Жаңа сабақтар

Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерін салыстыру

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Жаңаөзен ауылы

К.Шакенов атындағы орта мектебі КММ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Нысангалиева Диана Адалбековна және 7 сынып оқушысы Алмазқызы Аяла

Ғылыми жоба тақырыбы: Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерін салыстыру

Кіріспе

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

  1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

1) Make hay while the sun shines-

Темірді қызғанда соқ.

2) Let sleeping dogs lie –

Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

  1. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;

1)Never say die — Салық сұра кетпесін.

2)Don’t count your chickens before they are hatced —

Тігілмеген етігіңді мақтама,

орылмаған етігіңді ақтама.

  1. Шартты райлы сөйлем түрінде:

1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар.

2)If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.

Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.

Мысал:

Ағылшын баламасы Қазақша баламасы
«It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen» «Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің, иті үры

кеткен соң үреді»

Business before pleasure Еңбек түбі-бейнет,

Бейнет түбі-зейнет.

East or West, home is best Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Great boast, small roast Сөзге көп-іске жоқ.
No sweet with out some sweat Жылай-жылай жер қазсаң,

Күле-күле су ішерсің.

Жұмыстың мақсаты: қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұнындағы ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.

Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

Міндеттері:

  • қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуіне тоқтау;
  • ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін айқындау және оларды топтастыру;

  • ағылшын және қазақ мақал — мәтелдеріне этнолингвистикалық

сипаттама беру;

  • қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал — мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,

т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

    1. Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы «Book of Proverbs in the Old Testament» атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы «Collectanea» (818 MM), 1508 жылы Венецияда «Chiliades» (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы «A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue» атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe «Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes», 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) «Paroemiologia Anglo-Latina», 1640 жылы Дж. Хербергтің «Outlandish Proverbs», 1659 жылы Дж. Хауэльдің «Proverbs», 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің ‘English Proverbs» атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right (с.с.а.: Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі «Сэлфриджезді» (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде «Тһе сustоmег іs аlways гіgһt», яғни «әрқашан тұтынушынікі дұрыс» деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы «авторлы» тіркестердің мол қоры бар.

Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.

Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылғөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады./ 1/

Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.

«Тһеге іs а timе оf еvегуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).

Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.

Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің » То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn». (с.с.а.: Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген./9/

Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.

Мысалы, » Таке саrе оf реnсе апd the роunds will tаке саrе оf thеmsеlvеs» (с.с.а.: Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Маппеrs таке the тап», Маппеrs таке thе тап» (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты.

Мысалы,Good таппеss таке the а тап.

Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; If yои sit bу worthier тап thап thуsеlf аrt опе, Suffеr hіт fіrst tо tоисһ thе теаt (с.с.а.: Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.

«Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас» деген мақал. қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.

Мақал-мәтелдер – ауыз халық шығармашылығының кең таралған жанры. Мақал-мәтелдердің пайда болуының уақыты белгісіз, бірақ бірі дұрыс: мақалдар да, мәтелдер де көне заманда пайда болған, содан бері тарихының бүкіл бойында халыққа ілеседі. Мақал-мәтелдердің тұрақтылығына және еске алушылығына жететін көмегімен құралдарға да көңіл аударылады. Сондай құралдардың бірі – айқын немесе ассонансты ұйқас:

Little strokes tell great oaks

A stitch in time saves nine.

Мақал-мәтелдердің кәдімгі балансталған формасы ең жиі пайдаланылатын тәсіл, мысалы:

More haste, less speed

Easy come, easy go

Like father, like son.

Қысқалылық еске алынатын айтулардың маңызды аспектісі болып табылады. Тек ең көп емес мақал-мәтелдер көпсөзді, олардың көпшілігі бес сөзден тұрады:

Boys will be boys.

Dead men tell no tales.

Better late than never.

Practice makes perfect.

Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдерге жалпы қабылданған көзқарас құрылған жоқ.

Кейде мақал-мәтелдер астында өмірдің әртүрлі құбылыстарын бейнелейтін және аяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл сөздер түсіндірілді. Мақалдар аяқталған пікірді белгілйді.

Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқа бейнелі нақыл сөздерді атайды.

Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерінде де, көптеген арнайы баптарда да, зерттеулерде де кездесуі мүмкін.

Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты айырмашылығы: мақал жалпы пікірді түсіндіреді, мәтел – пікірді жиілік мінезінде. Осы лингвистердің пікірі бойынша тек қана мақалдар емес, және де мәтелдер аяқталған сөйлем формасымен ие бола алады.

Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі болып саналады, мақал сияқты, бірақ дидактикалық мазмұнынан айырылған.

Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі:

When pigs can fly. When two Sundays come together.

When hell freezes over. The Dutch have taken Holland.

2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ,

ҰҚСАСТЫҚТАРЫ

2.1 Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерді топтастыру

Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары. Тіл білімінде ММ-дерді топтастырудың бірнеше қағидасы бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.

  1. Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай, топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С. Гварджаладзенің, Г.Л. Айшерсонның, B.C. Смиттің жинақтарында ағылшын ММ-дері әліпбилік тәсілмен түзілген, Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады.
  • Ұйытқы сөз арқылы (лексикалық энциклопедиялық) топтастыру. Зерттеу барысында белгілі паремиологтар А.Жигулиев, М.В. Буковская және бірқатар шетел ғалымдарының осы әдіске зор мән беретіндігі байқалды. Қажет тілдік бірлікті ұйытқы сөзге сүйене отырып, оңай тауып алуға болатындығын аталмыш әдістің ерекшелігі деп танимыз. Ал кемшіл тұсы жоғарыда аталған әдіспен пара-пар, өзара мағыналас мақалдар бөлек, ал, керісінше, лексемалары бір, мазмұны бөлек түрлері бір топқа енеді. Мысалы,

  • «Жуас түйе жөндеуге жақсы»,

    «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты»,

    «Түйе көп болса, жүк сыймас» тәрізді ММ-дер семантикалық алшақтыққа қарамастан, болғандықтан, бір тақырыптық топқа біріктіріледі. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілінде аталмыш әдіс бойынша құрастырылған MM жинағының жоқтығы анықталды.

    1. Монографиялық топтастыру. Мұнда MM жинақталған уақытына, кезеңіне, таралу аймағына орай жіктелген. «Пословицы, поговорки, загадки в рукописных сборниках ХІІІ-ХХ веков» және «Ақылдың көзі, Ташкент маңы және Сырдария жағалауындағы Қазығұрт пен Қаратау бөктеріндегі ежелден тұратын қазақтардың мақалдары» атты жинақтар монографиялық топтастырудың айқын үлгісі.
  • Генетикалық тұрғыдан топтастыруда ММ-дердің шыгу төркіні, белгілі бір халыққа, тілге қатыстылығы негізге алынады. М.Брагинскийдің жетекшілігімен жарық көрген «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері» жинағы осы генетикалық әдіспен түзілген.

  • Тақырыптық (тематикалық) топтастыру. Бұл қағида бойынша мақал-мәтелдер мән-мағынасына қарай топтастырылады. Зерттеу барысында көп жағдайда қазақ мақал-мәтелдерінің осы қағидамен топтастырылғандығы байқалды. Топтастырудың бұл қағидасы мағыналас мақал-мәтелдерді бір топтан оңай тауып алуға болатындығымен ерекшеленеді. Дей тұрғанмен, топтастырудың бұл жолы да кемшіліксіз емес. Біріншіден, көптеген мақал-мәтелдер ауыспалы мәнге ие болғандықтан, көп тақырыпты болып келеді де, оларды бір топ аясына енгізу қиындық туғызады. Екіншіден, көп мақал-мәтелдердің тақырыптық тобын айқындау да едәуір қиындық туғызады. Үшіншіден, мақал-мәтелдерді тақырыптық топқа саралау, топ жиынтығын құрайтын топшалардың жалпы санын айқындау, мақалдардың топ-топқа меншіктігін анықтау тәрізді мәселелерді шешу зерттеуші немесе жинақтаушының құзырында. Бірақ, жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан, мақал-мәтелдерді тақырыптық тұрғыдан топтастырған жөн деп ойлаймыз. Себебі, ізденуші немесе тілді үйренуші өзінің мақсат-мүддесіне орай қажет мақал-мәтелді тақырыбына қарап оңай тауып алады, әрі қолдануға да өте ыңғайлы, Мақал-мәтелдер табиғатын арнайы зерттеп жүрген тілші қауымға да аталмыш топтастырудың мәні зор екендігі айтпаса да түсінікті.

  • Мақал-мәтелдерді зерттеуге зор үлес қосқан белгілі паремиолог ғалым Г.Л.Пермяков жоғарыдағы топтастыру үлгілерінің кемшін тұстарын ескере отырып, мақал-мәтелдерді жүйелеудің жаңа бір принципін ұсынды. Бұл мақал-мәтелдерді инвариантты тақырыптық жұптармен (инвариантные тематические пары) топтастыру. Бұл принцип бойынша, мақал-мәтелдер тобы «жақсы — жаман», «кәрі-жас», «бай-кедей» т.б. деген тақырыптар бойынша жіктеледі. Мысалы: «Жақсыға айтсаң ұғар, Жаманға айтсаң күлер» тұлғасының ықшам, мазмұнының терендігімен ерекшеленетін тілдік орам «Жақсы-жаман» тобына енеді.

  • Академик Ә. Қайдар көп жылдан бергі ізденуі нәтижесінде этнография мен лингвистика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру принциптерін ескере отырып, қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне сәйкес, «Табиғат-Адам-Қоғам» деген идеографиялық классификацияны ұсынған еді. Бұл топтастыру бойынша «Табиғат» бөлімі төрт тараудан (жануарлар, өсімдіктер дүниесі, аспан әлемі, т.б), «Адам» бөлімі (адамның ішкі дүниесі мен сипаты, іс-әрекеті т.б.) он бір тараудан, «Қоғам» бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас, шаруашылық, кәсіп т.б.) жиырмадан астам тараудан тұрады. Соңғы аталған принцип ағылшын және казақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық ерекшеліктерін ашуға қолайлы.

  • Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Manners make thе man», (c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Әсіресе, ХІУ ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шартгарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, Good manners make the a man (c.c.a.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; Уou sit by a worthier man than thyselfs art one, Suffer him first to touch the meat (c.c.a.: Erep өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсан, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.

    Үй-жайға, отбасына қатысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі.

    Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дердің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байкалды. Мысалы, ағылшындар «My house is my castle» (c.c.a.: Өз үйім — қорғаным) десе, қазақ халқы «Өз үйім-өлең төсегім» деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.

    Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған және Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басқыншылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар «түнгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек» деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тән тарихи қалыптың, дәстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы » My house is my castle » тәрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.

    Ал, «өз үйім — өлең төсегім» тұрақты тіркесіндегі «өлең» лексемасына Э.В. Севортянның сөздігінде берілген анықтама бойынша аталмыш тілдік единица түркі тілдеріне монғол тілінен енген кірме сөз, «сулы, сазды жерде өсетін шөп; нәрлі, жұғымдылығы шамалы, жұмсақ шөп» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі танда бұл бейнелі орам «Біреудің байлыққа толы кең сарайында қысылып, қымтырылып отырғаннан гөрі өзіннің қарапайым, жұпыны төрінде көсіліп жатқанға не жетсін» деген ұғымда қолданылады. Жалпы алғанда, қос тілдегі ММ-дер арқылы берілетін негізгі ой біреу, яғни адамның үйіне деген ыстық сезімі мен үйдің адам өмірінде алатын орны. Бірақ осы ой ағылшын және казақ мақалында сол халықтың әдет-ғұрпына, салт-санасына, дүниетанымына байланысты пайымдаулар арқылы берілген.

    1. 2 Ағылшын және қазақ мақал — мәтелдерінің сипаттамасы

    Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай белігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

    Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақта тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды «коммуникативтік фразеологиялық бірліктер» деп атап, жеке қарауды ұсынады./21/ Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, «all is well, that ends well» (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқгалған істін бәрі жақсы), «Appearances are deceptive» (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алқамшы),

    «Better late than never» (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, «фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар» аясында қарастырды.

    Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақта тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.

    Осы «келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

    1. 3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал — мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

    Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмүнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. В.Виноградов мақал-мәтелдердің түрақты сөз тіркестерімен бірге зерттелуі қажет дейді. Өйткені олардың мағыналық бірліктері түрақты сөз тіркестеріндегідей дәстүрлі, сазды және дайын күйінде қолданылады.

    Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар тұлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталған, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері.

    Құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

    1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

    1)Make hay while the sun shines-

    Темірді қызғанда соқ.

    2)Let sleeping dogs lie –

    Жатқан жыланның құйрығын баспа.

    3)Cut your coat according to your cloth –

    Көрпеңе қарай көсіл.

    4)Catch the bear before you sell his skin –

    Қашпаған сиырдың ұзынан дәметпе.

    5)First think, then speak –

    Ойнасаң да ойлап сөйле.

    1. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;

    1)Never say die — Салық сұра кетпесін.

    2)Don’t count your chickens before they are hatced —

    Тігілмеген етігіңді мақтама,

    орылмаған етігіңді ақтама.

    1)Donft cross a bridge before you cote it- Байыбына бармай бал ашпа.

    2)Don’t hallo until you are out the wood -Асатпай жатып, құлдық деме.

    3)Don’t look a gift horse in the mouth- Алғанды білген-анайы, бергенді білген

    сыпайы.

    4)Don’t trouble until trouble troubles you — Жатқан жыланның құйрығын

    баспа.

    1. Шартты райлы сөйлем түрінде:

    1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар.

    2)If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.

    1. Болымсыз жай сөйлемдер түрінде:

    1)All are not friends that speak us fair — Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын сатар.

    2)All are not hunters that blow the horn — Мылтық ұстағанның бэрі аңшы емес.

    3)All are not thieves that dogs bark at — Ит үргеннің бәрі ұры емес.

    Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданады. Тіпті кейде сөз тастап кетіп отырады. Мысалы: «No sweet with out some sweat» деген мақалда бастауыш та баяндауыш та, ал «Ақыл-жастан, асыл-тастан» дегенде «Шығады» сөзі қалып қойған.

    Мақал-мәтел құрылыс жағынан сырттай ұқсас болып келгенмен, олардың мазмұнды түйіндеуінде, ойды шешуінде өзіндік ерекшелігі байқалады.

    Мақалдарда бір-біріне сай қарама-қайшы ұғымдар мен нәрселерді салыстырып, шендестіру арқылы ой-пікірді айқындау тәсілі басым болып келеді.

    Мысал:

    Ағылшын баламасы Қазақша баламасы
    «It is useful to lock the stable door, when the steed is stolen» «Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді, ырысы кеткеннің, иті үры

    кеткен соң үреді»

    Business before pleasure Еңбек түбі-бейнет,

    Бейнет түбі-зейнет.

    East or West, home is best Туған жердей жер болмас,

    Туған елдей ел болмас.

    Great boast, small roast Сөзге көп-іске жоқ.
    No sweet with out some sweat Жылай-жылай жер қазсаң,

    Күле-күле су ішерсің.

    Мақал-мәтел тұлғасына тән дәстүрлі тұрақтылық (оны паремиология «клише» деп атайды.

    Қаншама берік және тіл үшін нормаға айналған стандарт болса да, абсолюттік ұғым емес, ол тілдің тарихи дамуына байланысты, көрші тілдердің әсерінен, сондай-ақ тілдің ішкі даму заңдылықтарына сәйкес, стильдік қолданысқа сөз зерерлеріне сөз саптау шеберлеріне байланысты ертүрлі өзгерістерге түсіп отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің жалпымазмунына, мағынасына, бүкіл тіркеске негіз дәнекер болып тұрған образ бейнеге бөленденуі сан келтіре қоймайды./25/

    Мақал-мәтелдердің осылайша әртүрлі өзгерістерге, түлғалық модификацияларға үшырауы салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-ақ рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар деп атаймыз.

    Мақал-мәтелдерден біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын, салт-дәстүр, әдет-ғүрып, наным-сенімін, т.б. туралы бай информация табамыз.

    Қазақ мақал-мәтелдері мал шаруашылығына, саятшылық-құс баптауға, кей кездері егіншілікке байланысты болса, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерінің көп бөлігі бағбаншылық саласын қамтиды.

    Мысалы:

    Ағылшын Мағынасы Қазақша баламасы
    The rotten apple injures its nature Шірік алма табиғатын бұзады Бір құмалақ бір қарын майды

    шірітеді

    Acorns were good till bread was founded Адамның

    тоғышарлығына

    байланысты

    Тойғанда тоқтының еті топырақ татиды. Қарын тойса, қарта әлем сасиды.

    Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа көз болса бірте-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналады. Шекспирден алынған кейбір үзінділер қазақ тілінен өз баламаларын тауып жатады: Brevity is the soul ofwit- Аз сөз-алтын.

    Rieh gifts are poor when givers prove unkind –

    Ғайыптан тапқан алтыннан ақсақал берген бата артық, қайыры жоқ жақыннан жаңы жақсы жат артық.

    Ағылшын Мағынасы Қазақша баламасы
    A little learing is

    dangerous

    To err is human

    Who shall deeide

    When doetors disagree

    Шала оқу қауіпті Жол білмеген

    адастырады,

    Жөн білмеген

    шатастырады.

    Жаңылмас тұяқ жоқ.

    Ауру азайса, тәуіп

    ауырады.

    деген сөздерде де дәл аударылады.

    Тілі бар халық, халық,

    Тілі жоқ халық-балық. (Шерхан)

    Талап, еңбек терең ой,

    Қанағат, рақым ойлап қой,

    Бес асыл іс, білсеңіз. (Абай) /43/

    Адасқанның алды-жөн,

    Арты-соқпақ. (Абай)

    Ағылшын ауыз әдебиетінде көп кездесетін кейіпкерлер мақал-мәтелдерден де өз орындарын тапқан.

    Ағылшын Мағынасы Қазақша баламасы
    A good Jack makes a good Jill Жақсы ер адамның әйелі де жақсы Жақсы әйел жігітке

    біткен бақ,

    Жақсы жер, жайлы

    қамыс алтын таң.

    Жақсы әйел теңі жоқ

    жолдас, түбі жоқ сырлас.

    Jak off all trades and master of none Әр істің басын шалу Аузымен астау шапқан, қолымен жаңқа жара алмас.

    Қай халық болмасын, билік пен байлыққы сүйенген абырой-атақты мысқылдап отырған. Ағылшын тілінде бұл қаһарлы Цезарьдың атымен байланыстырылса, қазақ әдебиетінде бай-болыстарды мысалға келіп еді.

    Ceaser`s wife is above suspicion Цезардың әйелі күдіктен жоғары Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.

    Әр халықтың тәлім-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдері сол халықтың менталитетінен хабар береді.

    Ағылшын Мағынасы Қазақша баламасы
    Leopard can not change his spots Колбарыс өз дақтарын өзгерте алмайды. Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді не Қара киізді қанша жусаң да ағармайды
    As hungry wolf Аш қасқыр Аштық ас талғатпайды

    ҚОРЫТЫНДЫ

    «Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаты» деп аталған тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары және айырмашылықтары айқыңдалды. Сондай-ақ, зерттеу нысаны болып отырған тұрақта тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне, әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды. Этнолингвистика ғылымының бастау алуы, қалыптасу кезендері, қазақ және ағылшын тіл білімінде зерттелуі де осы тарауда баяндалды.

    Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады:

    • мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп, көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым, қорытынды пікір жасалмайды;
  • ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде қарастырылады;

  • мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз т.б.) қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап болады;

  • мақал-мәтелдердің тұлғасының тұрақтылығы мен тілде бұрыннан «дайын» материал ретінде қолданылатын сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді;

  • этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың жалпы тіл білімінде нақты сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердің тілдік сипатын сараптап қана қою жеткіліксіз, олардың ұлттық ерекшеліктерін, этнолингвистикалық сипатын ашу — бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі;

  • мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық табиғатын айқындауда Табиғат — Адам — Қоғам» деп аталған үш бірлестікгі қамтитын идеографикалық классификация тиімді;

  • бірқатар қазақ және ағылшын макал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалды, абсолютті эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлері де кездеседі;

  • ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құралса, қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі, не бірнеше тармақты болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады;

  • кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің күндерегі қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен, яғни Майқы, Төле, Әйтеке есімдерімен, Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б. шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгілерімен, қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен, жұмбақтар және діни мазмұндағы шармалармен, тығыз байланысты;

  • ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің, атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі;

  • туыс емес тілдердегі бірқатар мақал-мәтелдердің өзара мағыналас болып келу қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің, көзі жетіп, кекейіне түйген ой-тұжырымдарының ұқсастығымен, астастығымен байланысты;

  • тіл-тілдегі макал-мәтелдер әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен әдет-ғүрпы, салт-дәстүрі жөнінде ақпарат көзі, яғни дүниненің тілдік бейнесі болып табылады;

  • әртектес тілдердің мақал-мәтелдерін салғастырмалы түрде зерттеу жұмыстары жалпы тіл білімін теориялық тұрғыдан соны тұжырымдармен толықтыра түседі және кейбір практикалық мәселелердің шешімін табуына септігін тигізеді.

  • ГЛОССАРИЙ

    1) My house is my castle- Өз үйім-өлең төсегім

    2) Good mаnnеss tаке the а mаn- Адамды адам ететін оның әдептілігі

    3) Make hay while the sun shines- Темірді қызғанда соқ

    4) First think, then speak — Ойнасаң да ойлап сөйле

    5) Let sleeping dogs lie -Жатқан жыланның қүйрығын баспа

    6)Better late than never- Eштен кеш жақсы

    7)Time is money-Уақыт -білгенге қазына, білмегенге -быламық

    8) Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me-Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді

    9) Don’t trouble until trouble troubles you — Жатқан жыланның құйрығын

    баспа.

    10)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар

    11)Take care of pence and the pounds will take care of themselvesТеңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер

    12) The rotten apple injures it`s nature- Бір құмалақ бір қарын майды

    шірітеді

    13) Ceaser`s wife is above suspicion- Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін

    14) All are not friends that speak us fair — Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын сатар

    15)All are not hunters that blow the horn — Мылтық ұстағанның бэрі аңшы емес

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Иностранные языки в школе//2005
  • Мақал – мәтелдерде ағылшын сабағына қолдану// Иностранные языки в школе, 2005, 3

  • Smith W. С, Сowie А.Р., Маскіn Rаnd Мс.Саіg І.К., Тауlог А., Whiting В.J., Seidi J., Мс Моrdiе W., Ridout R. Аnd Witting С, Аррегsоn G. L., Lindа аnd Rоgеr Ғlаvеll, А.В. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалары қолданылды.

  • Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал – мәтелдердің синонимдік мәні// Қаз ҰУ Хабаршысы – Филология сериясы // N 3- 2003

  • Аргингазина Ш.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика – семантикалық сипаты// Алматы – 2004

  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің синонимдігі// АГУ им. Казахстанская филология: проблемы и перспективы. – Алматы – 2002

  • Ағылшын – қазақ тілдеріндегі кейбір ұқсастықтар туралы // Қазақстан

  • мектебі – 2001, N 3

    1. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі сөздіктер, 2001
  • Адамбаев Б. Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық және мағыналық ұқсастықтары //Алматы-1996, 17 б.

  • Словарь употребительских английских пословиц//Москва-1985

  • Иманбаева К. Мақал-мәтелдерді қолдану//Ағылшын тілі мектепте,

  • 2006,№ 3

    1. Жабықбаев М.Қ. Мақал – мәтелдерді ағылшын сабағында

    пайдалану//Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері// № 3, 2005

    1. Кеңесбаев I. — Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер.- Алматы: Ғылым, 1987. — Б.22.
  • Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. Воронеж: Изд-во Воронежского университета,1989. -192 с.

  • Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты: Докт.дисс. Алматы, 1997. -260 б.

  • Айтбаев Ә.Ө. «Аудармадағы фразеологиялық құбылыс» — Алматы: Ғылым, 1975. -14 б.

  • Современный русский язык.(Под ред. Д. Э. Розенталя)- М.: Высшая школа, 1979.-С. 56)

  • Сәрсенбаев Мақал – мәтелдердің аударылуы//Алматы-1998-177

  • Бейсенов Қ. Қазақ топырағыңда қалыптасқан ғақлиятты ой кешу үрдістері. Алматы: Ғылым, 1994. -168 б.

  • Морозова Л.А. Художественные формы пословиц // Вопросы жанров русского фольклора. Москва: Изд-во Московского университа,1972. -с.3-16.

  • 21.А.В. Кунин Мақал – мәтелдердің құрылымдық-мағыналық ерекшеліктеріндегі «коммуникативтік фразеологиялық бірліктер//М., 1981-77

    ҚОСЫМША

    ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

    Ағылшынша Қазақша
    All are not saints that go to church Мазарға барғанның бәрі ишан емес
    All are not hunters that blow the horn Жылтырағанның бәрі алтын емес
    All bread is not baked on one oven Бес саусақ бірдей емес.
    All covet, all lose Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді
    Appearances are deceptive — never judge from appearances; the devil lurks behind the cross; the still sow eats up all the draff; dumb dogs are dangerous Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында;

    Сырты жалтырауықтыц іші калтырауық

    As the fool thinks, so the bell clinks Жарымға жаза жок, Жындыға сот жоқ
    At open doors dogs come in Ашық тұрған есіктен ит те кіреді,

    мысық та кіреді

    The belly has no ears;

    hungry bellifes have no ears

    Аш бала тоқ баламен ойнамайды,

    Тоқ бала еш нәрсені ойламайды.

    Қарны аштың — құлағы керең

    Blind men can (should) judge no colours Соқыр адам бояу ажыратпас
    Blushing is virtue’s colour Ұялу — сыпайылык белгісі
    Calamity is man’s true touch stone Дос, басына іс түскенде танылады.

    Адам мен адам токшылықта бір кездеседі,

    Жоқшылықта бір кездеседі

    A carper will cavil at anything. Брюзга ко всему придирается Жаман теке сүзіскек, Жаман жігіт ұрыскақ
    A clean hand wants no washing Ары тазаның— жаны таза
    Cowards die many times before their deaths Қоркақ күнде өлeді
    Despair gives courage to a coward Қорқакты қуа берсең батыр болады
    The devil is not so black as he is painted; the devil is not so ill than he’s called; the devil is no worse than he’s called; the lion is not so fierce as he is painted Сайтанның затынан аты үрейлі
    No sweet without some sweet Төзе алмасаң бейнетке. Қалың жетпес зейнетке
    Business before pleasure Алдымен жұмыс, содан соң тыныс
    Jack off all trades and master of none Әр істің басын шалғаның – нәтижесіз қалғаның
    Little strokes fell great cars Еңбек етсең – емерсің
    Bread earned hard work is sweet Ашы еңбектен тәтті нан
    If you want to get rid of poverty the work;

    If you want to be rich – work

    Кедейлік кетсін десең – еңбек ет, молшылық жетсін десең – еңбек ет
    A friend in need is a friend indeed Ерді кебенек ішінде таны
    A man can dire but once Ер жігітке екі өлмек жаз
    Cowards are cruel Қорқақ — мейірімсіз,

    Жаман — қайырымсыз

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.