Жаңа сабақтар

Чоктыбаева Салтанат Адиловна

Жамбыл облысы Қордай ауданы Өтеген ауылы

№8 Өтеген батыр атындағы орта мектептің

мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Чоктыбаева Салтанат Адиловна

«Түрлі – түсті дөңгелектер»

Білім беру саласы: «Таным »

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Сенсорика»

Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл.

Дамытушылығы: Дөңгелекті сопақшадан ажырата іріктеуге үйрету,жазықтықта үлкен көлемді геометриялық фигураларды салыстыра білуге дамыту

Тәрбиелігі:табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: «Түстерді қайталау

Көрнекіліктер: Шарлар, қағаз түстер

Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары

Билингвалды компанент : Қызыл — красный, Көк – синий Сары — желтый, Жасыл — зеленыйІ

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешісінің қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Тақтаға түрлі — түсті дөңгелектер ілінеді, жәнеде дөңгелек шарлар қойылады.Түрлі – түстерге тоқталу. Балалардың ойынға деген қызығушылықтары артады. 2 – кезең Проблемалық ізденушілік Қане түзу тұрайық Амандасып алайық, Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сәлеметсіз бе апай! Балаларға тақпақтарды ұсыну.Балалар қане, қазір біз түрлі — түстерге әлеміне саяхат жасаймыз. 1 — аялдама: «Шарлар» аялдамасы Ал, қане балалар біз аялдамаларды өтіп шығу үшін автобуспен жүріп барамыз.Қане балалар біз бірінші аялдамамызға келдік түсіңдер. Біз қандай аялдамаға келдік? «Шарларды өз себетіне жинаймыз» Дөңгелек шарларды себетке жинап қойып, балаларды шығарып музыкамен сол шарларды, өз түстерімен себетке жинатқызу.Ал балалар енді, келесі аялдамаға барайық 2 – аялдама «Үйшік» аялдамасы «Үйдің терезелерін саламыз» Балаларға геометриялық пішінді үйдің бейнесін беріп, сол үйдің терезелеріне өз — өз пішіндерін дұрыс орын – орына қоямыз. (Музыкамен)Жарайсыңдар балалар!
Ұйымдастыру-іздестіру Сергіту кезеңі:Балалар автобусымызға мінейік келесі аялдамаға кеттік.Балалар бұл қандай аялдама? 3 — аялдама «Пирамида» аялдама Балалар бірінші біз пирамиданы жинамас, бұрын ең үлкенінен кішісіне қарай жинаймыз. Ал балалар апаймен бірге жинаймыз.(Музыкамен) Жарайсыңдар балалар! Балалар біздің енді топқа кететін уақытымыз болды. Топқа кеттік. Автобусқа отырып топқа келеміз. Қызыл, сары, көк түсті. Міне шарлар көп тіпті. Қане қайсысын таңдайсың, түсін біліп алғайсың. Ақ қанатты көбелек , Көп қанатты көбелек, Қызыл қанат көбелек Біздің үйге келіп кет .Балалар автобустан түсіп, аялдаманы атайды. Бірінші аялдама «Шарлар» аялдамасы Балалар қуана – қуана қызығушылық танытып шарларды жинайды.Балалар апаймен бірге геометриялық пішіндер арқылы үйдің терезелерін салады. Бала — бала балақан Қане көрсет алақан Саусақтарым әйбат Былай – былай ойнат Топ – топ басамыз Шапалақты қосамыз Жаса, жаса алтын күз Жаса, жаса жарқын күз. Пирамида аялдамасы Апаймен бірге пирамиданы балалар жинайды
Рефлексивті-түзетушілік ІІІ — Қане, балалар шеңберге тұрайықшы.Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық, енді сендер осы түстердің өз – өз ілгіштеріне апарып іліңдер Балалар бүгін қандай жұмыс жасадық? Қандай түстер үйрендік? Жарайсыңдар балалар!Мадақтау. Топқа келеді. Шеңберге тұрады.Балалар әр түсті өз – өз ілгіштеріне апарып іледі.Аялдамалар арқылы ойындар ойнадық.Көк, сары, қызыл

Күтілетін нәтиже:Жаңғыртады: Түстерді, дөңгелектерді Түсінеді: Шарлар арқылы түстерді, ойын арқылы топтастыруды .Қолданады: 4 түстерді топтастыруға үйренеді


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.