Жаңа сабақтар

Берниязова Баян Бердибаевна

Манғыстау облысы .Жаңаөзен қаласы. Арай бөбекжай бақшасы

Тәрбиешісі Берниязова Баян Бердибаевна

Білім беру саласы:Таным.Әлеуметтік орта.Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Ақпараттық құралдар»

Мақсаты: теледидар,радио,компьютердің ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы түсініктерін кеңейту.

Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, телефон,теледидар,компьютер.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауаптар,мақтау-мадақтау,қорытындылау.

Сөздік жұмыстар: Интер белсенді тақта, компьютер т.б.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотива-циялық-қозғау-шылық

Іздену-ұйымдастыру-шылық

Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Шаттық шеңбері.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Ай аттарын кім атап береді?

-Жарайсыңдар, балалар!

Олай балса балалар, бізге болатын

оқу іс-әрекет: Қоршаған орта.

Өткен тақырыбымызды есімізге түсірейікші?

-Жарайсыңдар,балалар!

Сендер өткен тақырыпты ұмытпаған екенсіңдер.

Ғажайып сәт:

(Осы кезде педагогтың телефоны шырылдайды)

Алло, сәлеметсіз бе, Жақсы кіріңіз.

Балалар, бізге теле арнадан қонақтар келген екен.

Қонақтармен амандасайық.

Телеарна жүргізушісі:

Сәлеметсіздер ме,балалар!

Сәлеметсіздер ме,қадірменді қонақтар!

Кешірерсіздер,балалардан сұхбат алсақ па деп едік.

Балалар ,сендерге қояр бірінеше сұрақтарым бар?

-Балалар,қай Республикада тұрасыңдар?

-Елбасшымыз кім?

-Қай ауылда тұрасыңдар?

-Қай балабақшаға барасыңдар?

-Қай топта тәрбиеленесіңдер?

-Жарайсыңдар,балалар!

Сіздерден сұхбат алғаныма өте қуаныштымын.

Сіздерді теледидардың кешкі бағдарламасында көрсетеміз.

Сіздермен бірге болған Жассаунова Сандуғаш, Аманғали Бекарыс Жаңаөзен телеарнасы арнайы сіздер үшін.

Сау болыңыздар!

Балалар,біздерге кімдер қонаққа келді?

-Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз осыған байланысты

«Ақпараттық құралдар»деп аталады.

Балалар ақпараттық құралдарға теледидар,радио,компьютер,интернет желісі, газет-журналдар жатады.

Біз күндегі жаңалықтарды теледидарды көру арқылы біліп отырамыз. Радиодан естіп тұрамыз. Газет-журналдарды оқу арқылы біліп отырады екенбіз. Ауа-райын

болжап ,бізге хабарлап тұратын спутникті де ақпарат құралы дейді. Себебі, бұлардың бәрі жан-жақты хабардар етіп тұратын ақпарат таратушы құрылғылар.

Сергіту сәті:

Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.

-Жарайсыңдар,бір сергіп қалдыңдар ма?

-Өте жақсы,орындарымызға жайғасып отырайық.

Балалар,кім маған осы байланыс құралдары туралы тақпақтар айтып береді?

-Балалар ,сендер тақпақтар білесіңдер ме?

-Балалар, бізге қандай оқу іс-әрекет болып жатыр?

-Жарайсыңдар, өте жақсы .

-Жаңа тақырыбымыз қалай аталады?

-Бізге кімдер қонаққа келді?

-Сендерге не үшін келген екен?

-Оны қайдан көрсетеміз деді?

-Ақпараттық құралдарға нелер жатады?

-Не себепті ақпараттық құралдар деп атайды?

-Жарайсыңдар, сендер жаңа тақырыпты өте жақсы түсінген екенсіңдер.

Балаларды мақтап-мадақтап, оқу іс-әрекетті қорытындылау.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай түссін жүзіміз.

Біз бақытты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті тұрамыз.

-Қыс мезгілі.

-Үш ай бар.

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Қоршаған орта.

-Мен тұратын ауыл.

-Балалар, ғажайып сәтке таң қалап қарайды.

Келген қонақтармен амандасады.

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Н.Ә.Назарбаев

-Теңге ауылында тұрамыз.

-№26 «Шапағат балабақшасына» барамыз.

-№10 «Назерке» тобына барамыз.

-Сау болыңыздар.

-Телеарна қызметкерлері келді.

«Ақпараттық құралдар»

Сергіту сәті:

Дүйсенбі де доп ойнадық аулада.

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні кино көрдік клубта.

Жексенбіде үйде болдық

дем алдық,

Осылайша өте шықты

бір апта.

Тақпақтар:

Жалғас:

Өнер білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны,

Мың шақырым жерлерге,

Кұн жарымда барғызды.

Дәнияр:
Әй, телефон, телефон,
Мамаң келіп бұраса.
Кім керегін сұраса,
Тез шақырып келесің,
Айтқанына көнесің.

Раяна:
Әй, телефон, телефон,
Ал мен келіп бұрасам,
Кім керегін сұрасам,
Тыңдамайсың бірін де,
Гуілдейсің, мұның не?

-Қоршаған ортамен таныстыру.

-Ақпараттық құралдар.

-Телеарнадан қонақтар келді.

-Сұхбат алды.

-Теледидардан көрсетеді.

-Теледидар,радио,телефон,

Компьютер, интернет желілері жатады.

-Алыстағы аға-апаларымызбен сөйлесеміз.

Ауа-райын хабарлап отырады.

Көріскенше күн жақсы,

Ашық болсын аспаның.

Жиі келіп тұрыңыз,

Сау-саламат болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: теледидар,радио,телефон,компьютер,кітаптар мен газет-журналдардың ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы.

Игереді: қарапайым ақпарат көздерін қолдануды, ақпарат алушы мен таратушы туралы білімді.

Меңгереді. Ақпараттық электронды техникалар, газет-журналдар, телехабарлар арқылы алуға және таратуға болатындығын, қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.