Жаңа сабақтар

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнек терді түрлендіру

Қызылорда қаласы, Т.Рысқұлов атындағы № 222 орта мектептің

математика пәнінің мұғалімі Махмутова Самал Ақатайқызы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В: Қысқаша көбейту формулалары Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп
Күні: 6.03.2020 ж Мұғалімнің аты-жөні: Махмутова С.А
Сынып: 7 в Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтақырыбы: Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары 7.2.1.15 Қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

— есепті тиімді тәсілмен шешуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады; Басым көпшілігі:

— қысқаша көбейту формулаларын алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерде қолданады;

Кейбірі:

-тепе-теңдікті қысқаша көбейту формулаларының көмегімен дәлелдейді.

Бағалау критерийлері Білім алушы:

-қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді ықшамдай алады;

— қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы теңдеулерді шешеді;

-қысқаша көбейту формулалары арқылы тепе-теңдікті дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

— қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;

— ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;

— көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді;

— көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

— қысқаша көбейту формулалары, көбейткіштерге жіктеу, ортақ көбейткіш,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

екі өрнектің квадраттарының айырмасы …. тең,

екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты …. тең,

екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы … тең,

екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) …,

берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін … қолданамыз

Құндылықтарды дарыту Құрмет құндылығын бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы;

ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар Көбейтінділерді көпмүшеге түрлендіру тапсырмасында оқушылар жаңа терминмен танысады. Осы қазақ тілі пәнімен байланыс тапсырмасы ретінде қарастырдым.
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақтаны ақпаратты ұсыну және оқушы жауабын тексеру құралы ретінде қолдану
Бастапқы білім Дәреженің қасиеттері, қысқаша көбейту формулалары
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Психологиялық ахуал орнату:

Оң жақтағы көршіңе бір күлімдеп,

Сол жақтағы көршіңе бір күлімдеп,

Шуақ шашып күлімдеші бәріне

Бүгінгі күн сәтті өтсін деп тілеп!

Үй тапсырмасын тексеру

№14. у-тің қандай мәнінде

  1. (5a — y)2 = 25a2 — 2ac + 0,04c2 Ж: у= 0,2с
  2. (0,5a + y)2 = 0,25a2 + 6ab + 36b2 Ж: у= 6в
  3. (y – 5c)2 = 0,64a2 — 8ac + 25c2 Ж: у= 0,8а
  4. (1.4a + y)2 = 1,96a2 + 16,8ab + 36b2 Ж: у= 6в

теңдігі ақиқат болады?

Оқушылар «сағат тілі» бағытымен дәптерлерін алмастыра отырып, дайын үлгі жауаппен тексереді және «бағдаршам» түстері арқылы өзын-өзі бағалайды. Егер барлығы дұрыс болса- жасыл түс, қатесі болса- қызыл түсті көтереді.

Ал, енді балалар, үстел үстіндегі кеспе қағаздардан алыңыздар және бірдей мақал- мәтелдер арқылы 4 топқа бөлініп отырыңыздар.

(оқушылар мақал- мәтелдерін оқып, әр топтан бір- бір оқушы аналарымыз бен қыздарымызға тілек айтады)

Интерактивті тақта

Бағдаршам түстері

Кеспе қағаздар

жеке жұмыс

5 минут

«Ой қозғау». Кейбір қысқаша көбейту формулалары шамамен бұдан 4 мың жыл бұрын белгілі болған. Вавилондықтар және басқа да халықтар бұл формулаларды ауызша және геометриялық түрде тұжырымдаған. Евклидтің қандай кітабында қысқаша көбейту формулалары геометриялық түрде берілген. Берілген тапсырмаларды дұрыс шығарсаң, сол кітаптың аты шығады.

жеке жұмыс «Сәйкестендіру». Табылған жауапқа сәйкес келетін әріптерді жазыңыз.

1 36х2-81у2 (2-х)(2+х) С
2 3х5-7х4 (4х-3у)(16х2+12ху+9у2) М
3 4-х2 (6х-9у)(6х+9у) Б
4 (а+в)2-5а-5в (а+9)(3а+9) А
5 ах+вх+сх х4(3х-7) А
6 64х3-27у3 (а+в)(а+в-5) Т
7 (а+9)2+2а(а+9) х(а+в+с) А
1 2 3 4 5 6 7
Б А С Т А М А

Жауабы: «Бастама»

Мұғалім жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылар тақырыпты анықтайды.

Тапсырмада нені орындадыңыздар ?

(Қысқаша көбейту формулалары арқылы өрнектерді түрлендіру)

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы?

(Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау)

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа шығып, сабақтың мақсатын анықтайды.

Тақырыпқа шығу, мақсатты анықтау

Таратпа қағаздар
Сабақтың ортасы

3 минут

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы «Қатені тап»

жұптық жұмыс

«Қатені тап» тапсырмасында оқушылар қысқаша көбейту формулаларын қайталап, естеріне түсіреді.

1.

2.

3.

4.

5.

Кері байланыс:

Барлық қателерді таба алдыңыздар ма?

Топта өзара бағалау жүргізіледі.

Таратпа қағаздар
10 минут Ұжымдық жұмыс

1-тапсырма.Теңдік орындалатындай * орнына бірмүшелер қойыңыз.

2-тапсырма.Өрнектің мәнін табыңыз:

мұндағы Ж: 8

, мұндағы Ж: 81

3-тапсырма.

Өрнекті тиімді тәсілмен есептеп, төменгі тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екендігін анықтаңыз:

Ж: 15960

  1. Жұп (+)
  2. 5-ке еселі (+)
  3. 3-ке еселі (+)
  4. 38 санына қалдықсыз бөлінеді (+)
  5. 210-ға бөлгенде нәтижесі 75-ке тең (-)

Топтар «әткеншек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Таратпа қағаздар
Оқулықпен жұмыс

9 мин

Тақтамен жұмыс

Оқулықтағы № 35.20 жаттығу

Жеке жұмыс

8 минут

Әр оқушының тақырыпты қалай меңгергенін тексеру үшін төменгі тапсырма ұсынылады. Бұл тапсырма «Жасырын дифференциация» әдісімен құрастырылды. Әр оқушы кез келген бағандағы немесе жолдағы немесе диагональда орналасқан 3 есепті таңдап шешеді. Тапсырмаларды 1-ші орындап болған оқушы – «Сыныптың үздік математигі» атанады және медаль табысталады.

Санды өрнектің мәнін табыңыз: Теңсіздікті шешіңіз:

(х — 4)(х + 4) — х2 — х > 0

Тиімді тәсілмен есептеңіз:
Теңдеуді шешіңіз: Тиімді тәсілмен есептеңіз: өрнегі 19- ға қалдықсыз бөлінетіндігін дәлелдеңіз.
Стандартты түрдегі көпмүше түрінде жазыңыз: Теңдеуді шешіңіз: Көпмүщелерді көбейткіштерге жіктеңіз:

х2 — 64

Уақытынан бұрын, барлығын дұрыс орындаған оқушыларға қосымша тапсырма беріледі:

2.

Таратпа қағаздар
Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі арқылы

1. Маған ұнағаны

2. Мен үшін құнды болғаны

3. Қиындық тудырғаны

4. Үйренгім келеді

5. Ұсынысым

Үй жұмысы № 29

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы
Топтық, жұптықжұмыстардыбір-бірінеқолдаукөрсетіпкөмектеседі.

Жеке тапсырмаларды саралай отырып орындайды.Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма дайындалады.

Өзара, өзін-өзі бағалайды. Мадақтау, «бағдаршам»,кері байланыс Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал орнатылады. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.