Жаңа сабақтар

Рысбаева Маржан Куненджановна

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы

МКҚК №38 «Гүлдер» балалар бақшасы

Тәрбиеші:Рысбаева Маржан Куненджановна

Тақырыбы: «Балабақшадағы бақытты күндер!» Эссе

Балалармен жұмыс істеу-үлкен бақыт. Себебі тек бала ғана еш нәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді,кішкентай алақанын менің алақаныма қойып,өз құпияларын айтып,маған сенім артады.Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды.Өткені мен- оларға ,олар маған қажет екендігіне сенімдімін.Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып қана қоймай,бар жүрегімен және жан тәнімен сезіне білу қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.

Шынымды айтсам,кейде жұмыстан үйге келгенде,қатты шаршағанымды сеземін.Бірақ сол балалармен өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып,олардың ыстық ықыласы,маған қараған үмітке толы көздері,тәтті қылықтары, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін.Осы бір « балалар әлемінің теңізіне » бір бойласам ,ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейды. Өйткені бала жаны пәк,бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты.Көзін ашып,тұнығына қану үшін,тәрбиешіде жылы жүрек,аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет-баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Оның адамшылық ар-ожданын,намысын,тұлғасын жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту.

Француз ағартушысы ,жазушысы,Жан-Жак Руссоның: « Бала туғанда ақ қағаздай болып,таза туады,қағаз үстіне шимайды қалай салсаң,солай түседі,бала тәрбиесі де сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең,ол солай солай тәрбиеленеді » деген нақыл сөзі балабақшадағы балаларға арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамытатындай баланың жас ерекшелігіне сай құрылса,баланың ынта-жігері артары сөзсіз.Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін,ой өрісін,тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын.Себебі бала рольде өзі ойнаса,сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойында асыл қасиет- ақыл , парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір,сонымен қоса,ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін,тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан –жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінің айқын аңғардым.Әрине,әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес.Ал тәрбиешіде бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Тәрбиеші ! Бұл –әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз. Өйткені біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз.Өйткені біз жас ұрпақ санасына қазыналы да бай ана тілі-қазақ тілін сіңірудеміз.Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды,дәстүр мен салтты,ұлтымызға тән ізгілікті,жалпы,адамзатқа ортақ өркениет ұстанымдарын жұғысты етудеміз.

Халқымызда « еңбегі көптің өңбегі көп » деген керемет сөз бар.Демек,мен бойымдағы жастық жігерімді,күш қуатымды,жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек.Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам,сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса,мен өзімді бақытты ұстаз-тәрбиеші,бақытты жанмын деп білемін.

Ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәрбиеге баулап,салауатты өмір салтын ұстап, бойына адамгершілікті,мәдениетті,инабатты,иманды сіңіріп,өз ана тілін құрметтейтін болашақ ұрпақ тәрбиелесек,әрбір тәрбиешінің өз міндетін мүлтіксіз орындағаны деп білемін.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.