Жаңа сабақтар

Кумысбаева Жанат Колышпаевна

БҚО, Бөрлі ауданы, Пугачёв селосы. «Пугачёв» мектеп-балабақша кешені» Тәрбиеші:Кумысбаева Жанат Колышпаевна Тақырыбы: «Ойын арқылы баланың ой-өрісін дамыту»

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес».
(В. А. Сухамлинский).

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын — жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады,

дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады,

сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.

Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілікетеді». Ойын мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі іс — әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл — ойын парасаттылығын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті

Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап,жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар,атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Балалардың интеллектуалдық дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. Мысалы: Логикалық тізбек ойындары. Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс – қимылдар жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның дамуына мақсатты түрде білім беру мамандарының, ата — аналардың, балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет. Балалар ойыны заттық – қол қимылының (пирамида жинау,текшелерден үй құрау) даму жолынан бастап интеллектуалды даму ойынына дейін жетеді. Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады.Бұл ойындар арқылы баланың интеллектуалды дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтидыМысалы,

«Суреттерді есте сақта», «Керекті фигураны тап», «Қызықты геометрия»,«Лабиринт ойындары»және т.б.. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін де қалыптастырады. Қорытып айтқанда, балаларды интеллектуалды дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге,бекітуге,оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді. Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс — әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай — ақ заман ағымына да белсене қатысады.
Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс — әрекет кезіндегі тілдік қарым — қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйрететін де ойын. Бала үшін ойын өзін — өзі жетілдіру мен өзін — өзі көрсетудің құралы. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс — әрекетін ойын түрінде күрделендіре түсу керек.
Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады. Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, ол қатар құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір — бірімен қарым қатынас жасайды.
Оқу ісі — әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.
Ойынның түрлері:
• Ұлттық ойындар
• Сюжетті рольді ойындар
• Педагогикалық ойындар
• Дидактикалық ойын
• Шығармашылық ойын
• Қимылды ойындар
Педагогикалық ойын технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Дидактикалық ойындар арқылы оқу іс — әрекеті барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу іс — әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу іс — әрекеті барысында ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады.
Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.