Жаңа сабақтар

Тоқай Зураш

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Мектеп:

Күні:02.03.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сынып:1

Мұғалімнің аты – жөні: Тоқай Зураш

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Ұзындық. Салмақ. Көлем
Оқу мақсаты 1.1.3.4. ұзындықтың см, дм өлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: ұзындықтың өлшеу бірліктерін см; дм атайды

Көптеген оқушылар: ұзындықтың см, дм өлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіреді, өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшейді

Кейбір оқушылар: шамалардың мәнін есептейді,

олардыңайырмаларын салыстырады

Бағалау критерийлері
  • Ұзындықтың см, дм өлшем бірліктерін олардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіреді.
  • Өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшейді;
Тілдік мақсаттар Балалар шамаларды ажырата алады,ұзындықтың см,дм өлшем бірліктерін біледі;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сантиметр – сантиметр — centimetre
Дециметр — дециметр — decimetre
Килограмм – килограмм — kilogram
Литр — литр — litre

Құндылықтарды дарыту Достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

жауапкершілік;

қарым-қатынас жасау қабілеті

Пәнаралық байланыстар Сауат ашу- шамаларды жазу барысында сауаттылығына назар аудару
АКТ қолдану дағдылары Кестені көрсету арқылы оқушылар шешімін тексереді, сергіту сәтінде интербелсенді тақтаға қарап,қимылдарын қайталайды
Бастапқы білім Оқушылар ұзындық,көлем туралы мәтінді оқи алады,құралдарын таниды
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекен Ресурстар
Сабақтың басы Психологиялық ахуал.

Кел,жаныма тұр сыныптас,

Өз алақаныңды аш.

Міне,менің қолым бос,

Жылуыма жылы қос!

1-Бүгін

2-саған

3-денсаулық

4-сәттілік

5-тілеймін

«Ханталапай» ойыны бойынша топқа бөлінеді.

Талапай- ау,талапай,

Табылды ойын алақай,

Асықтарды шашайық ,

Талапайға басайық.

Үш түрге боялған асықтардың ішінен әр оқушы өзіне ұнаған түстегі 1 асықты таңдайды

I топ қызыл түсті асық – таразының суреті

II топ сары түсті асық – текше суреті

III топ жасыл түсті асық – сызғыш суреті

Топтарға арналған сұрақтар :

I топ — таразы не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

II топ — текшені өлшегенде нені табамыз?

III топ –сызғышпен нені өлшейміз?

1-тапсырма

(Ұ) «Кім зерек?» ойыны жүргізіледі:

-Түскі асқа қанша уақыт бөлесіз?

-Келесі аптаға дейін мен 10 см- ге өсемін бе?

— Бүгіннен бастап бір күннен соң қанша уақыт өтеді?

Смайлик арқылы бағалау

Сабақтың ортасы 2-тапсырма

(Ж) Шамаларды өлшем бірлігіне қарай құстұмсық белгісімен белгілеңіз.

Графикалық кесте тәсілі қолданылады.

см кг г л мин дм сағ апта

«Бағдаршам»тәсілімен бағалау

(Кестені көрсету арқылы жұпта отырған балалар шешімін тексереді)

Сергіту сәті «Қара жорға» биі

3-тапсырма

(Ұ) Суреттерді тиісті өлшеу құралдарымен сәйкестендіріп сызыңыз

Өлшем бірліктерін жазыңыз.

Дескриптор:

-Қарындашты сызғышпен сәйкестендіреді

-Банканы құмырамен сәйкестендіреді

-Қызанақты таразымен сәйкестендіреді

— Ұзындық өлшем бірліктерін жазады

— Салмақ өлшем бірлігін жазады

— Сыйымдылық өлшем бірлігін жазады

Шапалақ тәсілімен бағалау

Бір шапалақ-2 дұрыс жауап

Екі шапалақ-4 дұрыс жауап

Үш шапалақ-6 дұрыс жауап

(Т) «Қобдиша» тәсілі

Қобдишаның ішіне ұзындық, салмақ, сыйымдылықты өлшейтін заттарды салу. Оқушылар олардың қандай заттар екендігін атайды.

Қобдишаның ішіндегі заттарды алып, олардың қайда пайдаланатындығын түсіндіреді.

Сызғыш, сантиметрлік лента – заттардың ұзындығын өлшейтін құрал.

Ұзындықты см, дм өлшейміз.

Партаның ұзындығын табады

Электронды таразы — дененің салмағын анықтайтын құрал.

Салмақты кг өлшейміз.

1кг алманың салмағын өлшейді

Шыны ыдыспен сыйымдылықты өлшеуге болады.

Сыйымдылықты л өлшейміз.

2 литр банканың көлемін өлшейді

Постер қорғау

Бас бармақ тәсілімен бағалау

4- тапсырма

(Т) Салыстырыңыз: Топтас,ойлан

1 топ 20см.-10см. * 20см.+20см.

1дм. * 10см.

2 топ 40см.-20 см. * 30см.-20 см.

2дм * 20см.

3 топ 10см.+30см. * 30см.+10 см.

3см * 30 см.

5-тапсырма

(Т) Ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіріп жазыңыз.

36см= дм см

45см= дм см

63 см= дм см

4дм 1 см = см

6дм 3см = см

9дм 8см = см

Ұн, тұз, сандық,

айран, сағат, ай,текемет

суреттері салынған кесте

Постер

Сабақтың соңы «Бес саусақ» тәсілі жүргізіледі

Бас бармақ-мен үшін не маңызды және қызықты болды(сен түйеңе бар)

Балан үйрек-не үйрендім (сен сиырына бар)

Ортан терек-не қиын болды(сен қойыңа бар)

Шылдыр шүмек-менің көңіл-күйім( сен жылқыңа бар)

Кішкентай бөбек-менің ұсынысым(сенн тауыққа бидай шаш. Қуыр,қуыр ,қуырмаш)

Саралау

Кейбір оқушылар:

4-сәйкестіндір ;5 тапсырма- ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіріп жазу тапсырмаларды орындау барысында шамаларды сәйкестендіруге,бірліктерін қысқартып және дұрыс жазуға ұзындықтың см,дм өлшем бірліктері арасындағы қатынасты түрлендіруге бағыт беремін;

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

1-тапсырма-смайлик

2-тапсырма-«Бағдаршам»тәсілімен бағалау

(Кестені көрсету арқылы жұпта отырған балалар шешімін тексереді)

3-тапсырма- Шапалақ тәсілімен бағалау

Бір шапалақ-2 дұрыс жауап

Екі шапалақ-4 дұрыс жауап

Үш шапалақ-6 дұрыс жауап

4-5- тапсырма- Әткеншек тәсілімен бағалау

Топ көшбасшысы тексереді

Постер қорғау- Бас бармақ тәсілімен бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.