Жаңа сабақтар

«Менің Қазақстаным»

Павлодар қаласы № 48 санаторлық сәбилер бақшасы» МҚҚҚ

Тәрбиеші Кошумбекова Жанар Булатовна

Білімділік саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты:

1. Қазақстан республикасы туралы балалардың білімдерін толықтыру. 2. Сурет арқылы, пиктограмма, зерттеу арқылы әңгіме құрату, сөздік қорларын жетілдіру. 3. Отансүйгіштікке тәрбиелеп, өзінің еліне, жеріне, табиғатына деген ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Менің елім- Қазақстан Мақсаты: 1. Қазақстан республикасы туралы балалардың білімдерін толықтыру. 2. Сурет арқылы, пиктограмма, зерттеу арқылы әңгіме құрату, сөздік қорларын жетілдіру. 3. Отансүйгіштікке тәрбиелеп, өзінің еліне, жеріне, табиғатына деген ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру. Көрнекіліктер: Қазақстан республикасының картасы, сюжетті суреттер, үлестермелі тапсырмалар, зерттеуге арналған заттар: су құйылған ыдыстар,топырақ. Билингвалдық компонент: hello-сәлеметсіз бе, apple-алма

  1. Шаттық шеңберіне қою, балалардың көңілін көтерер сөздерді айтқызу, көңіл күйлерін көтеру.

Балалар, бізге көп қонақтар келіп қалыпты! Қане, бәріміз қонақтармен амандасайық

Балалар мен сендерді кішкене армандауға шақырамын! Көзімізді жұмайық. Елестетіңдер. Сендер ең әдемі табиғатты көріп тұрсыңдар. Сендер жалаңаяқпен жұмсақ, жасыл шөптің үстінде жүгіріп жүрсіңдер. Жасыл, жұмсақ шөп сендердің аяқтарыңды сипайды. Жерді күннің көзі жылытады. Сендер гүлдердің, шөптің хош иісін сезіп тұрсыңдар. Көңілді құстар ән айтып жатыр. Балалар, тыныш қана тұрып үндемей тұрайық. Өзімізді тыңдап және табиғатты сезіп тұрайық. Алақанды күннің көзіне жаяйық. Күннің көзінің нұрын сезейік. Ал қазір, біз көзімізді асықпай ашайық, қолымызды әр жаққа созып, табиғатқа алғысымызды айтайық! Ол бізге денсаулық, қуаныш, тамаша көңіл күйіміз үшін үлкен рахмет айтайық. Сендерге тым- тырыс уақытты ұнады ма?

Ал, қазір мен сендерді ойын ойнауға шақырамын. Ол ойын «Жақсы» деп аталады. Мен сендерге бір неше сұрақтар қоямың, ал сендер маған жауап бересеңдер. ( Балалар шенберде тұрып алақанымен соғады, жақсы деп жауап береді )

– Қүннің көзі жарқырап тұрғаны, жақсы ғой? — Достарымен ойнауға жақсы ғой? — Анамызды құшақтауға жақсы ғой? — Біздің барып жүрген балабақшада жақсы ғой? — Біздің республикамызда тұру жақсы ғой?

2.Тақырыпқа кіргізу Жақсы, ал енді балалар Отан деген сөзді қалай түсінесіндер? — Біз қандай республикада тұрамыз? — Әрине, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз . — Біз қай қалада тұрамыз? Біздің еліміз өте бай, өте әдемі, барлығымыз тақтаға назар аударайық . (Тақтада карта ілініп тұр) — Мынау не? -Дұрыс, мынау Казақстан республикасының картасы. — Біздің республика немен көрнекті? Ол туралы біз бүгін әңгімелесеміз

3. Жұмбақ жасыру (Балалар атайды, тәрбиеші карточканы ашады, картаға іледі)

Екі айнасы бар,

Екі айыры бар ( сиыр)

Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар ( қой)

Еш тесікке тұрмайды Ол жоқта жер құрғайды ( су)

Өсіп тұрған бұл не ? Жаз болса жайнап,

Саясына ән салып,

Құстар жүрген сайран ( ағаш)

  • Дұрыс, су, өсімдіктер, жануарлар- табиғаттағы байлықтары. Республикамызда өте көп тұзды және тұзшы су өзендері , көлдері бар. Адам суды күнде пайдаланады. Су — өзенде, көлде, теңізда болады. — Біздің қаламызда қандай өзен бар?
  • Ия, дұрыс Ертіс өзені бар

Қазір біз үстелге жақындап судың қасиеттері зерттейміз. 4. Тәжірибе жасау Судың қасиеттері. 1 тәжірибе — Судың түсі болмайды. Су-түссыз. 2 тәжірибе — Су-мөлдір. 3 тәжірибе — Су иіссіз. 4 тәжірибе Су ағады.

Стакандарда су бірдей, ма? Қалай ойлайсыңдар? Біз тағы да су туралы бір нәрсені білеміз- дәм. — Судың қандай дәмі болады? Неге? Суға қосатын қоспалар арқылы дәм өзгереді: ол қышқыл, тәтті және ащы болады.

5 тәжірибе жасап көрсету: мына екі ыдыстағы мөлдір судың біреуіне аз ғана топырақ салып көрейік. — Судан қандай өзгеріс байқадық? — Енді оны іше аламыз ба? Сондықтан, суды әрқашан таза ұстауымыз керек.

Қорытынды: Сусыз өмір жоқ. Сусыз өсімдік өспейді, жануарлар мен адамдар тіршілік ете алмайды. Сусыз ас пісіру де мүмкін емес. Суды ішеміз, жуынамыз, кір жуамыз. Көрдіңдер ме, балалар судың қажет емес жері жоқ, сондықтан да суды үнімдеп пайдалану керек, суға қоқыстар тастауға болмайды.

Балалар, суды көруге ғана емес, сезуге, естуге де болады. Сендер кішкене демалып отырыңдар. Қазір сендер судың дауысын еститін боласыңдар. Қандай дауыс екенін тауып аласыңдар. Жарайсыңдар, суды тыңдай білесіңдер.

Біз, қазір, тағы да картаға жақындайық. Қандай таңба ашылмай қалды? Таңбада орналасқан өсімдіктер және жанурлар. Неге? Дұрыс, біздің Республикамыз табиғат ресурстарымен өте бай. Қандай ресурстар бар екенін, біз қазір білеміз.

5. Пиктограмма арқылы топта жұмыс.

Қазір біз тағы да үстелге жақындап біз топпен жұмыс істейміз. Карточкалар арқылы, сендер өсімдіктер туралы әнгіме құрастырасыңдар.

1 топ- Павлодарда өсімдіктердің саны көп: қылқандар: шырша, қарағай, самырсын 2 топ — жапырақты: терек, қайын, қарағай. 3 топ – жеміс- жидекті: алма, алмұрт, құлпынай Қандай белгілер арқылы, біз ағаштарды ажыратамыз? Жапырақтар және дің арқылы. Тағы да иіс арқылы ажыратуға болады.

Қорытынды: Ағаштарды жапырақтар, дің және иіс арқылы ажыратылуға болады. Ағаштардың көп болғаны пайдалы, олар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады.

Балалар бәріміз шеңберге жиналамыз. Біздің қазақ жеріміз табиғат байлықтарына өте бай. Біз бүгін қай табиғат байлықтары туралы әңгімелестік: судың қасиеттері, өсімдіктер. Бізде тағы да бір таңба ашылған жоқ. Ия, дұрыс жануарлар. Жануарлар туралы біз келесі сабақта әнгімелейтін боламыз.

Ал енді қонақтармен қөштасайық. Қош сау болыңдар. Келгендерге көп рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.