Жаңа сабақтар

Жакипбекова Гульсим Конисбековна

Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылы

«Сыр Самалы» бөбекжай-бақшасы МКҚК

Логопед-дефектолог: Жакипбекова Гульсим Конисбековна

Саусақ ойындары арқылы ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, сенім білдіру, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады. («2030 стратегиясын жүзеге асыру жастардың міндеті» атты жолдауында) делінген. Аномальды бала физикалық және психикалық кешеуілдеуі бүкіл дамуына әсер еткен балалар жатады. Осындай балаларды тәрбиелеу және оқытуды қарастыратын ғылым саласы – дефектология. Осындай балаларды тәрбиелеу дарадан жас ерекшеліктеріне қарай, өз бетінше өмір сүріп, жұмыс жасай алғанға дейін жалғаса береді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық түзеудің маңызы өте зор. Психологиялық дамуы шектеулі балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Мұндай балалардың білім деңгейлерін, оқу үлгерімдерін көтеруде, зейінін тұрақтауда, ес қабілетін, ойлауын дамытуда ойынның алар орны ерекше.

Ойын – баланың жеке басының дамуына ықпалын тигізетін басты жетекші құрал. Бала ойын арқылы өз күш-жігерін жаттықтырады. Жас бүлдіршіннің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан өрбиді.

Сондықтан келешек өсіріп отырған тұлғаларымызды тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.

Ойынның негізгі ерекшеліктері: ол балалардың қоршаған ортаны, адамдардың қимылын, іс-әрекетін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Бала еш үнсіз ойнамайды, ол жүреді, сөйлейді, ыңылдайды, секіреді. Ойын барысында сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады.

Осындай тұжырымдарды ескере отырып, саусақ ойындарын, ұлттық ойындарды, қимылды ойындарды, дидиактикалық ойындарды, түрлі жаттығуларды таңдап, сабағымда және сабақтан тыс уақытта да ұйымдастырып,өткізіп отырамын.

Саусақ ойыны – ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойынын баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттыратынын білген. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды,ағаштарды бейнелей алады, таниды. Сөйлеу мүшелерінің қозғалысының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіріп, түзете отырып, дамыту жұмысын жүйелі жүргізуді қажет етеді. Сондықтан жыл сайын жеке бағдарламамда 3 жастан бастап «саусақ ойындарын» енгізіп үнемі сабағыма пайдаланып отырамын.

Саусақ ойыны:

Ұсақ моторикасын дамытады;

Зейінін, ес қабілетін дамытады;

Ойын әрекетін жетілдіреді;

Тілін дамытады;

Көру арқылы қабылдауын дамытады;

Шығармашылыққа бейімдейді; т.б.

Оқу процесіндегі қолданып жүрген саусақ ойын түрлері:

Өз- өзіне қызмет жасау ойыны; (бау байлау, сырма, ілгек салу, жуыну, қасық ұстау, киіну, шешіну, т.б. )

Ұлттық ойындар; (бес тас, сақина салу, сиқырлы қоржын, т.б.)

Қимылды саусақ ойындары; (музыканың ырғағымен «Ұзын құлақ, сұр қоян», «Егер саған ұнаса» , «Бала, бала балақан» «көрші»т.б.)

Саусақ арқылы дидактикалық ойындар; (сортермен жұмыс, жыл мезгілдері, домино ,т.б.)

Сюжетті-ролдік ойындар; («Үйшік», «Бауырсақ», « Шалқан» «Қуыршақ», т.б.)

Жұмыс жасап жатқан баланың саусақтарының икемін бақылап, қаншалықты тапсырманы орындай алады, төзімі жете ме? Осының барлығын бақылау қажет, саусағының икемі жоқ немесе саусақтары әлсіз қозғалатын балаларға көрсетіп, үйретіп отыру қажет.Ұсақ моторикасын дамытуды баланың кішкентайынан бастау қажет. Жоғарыда көрсетіп өткен, саусақ ойындарының түрлерін оқу процесінде бағдарламаға енгіздім. Әр бөлімде белгілі бір тақырыпқа мазмұнды ертегілер құрастырылып, кейіпкерлерді саусақтар арқылы бейнелеп, рөлдерін сомдап шығады. Бір сабағымнан мысал келтірейін: «Мысық пен ит»

Дамуында ауытқушылығы бар балаларды түзете – дамыта оқытудың ерекшелігі: қандай жағдайда болсын баланың жүрегінен жол тауып, олардың жасаған әр еңбегін бағалай отырып, жетістікке жетуге болады.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.