды. Тапсырмаларды өз беттерімен орындап және ұйымдастырып бір-біріне әділ баға беруге үйренеді.

Балабақшада мектеп жасына дейінге балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі. Ойын арқылы білімді меңгеріп және бекіту үшін дағды мен әдетті қалыптастыру қажет.

Балабақшада жиі қолданатын ойын түрі:

  1. Ойыншықпен ойналатын ойындар.
  1. Үстел үстінде ойналатын ойындар.
  2. Сөздік ойындар.

Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеу, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсу және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесу қажет.

Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:

Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент –дидактикалық тапсырмалар болып табылады. Ал қалғаны осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі.Тапсырмалар әр түрлі болады және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты:

Ойынның басты рөлі ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін , қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл ой қабілеттерін дамытады.Әсіресе кішкентай топтағы балалардың өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез- құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады; көңіл аударғыштығын және байқағыштығын және мейірімділікке үйретеді:

Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге , бір-бірімен қарым-қатынас жасауға , әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге үйретеді.Осы баланы мектепке даярлайды.Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақта және сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке дара ойнауына арналған (мозайка, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойында 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар санды үйрету үшін өте қолайлы. Ойын өткізгенде ойын мақсатын сақтай отырып, оны тек ұйымдастырып қана қоймай оған өзімізде қатысып ережені орындауды талап етіп үйрету керек. Дидактикалық ойынды қолдану үшін өте үлкен шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң , ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймыз және оны жүргізу үшін алдын ала дайындалу қажет.Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез-құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі. Дидактикалық ойында білім беру мен оқыту бір-бірімен тығыз байланыста жүреді.

Қорыта айтқанда, ойын -баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін.Ал, іс-жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ісін іске асыру оңай емес.Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Мектепке дейінгі мекемелердің оқытудағы негізгі міндеті: сәбилер тобынан бастап балаларға білім, дағды, іскерлікті берумен қатар ойлау қабілеттерін қалыптастырып балаларды ойлау жұмысына дайындау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.